Әншейін жазылатын ілтипаттар

Егер шетелдік ішпиендер кенет @KILYZAMAN -ды жұмыстан шығарып жіберіп, қазақтарға өз бетінше барлау жасаса — олар туралы жалған түсінікке тап келер еді. Мысалы, қазақтардың әлеуметтік желілердегі бірі-біріне жазатын ілтипаттарды көріп, бұ қазақ деген халық — Елисей алаңында әдеби ертеңгіліктер ұйымдастырып, Булон тоғайындағы түскі саятшылықтан эстетикалық ләззат алып, ал кешке міндетті түрде балет қарайтын ел екен деп ойлап қалар еді. Лібә, Фейсбуктегі Аманқосты алқаш трактористтер, былғанған жолдар мен електір өмірі бармаған ауылдан шықты десең, өзіңнің бетіңе тарқылдап күліп кететін шығар, әнасс. Хуле нақ, лебіздері мен ілтипаттарынан — пәтері Трафальгар қақпасына тура қарап тұр деп ойлайсың.
Очм, паразит ілтипат-лебіздер:
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #13: СЭС-тің үкімі

Монах Бертольд Шварц атындағы химия институтының лаборанты тасы дір етіп, көті қарауытып кетеді: мынабір ұнтақта алюминий — нормадан 15 есе, тантал — 2 есеге, цирконий — 6 есеге, темір — жалпы ұнтақты өзін толайым темірден тұрады десе де
Әрі қарай

Сұрақ, Гүлістанға (она же - Цветочная Фея, она же - Ира "Таганрогская")

Гүл егетін амиголар мен амигошалардан өтініш!

Қазақтар ішіп-тышып, қиратып, шөп шықпайтын қылып өртеп кеткен жерді арендаға алып отырмыз. Қылмысты деуге келетін қарекеттен зардап шекккен Жер-мақандағы осы учаскені ең болмаса гүлмен көмкеріп қойсақ деген халал ой келді. Амал не: біріміз — сыбаршек, біріміз — тас қалаушы, біріміз — тіпті қойым білед нақ, әйтеуір біздің баланста жүрген бейшара.
Әрі қарай

Пәрөл ұмытпау амалдары

Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

Шығу тарихы

Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.
* Орал казактарының сөзі
Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...

VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.

2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...

Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.

3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...

Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.

4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдарыМінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.  Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Әрі қарай

"Күнәһардың" күнәсі

Арнайы "Үздік киномінші" байқауы үшін

"… Бір кино көрсетпей қайтармаймын!
Көрерменге Люмерлерді сағындыртам,
Бла-бла-бла-бла-бла-бла..."…
деген сияқты — пафосқа толы кіріспемен бастағым келген әуелде, херметті хуйреремендер мен охуйрмандар.
Әрі қарай

Орындалған арман немесе "Гулянкаға" көлікті жаяу іздедім

… Ол кәдімгідей арман болатын. Алғашында қалай жүзеге асыратынымды білмедім. Ол деп отырғаным – менің ойыма алғаным. Маған көмектесе алады-ау дегендерге айтып та көрдім. Басында біразы күлді – «Қайдағы, олай істей алмайсың ғой». Біразы біртүрлі қарады. Жә, көп созбай, қысқасын айтайын. Бірінші курста оқып жүргенде-ақ «осыдан үйлену тойымдағы қыдыруда тек бірыңғай көліктермен жүрмесем ба!» деп түйін жасап қойғаным бар. Бірақ, содан бері, үйленгенше бірнеше жыл өтіп кетті, оның үстіне той алдында алаңдататын көптеген түйткілдер бар дегендей, бұл арманым көмескілене бастады. Ұмытып та қалдым. Тек, оқта-текте көшеде өтіп бара жатқан жас жұбайлардың көліктер тізбесін көргенде ғана көкірегімнің түбінде қатталып жатқан ойым бас көтеретін…

Хош, жасым 27-ге келіп, Жаратқан Алла сәтін салып, үйлендім. Ауылтойды өткіздік. Содан соң үлкен тойға дайындық басталып кетті. Ата-анам, әулеттің үлкендері тойхана мен дастархан, қонақтар жағын ойласа, мен өзімнің ұмытыла бастаған арманымды жүзеге асыруға кірістім. БМВ! Тек қана БМВ. Иә, иә, «Бэха» аталып кеткен 5-ші үлгідегі осы бір көлікке сонша ынтықпын. Жастайымнан.

Менде бір керемет сюжет бар...: Орындалған арман немесе Гулянкаға көлікті жаяу іздедім

Жалпы, менің ойымша, бесінші үлгідегі БМВ — седан көліктердің ішіндегі ең бір жарасымды, ең бір мықты әрі жүйрігі саналады. Көз алдыңызға елестетіңізші: таңғы сағат 5. Бозарықтың тақтайдай тегіс тасжолы. Астыңда БМВ. Ызғытып келесің. Газдың акселераторын басқан сайын алға жұлқыған көлік сені орындықтың арқалығына жапсыра түседі. Қанша алға ұмтылсаң да бәрібір кеудеңнен басқан қарсылық күші қоймайды. Ал оның құмыға шығатын гүрілдеген даусын айтсаңшы, шіркін! Кез келген «Мен!» деген ер жігіт сүліктей қара, сыланып тұрған «Бэханы» көргенде жай тұра алмаса керек. Олай болмаса, маған кел. БМВ-ның басты қарсыласы — «отандасы» Мерседес саналады. Мерседес те жаман мәшине емес. Оны да қолы жеткен мінеді. Бірақ, дәл менің өзіме Мерседес — ақ көйлекті, ақ жағалы, кеңсенің адамдары мінетін, ресми шаралардың көлігі секілді болады да тұрады. Тек сызылып мінуге арналғандай. Ал БМВ-ның жөні мен үшін мүлде бөлек.

Хош, содан тойға деген дайындықтың шыжығы басталып кетті. Жұмыста істейтін жігіттің БМВ-сы бар. Әзірге қолда бары сол ғана. Не істеу керек? Іздеу керек! Табу керек! Біраз бауырларым құлағдар болған соң үдесінен шығу керек қой серттің? Жә, басқаларды қойғанда, өзімді қайда қоям..? Басқаларға күлкілі естілер, бірақ, менің сол кезде жағдайым онша езу тарттыра қоймайтын. Үлкендерге айтпадым бұл ойымды. Қарсы болары әу бастан белгілі. Ең алдымен көпшілікке танымал «Шара-Бара» газетіне барып жарнама бердім. Жақындарымның таң қалғаны әншейін болып қалды сол кезде. Жарнама қабылдайтын орыс қыздардың маған тіпті біртүрлі көзбен қарағанын көрсеңіз. Оларды түсінуге болады. «Гулянкаға» көлікті газет арқылы іздеген адамды алғашқы рет көріп отырған болар. Тас лақтырсаң, арнайы ақысына қалаған жеріңе баратын ақ Мерседеске тиетін ол кезде («Геленваген» деген «мода» бертінде пайда болды. Тағы да Мерседес..!) Содан, «Требуются БМВ 5-модели для гулянки» деген мазмұндағы жарнаманы екі айға беріп шықтым. Ең қызығы енді басталды. Газетті оқып, хабарласатындар аз болатынын білемін. Сондықтан көше аралауға шықтым. Иә, кәдімгідей көше араладым. Шымкенттің көшелерін. Бала кезімде ертегі оқығанда «Содан, Ер Төстік қолына темір таяғын алып, аяғына темір етік киіп, жолға шықты» дегенді оқушы едім. Сол жолдар есіме түсе берді. Дәл өйтпесем де табаны қалың кеды киіп алдым. Қолымда темір таяқ емес, қағаз, қалам және ақшам бар. Сәтін салғанда еңбек демалысымның соңғы күндері болатын. Таңертеңнен қара кешке дейін боспын. Өзіме ұнайтын көлік іздеп жүрмін. Қырсыққанда сүліктей қара БМВ-лар тоқтамайды-ау..! Барлығы да көшемен ызғытып кетіп бара жатыр. Ал тоқтап тұрғандарының түсі әр түрлі. Қызыл, жасыл, көк дегендей. Әйтеуір, түс ауа бір қара Бэханы көрдім. Қасына жайлап барып, тап бір ұрлыққа түсетін адамға ұқсап, жалтаңдап тұрсам бола ма? Енді дәл осылай боларын кім білген. Параққа «айып етпеңіз, көлігіңіз «гулянкаға» қажет болып тұр. Ақшасын төлеймін. Мүмкіндік болса, хабарласыңыз» деп, ұялы телефонымның нөмірін қосып жаздым да, көліктің есігіне қыстырып, тұра қаштым. Ұяттан қысылып барамын. Ешкім көрмей тұрғанда, «Әй, неғып жүрсің?» демей тұрғанда кетіп қалғым келді. Өстіп-өстіп, бойым үйрене бастады. Өтірік болмасын, оншақты БМВ-ны іздеп тауып, қағаз қыстырып шықтым. Алғашқыдай, бұқпантайлаған жоқпын, тұра қашпадым (езу тартып отырғаныңызды сеземін).

Содан, арада бірер күн өтпей бір жігіт хабарласты. «Шара-Бараны» оқыпты. «Бұл қалай болар екен? Бұрын тек БМВ болып, «гулянкаға» шықпаған едім» дейді. Сұрастыра келе көлігінің түсі сүлік қара екенін, салоны таза былғары, дөңгелегінің дискісі — титан, көлемі 16 екенін білдім. Нағыз керегі осы емес пе? Оған қоса үнемі бірге жүретін досы да бар екен. Оның да БМВ-сы бар, түсі қара-көк екен! Құдай берді деген осы болар! Кешке қарай тағы да екі жігіт телефоныма қоңырау шалды. Олар автотұраққа қойып кеткен көліктерін ашқан кезде жерге құлаған қағазды көріпті. Алып оқыған соң ішек-сілеміз қатып күлдік дейді. Қызық болған соң хабарласып тұр екен. Мейлі, күлсе, күле берсін. Маған БМВ түгелдесем болды. Айтқандай, о баста 5 БМВ тапсам болды деп жүргем. Екі аптадан соң ұзын-саны 11 БМВ иелерінің аттары жазулы тұрды телефонымда. Құдайға мың да бір шүкір дей беремін қайталап. Енді маған солардың арасынан 7-еуін таңдап алу ғана қалды. Ал бұл, сізге — өтірік, маған — шын, оңай таңдау емес. Оның үстіне басында «көреміз» деп, кейіннен, той болатын күні хабарласқан жігіттер де болды. Әттең-ай, ол кезде 7 жігітпен келісіп қойған едім. Осы арада Байтұрсынов көшесінің бойындағы орындыққа қаптауыш тігетін шеберге риза болдым. Ол ақ БМВ-сымен қалыңдық пен күйеуді алып жүруі керек еді. Той өтетін күні шұғыл жұмысы шығып қалып, біраз әбігерге түсіп қалдық. Дегенмен, Құдай айдап, сол күні шеберханаға басқа бір жігіт ақ түсті БМВ көлігімен келе қалыпты. Сонымен келісіп, өзінің орнына жіберді.

Менде бір керемет сюжет бар...: Орындалған арман немесе Гулянкаға көлікті жаяу іздедім

Осылайша, той күні 7 БМВ болып, барлық жастарды жинап, қыдыруға шықтық. Бір ақ БМВ-ға жас жұбайлар мінген. Жолшыбай «өңім бе, түсім бе» дей бердім қайталап. Сол күні барлық ойлағаным сәтті шыққанына әлі күнге Аллаға шүкіршілік айтамын. Тек арада уақыт өткен соң ғана жүзеге сәтті асқан арманымның маңызы арта түсуде, орны ерекше білінуде. Сол күні орындала қоймағанда мен «гулянкасыз» қалмас едім, әрине. Бірақ, бір-ақ күндік сәт енді қайтып айналып соқпас еді… Сол күні маған қол ұшын созған жігіттерге, достарыма, қасымда демеу болған бауырларыма айтар алғысым шексіз. Мүлде бейтаныс шымкенттік жігіттердің бір кісідей жұмылғанын мәңгі ұмытпаспын. Аллаға мың да бір шүкір! «Бэхалар» бұзылмасын! Бауырлар аман болсын, достар жасасын!

Әрі қарай

Стақандастарым. Имам Қуатхан

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Имам Қуатхан

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Имам Қуатхан

— Әні, әні, айттым ғой әні, келе жатыр, келе жатыр!

Жылдап оталмағаннан әбден құтырып, тал болуға аз қалған арамшөптің ортасында отырған Қасым, кәнігі барлаушыларша сыбырлап қойып, менің иығымды төмпештей берді.

— Саған «айтқан жоқсың» деп жатыр ма біреу? Кетші-әй өзің! — дедім мен.
Әрі қарай

Стақандастарым. Полат.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Полат.

— Ыбааа шешесс, ыздрого беречислениемен береміз дейд нақ, бітті нақ бәрі! — деді Ико, қытайы шатыраш сөмкені туалеттің жанына атып ұрып.

Иә, бұл антұрған күні Ико бізді әдеттегідей — жарты қапшық әбілқайырлардың, абайлар мен шоқандардың суреттерімен қуанта алмады. Бірақ Иконың адалдығына сенуші едік: ешқашан адам ақысын жемейтін. Арамыздағы түріне адам қарауға шыдарлық сол болғасын, бейресми бастық қып сайлап алғанымыз болмаса, құдайына қараған, сенен, менен айырмашылығы жоқ абзал пяншік болатын.

— Жашаштық дұрыс бәрін, эмнеге бербейді екен, ой енеңң! — деді қырғыз Талай ептібайымайд, Иконың намысының жарасын тырнай түсіп.
Әрі қарай

Маған ұнаған ұзын әнек не қысқа әңгіме

Көктіреудің жерлеуі

«Ойбай, Көктіреу Әреңтұрғанов қайтыс болды!» — деп күрсінген елде есеп жоқ. Мәйітті жерлеуге алып жүрген көліктің артынан қара құрым қара мәшинеге сан жетпейді! Осынша қара көлік көктен түсті ме деп есің шығады. Сөйтсек, жерлеу кезінде көштен қалғысы келмегендер қызыл, сары, жасыл көңкелерін қараға сырлап, бояп үлгірмегені қара балшыққа көлігін бір аунатып алып қатарға қосылған екен. Қаралы митингте өксігін баса алмай, ардақты ағасына асыл сөзін арнаған ағайын сай сүйегімізді сырқыратты. Әсіресе, Көктіреу көкесінің арқасында адам болған Киізқазық Жергекіргеновтың, Майлыжер Жалағановтың, Көңілшек Көпбергенованың жүрек жарды жан айғайына егілмеген жан қалмады. Қаралы митингте қабырғасы қайысып, қайғыға батқандардың ішінде Кеңірдек Тоймағанов, Жалғанды Жалмағанов, Әділдік Көрмегенов, Әліпби Танымасов сынды еліміздің бетке ұстар белсенділері де болды. «Айналайын Көктіреу ағам-ай, енді көкті кім тірейді? Енді мені кім сүйрейді?!» — деп аңыраған Тіреусіз Жүреалмасовтың зарынан кейін, көрнекті ақын Арнаубек Одабайдың сөзіне жазылған Күйсыйлап Әнжазардың «Көшеде жатқан Көктіреу жоқ» атты патриоттық әнін елімізде ең көп сүйілген әнші Хошиіс Еміренгенова орындап бола бергенде, табытта жатқан Көктіреу көкеміз ризашылық өксігіне шыдамай шашалып, орнынан тұрып, өзі үшін өкіре жылаған көпке алғысын білдірді! Ақыры, ағасын қара жерге қимаған Майлыжер Жалағановты көкесінің орнына жерлеп, Көктіреу Әреңтұрғановты қолтықтап, қаралы қауым артқа қайтты. Бейіт басынан қайтқан ақ мәшинеде есеп жоқ! Жалт-жұлт етеді!

© Асқар Наймантаев
Әрі қарай