Егер сiздi бiреу сүйсе..
Егер сiздi бiреу сүйсе… Егер қатты сүйсе… Егер сiзде оны сүйетiн болсаңыз… Махаббат сезiмiңiздi алаулатып ұстауыңыз үшiн сiзге бiздiң бірнеше кеңесiмiз бар. Бұл оны сынақтан өткізуге кең мүмкіндік.Егер күрсiнсе не болғанын сұраңыз, тіл қатпаса да қоймай-қоймай қайта-қайта сұраңыз. Жауап бермесе ренжiп қалыңыз…
Оның болмас қателерiн оған таудай етiп көрсетiңiз, үш күн бойы одан басқа қозғайтын тақырып болмасын, әңгіме өзегі тек қана сол оның жіберген қателіктері болсын. Бұл ренішіңізді бүкiл достарыңызға жеткiзiңiз, олармен бетпе-бет көрiспесеңiз де телефон соғып айтыңыз.



