Махаббат туралы резюме емес
Шыны керек, бұл тақырыпқа бірдеңе жазу үшін міндетті түрде «бақыттымын» немесе «бақытсызбын» болмаса «жартылай бақытты сияқтымын» деген категорияға жаатындар жазбайды. Бұл тақырыпқа "үйленіп қойдым, болды менде бәрі жақсы" деп өмірбақи крест қоя алмайды. Бұл тақырыпқа «балалы-шағалы болдық, қайдағы сезім, оның бәрі жайына қалады» деген күннің өзінде әйтеуір жүрек түкпірінде бірдеңенің жасырынып жататыны рас. Общым, бұл тақырып, бей-жай нәрсе емес.
«Баяғыда бір жігітім болған, мені алмай кетті оңбаған, мен сондай керемет адам едім» дей де алмаймын. Ғайыптан тайып біреу пайда болады да, мені өзімен бірге болашаққа жетелей жөнеледі деген қиялдан да аулақпын. Осыншама уақытты босқа жіберіп алдым, қаншама берілген шанстарды құр жіберіп алдым деп те өкіндім. Бірақ, оның да уыты қайтыпты. Қазір барлық нәрсеге салқын, эмоциясыз қарайтын болыппын. (Салқын қарамағанда қайтейін деп едің, біреуді шауып алайын деп пе едің? Әрине, өз тағдырыңа өзің жауаптысың) деп шыға келетіндер де бар, шыға да беріңіз.
Баяғыда махаббат, сезім туралы әдемі бір түсініктерім бар еді. Қазір бұл туралы бірдеңе ойлау (күлкілі деп ұялып тұрғам жоқ), шынымен ары ойлап, бері ойлап көрсем, ештеңе де ойламайды екем.
Қызықты бір басымнан өткен жағдайлар да болмапты. Онда несіне езіп отырсың дейсің ғой.
Кейде басыма мына қыздың күйі келетіні рас. Жасырмаймын, осы жұрттарың қалай бір-бірін тез тауып ала қояды, қалай тез түсінісе қояды, қалай тез үйленіп кете салады деп таң қаламын. Әлде мен өзім боспын ба или шустрый емеспін бе деген ойлар да келеді. Сосын ойлаймын, «Е, құдай бұл екеуін қосып тұр ғой, сабыр, мүмкін менің уақытым әлі келмеген шығар» деп қоясың.
Бірде агентте отырсам 89-шы жылғы жігіт дружба предлагать етті. Менімен дос болғысы келетіндей, мұны соншама қандай қызығушылық алып бара жатыр деп қабылдап көрдім (қызық болсын деп). Сәлем деп қояды. Содан дежурный әбден шіріп, модадан қалған комплименттерін айтып болды. Сосын мен оған «Кешір, жасым 30-да еді» дедім серьезный жауап беріп. (Оның 89 жылғы екенін тағы бір еске салып).
— Ну и что махаббат жасқа қарамайды. Если что мен «Махаббат» ЖК-да тұрамын. Үйде ешкім жоқ, такси ұстап келсейші, — деп қояды. Сосын менде қарап тұрмай:
— Үйіңдегілер қайда кетіп еді? — дедім.
— Қонаққа.
— Ммм… Сен ылғи үйде ешкім жоқта осылай қыздармен танысып, шақырып жүресің бе? — дедім.
— Жоқ, тек сені ғана. (Осы жерде мырс етіп менімен қосыла күліп қойыңыздар)
Содан, не болды дейсіздер ғой, бұл жігіттің қылтың-сылтыңын көтеруге жүйкем шыдамай игнорды баса салдым. Сөйтіп, ойланып қоямын, осылай шақырса баратын қыздар бар-ау шамасы, әйтпесе мына жігіт олай айтпас еді-ау деп ойланып қалдым. Бір жағынан қыздың бағасы онсыз да түсіп кеткен заманда осы бір кішкене диалогқа бола неге сонша көңіл-күйім түсіп кетті, барсыншы ары деп қолымды бір сілтедім.
Өресіз жігіттердің төмендігі түңілдірмейді, қорқатыным, өзімнің ішкі ойларым. Мен үшін махаббат ол менімен қасымда қалатын, қандай қиыншылық болса да менімен бірге көруге бел байлаған жігіт деп түйіндедім. Бірақ, ол қайда жүр? Мәселе сонда, қалай іздеу керек, не істеу керек? Жігіттер дефицит заманда ана суреттегідей қыздың күйін кешіп қала беретінім болмаса, ешкімнің бағына көз алартқан емеспін. Тек Алладан мені де сондай бақытқа жеткізе гөр деп тілеймін.
Күйеуі бар, жігіті бар қыздарға қолда бар азаматтарыңның қадірін біліп, бағалаған үстіне бағалай беріңдер дегім келеді. Жұбын тапқан, теңін тапқан жандардың бәрі бақытты болсын!
Мирдағы достарымның арасында өзіммен тектес бір жанның барын білетінмін. Білгенмен, көңіл бөліп қарамаппын.Маған қазақи, иманды жігіт жолықса екен дейтінмін іштей. Өмірде біз ойлағандай бола бермейді екен. ОЛ тіпті мен ойлағандай жігіт емес еді… Бүгінде бір отбасы боп өмір сүріп жатырмыз. Көп сөйлеп созды демеші, Жансая. Айтпағым, маңдайға бұйырған бақ ешқайда кетпейді.Тек біреуге ерте, біреуге кеш жолығады.
Мирдағы достарымның арасында өзіммен тектес бір жанның барын білетінмін. Білгенмен, көңіл бөліп қарамаппын.Маған қазақи, иманды жігіт жолықса екен дейтінмін іштей. Өмірде біз ойлағандай бола бермейді екен. ОЛ тіпті мен ойлағандай жігіт емес еді… Бүгінде бір отбасы боп өмір сүріп жатырмыз. Көп сөйлеп созды демеші, Жансая. Айтпағым, маңдайға бұйырған бақ ешқайда кетпейді.Тек біреуге ерте, біреуге кеш жолығады.
Негізі, дұрыс, бағалау керек, бірақ соған тұрарлық адам болса, розовый очкиден біраааааз нәрсені байқамай қалуға да болады екен.
Меніңше сол ойлау керек, ойлағанда тек позитивный нарселерді ойлау керек, себебі ойлар материализируются (қазақшасын білмедім )