Асқар Жүнісбеков - Періштем

Асқар Жүнісбеков — Періштем

Көз ұшында ұзап кеткен
Көктем дейін көріктім.
Ғашық болу бәрі бірдей
Бақыт емес соны ұқтым.
Тағдырыма бола алмаған
Көз қуаныш арнам-ау.
Мүмкін емес, мүмкін емес
өзің жайлы ойламау.
Әрі қарай

Ұмыттың ба? (Б.Жамбозов)

1.Бал-бұл жанып жүздеріміз,
Жан емес пе ек, біздер егіз?
Жастық шақтың еншісіндей,
Жатыр сайрап іздеріміз.

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа,
Жас іркілді жанарыма,
Тағдыр бізді жақындатпай,
Алыстатып барады ма?
Әрі қарай

Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)

Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Әрі қарай

Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай

Қазақтай ел қайда?!

Қазақтай ел қайда
орындайтын: Музарт тобы

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Әрі қарай