Алдар Көсе жылы

Биыл Алдар Көсенің жұлдызды шағы болды десек болады. Ертегі кейіпкерлерінің ішінде ең танымалысы Алдар болған шығар. Сонымен, биыл:

«ХІ ғасырдағы Алдар көсенің бастан кешкендері»

Керекинфода бұл туралы бір-екі пост та жазылды.
Әрі қарай

Ең қорқынышты фильм?

Соңғы жылдары жарық көрген үрейлі фильмдердің ішінде ең қорқыныштысын, ең қатігезін, ең қандысын таңдайық. Соның ішінде бірнеше бөліммен шыққан франшизаларды дауысқа салсақ. Қайсысы бұт дірілдетіп, "Ма-ма" дегізіп іш киім ауыстыруға мәжбүрледі? Үздігін анықтайық.
Әрі қарай

Көңілсіз аяқтар



Желтоқсанның басты мульт туындыларының бірі — "Көңілді аяқтар 2" болғаны даусыз. Бірінші бөлімі өзгеден ерекше болып туған Мамбл есімді пингвинімен көрермендердің есінде қалып еді. Мамблмен бірге күлдіріп, бірге қайғыртып қойған авторлар екіншісін дәл сол деңгейде ұстай алмаған секілді.
Әрі қарай

Айша - тағы да бір құсық сериал



КТК арнасында жаңа сериалдың премьерасы болды.

Фильме шетелдік қылмыскерлер мұражайдан жымқырып кеткен «Алтын адам» экспонатын ұрлауға қатысы бар деген айыппен жазықсыз сотталған Айша деген қыз жөнінде. Онда еліміздің құнды жәдігерін қайтару үшін түрмеден қашқан қазақ қызының өршіл рухы мен Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты баяндалады.
www.ktk-tv.kz/kz/series/Aisha/

Тақырыбы осы. Ал жеткізілуі сол баяғы стильде. Мұңайған, жаттанды сөздер, төмен дәрежедегі актерлік ойын, нашар режиссура. Оқиғаларда байланыс жоқ, қалай өрбіп жатқанын көрерменнің өз фантазиясына қалдырған. Режиссерін өздеріңіз шамалаған шығарсыздар кім екенін?
Әрі қарай

Ертегі кейіпкерлері арамызда не істеп жүр?



Ерте, ерте, ертеде…

Әжелеріміз ертігіні осылай бастаушы еді ғой. Қазір ше? Қазір кішкентайлардың идеалдары басқа. Ал, ертегідегі батырларымыз бен хас сұлуларымызды Дисней қаһармандары, қиял-ғажайып кейіпкерлеріміз бен сиқыршы тұлғаларымызды фэнтези блокбастерлердің кейіпкерлері алмастырған. Фильм де сол жайында, осы мәселені толғайды.
Әрі қарай

"Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы


8-желтоқсанда «Бойқоңыр» («Байконур», «BAIKONUR») атты Германия-Ресей-Қазақстан бірлескен жобасының еліміздегі тұсау кесері өтті. Жабық көрсетілімде фильмнің режиссері Файт Хельмер (Veit Helmer) (Германия), ко-продюсерлері: Гүлнар Сәрсенова (Қазақстан) мен Анна Качко (Ресей), сондай-ақ жобаға атсалысқан актерлер және түсіру тобы қатысты.

«Фильм бұған дейін Германияда көрсетілді. Жалпы нәтижесі жаман емес. Бүгін қазақстандық көрермендердің назарына ұсынбақпыз. Бұл жерде ко-продюсер Анна Качкоға рахмет айтқым келеді, оның арқасында аса құпия саналатын Байқоңырдың „Роскосмосқа“ қарасты аумағында түсірілім жүргізуге мүмкіндік алдық», — деді неміс режиссері алғысөзінде.
Әрі қарай

Фавн лабиринті. Көңіл мен көзді қатар сендіретін Кино



IN CONSILIIS NOSTRIS FATUM NOSTRUM EST»
«БІЗДІҢ ШЕШІМІМІЗ – БІЗДІҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ»
Фавн лабиринтінің қақпасындағы жазу


«Теп-тегіс, жұмыр келген айналасы» /Абай/ туынды ілуде ғана, қанша жерден сапалы дегенмен, әлдебір тұсы көңілге қиыс келіп тұрады. Кірпік қақпай көретін фильм, бас алмай, күндіз-түні жата-жастана оқитын кітап, мың қайтар тыңдалса да жалықтырмайтын ән-әуен сирек кездеседі. Бірақ, кездеспей де қоймайды. «Фавн лабиринті» мен көрген сапасы аса жоғары саны аз жобалардың бірі болды.
Әрі қарай

Көліктер 2 (BDRip): Онлайн және жүктеп алу



Найзағай МакКуин мен оның досы Мэтр жаңадан қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткереді. Әлемнің ең маңызды да, айтулы жарысы — Әлемдік Гран-При басталмақ. Бұл сында Формула-1, NASCAR, Le Mans секілді барлық санаттағы жарысушылардың үздігі анықталмақ.
Әрі қарай