Ең қорқынышты фильм?

Соңғы жылдары жарық көрген үрейлі фильмдердің ішінде ең қорқыныштысын, ең қатігезін, ең қандысын таңдайық. Соның ішінде бірнеше бөліммен шыққан франшизаларды дауысқа салсақ. Қайсысы бұт дірілдетіп, "Ма-ма" дегізіп іш киім ауыстыруға мәжбүрледі? Үздігін анықтайық.

Ең қорқынышты фильм?

Бөлісу:

63 пікір

MickThatsMyNick
Қорқынышты фильмдерде кәдімгі өмірдегідей шынайылық болса әсерлі шығады. Өз басым паранормалды құбылысты таңдадым.
qisyq
Ең қорқыныштысы, ең қатігез, ең қанды — бұларды мен әртүрлі қабылдаймын. Мысалы, осы тізімнен мен үшін ең қорқынышты «Паранормальное явление» болса, ең қатігез «Поворот не туда», ал ең қанды «Хостел». Сосын «У холмов есть глаза» деген а-ля «Поворот не туда» (немесе керісінше)фильм бар. Бірақ, осылардың бәрі ұнайды.
omarbirat
Тізімдегілерден «Пиланың» бір бөлімін, «Поворот не туданың» оригиналынғ яғни біріншісін, «Обитель зланың» екіншісін, «Пункт назначенияның» біріншісі мен төртіншісін көрген екенмін. «Поворот не туда» мен «Пункт назначения» фильмдерінің бірінші бөлімдері ұнаған. Былай қатты дірілдеп қорқатын фильмдер болмады
«Обитель зла» мен үшін боевик, «Пила» треш болып көрінді.
e_zhalgas
Тізімдегі «Поворот не туда» мен «Спуск» жақсы! Ал, жалпы, «Шесть демонов Эмили Роуз» бен «Проклятье» деген фильмдер қорқыныштырақ деп есептеймін. Сосын, әлгі тұрқы мен келбеті жас қыз, ал шын мәнінде үлкен әйел туралы фильм (бар еді ғой сондай, аты есімде жоқ!) де әсерлі шыққан!
patick
Мен сауалнамаға тек бірнеше бөліммен шыққан фильмдерді алдым. Жалпы "әдемі" ужастиктер көп қой соңғы жылдары шыққан.
Gulzhanat
«Звонок» сияқты жапон немесе кәріс фильмдері ең қорқынышты. Бұл тізімде «Пиланы» көрсеттім. Хотя, скорее, қорқынышты дегеннен көрі, ең «жестокий» дегенге лайық. Қатты қорқып, сосын түнімен көз ілмеген фильмім «Сайлент Хилл»
patick
«Сайлент Хилл» фэнтези ертегі сияқты көрінді. Әсер бермеді.
Gulzhanat
Мендегі бурная фантазиямен Карлсоннан да қорқуға болады )
VKM
Мен қорқынышты фильмдерге бармаймын, сосын 5 күн+ есіме түскенде юхтай алмаймын. Маған жеңіл, мелодраммалар болмаса
e_zhalgas
саған — кәріс сериалдары!
VKM
сериал көруге нервім шыдамайды,қысқа, ары кетсе 3-4 серия болмаса. Корей, түрік, мексика сериалдарын,үнді фильмдерін воообще қарамаймын.ООрыс не америкалық болмаса.
monti
патик, Санктум кірмепті ғо, мен жаман, көріп біткенше, тұншығып біткем, еще 3Д, қатты әсер берді
patick
1. «Санктум» жанры бойынша ужастик емес.
2. Бірнеше бөлімнен тұратын франшиза емес.
monti
аа, өзіме қатты соққы болған реал сол ғана болд осы жылы, а так қатты ужастиктер көрмейм, псих. осындай қысымдард жақс көрем бірақ
Abilakim
Өзім «Спускты» таңдадым.Төбе шашың тік тұратын қорқынышты емес, неге екенін бірақ таңдадым
Abilakim
Қазақтар түсірген «Полигон» ужастик пе? синдром Кайнара жайлы
patick
ужастикке жасалған сәтсіз пародия
Erlan
1 еуінде көрмеппін, есімде қалғаны бала кезімде көрген Кошмар на улице Вязов
(A NIGHTMARE ON ELM STREET)
asaubota
ешқайсысын көрмеппін.
madlen
Сіз өзі кино көресіз ба?
satibaldi
Барлығы да өзінше тоқішек спазмасын шақыратын керемет фильмдер. Байқағаным, ересек адамдар психологиялық аспектілері бар, өзінің ауру пантазиясын жалаңаштап көрсететін фильмдерден көбірек қобалжиды, енді оны декалитр қанмен қорқыту күнделікті жаңалықтардан кейін мүмкін емес болып қалған сияқты. Бұл жөнінен Хичкок амигоны басып озған адамды көрмедім.
Шешесстің.
e_zhalgas
Кейбір рейтинг ұқалағыш американдық басылымдар ең қорқынышты хоррор ретінде «Сияние» (The Shining) фильмін таңдаған екен, уақытында.
satibaldi
Аталмыш тізімге «Жетімдер» мен «Аcтанаға көктем кеш келеді» атты біртуар шығармалардың кірмеуі мені тіпті ренжіткендей болып отыр(((
Zhan
Паранормальное явление — күндіз кинотеатрдан көріп келгем. Қорқу былай тұрсын, не көріп шыққанымды түк түсінгем жоқ. Бірақ сол күні түнде оянып кетсем, кәдімгідей миымда жатталып қалыпты. Екі күндей шамалы қорқып жүрдім. Қазір американдықтар көбіне азғын, қатігез, жүйкеге жаман әсер ететін нашар фильмдер түсіргіш болып кетті. Режиссерлерінде патологиялық ауытқу бар ма… түсінбедім. Гуманизм тақырыбынан шаршаса адамды «Пиладағы» сияқты сойып көрсету керек пе, түсінбедім… Оның үстіне, киноның бюджеті қампаяды, көрермен де осындай киноларға «ақшасын шығарып» барады.
patick
сұраныс болса — ұсыныс та бар
Zhan
«Человеческая многоножка 2» деген фильм ваще құсық. Сатыбалды айтпақшы, «авторын не только зынданға», сол киноны түсірген режиссерді де, актер-актрисаларды да атып тастағым келді.
Aizhantabyn
6 демонов Эмили Роуз деген кино маған ең қорқынышты.
Сосын, Сайлент Хилл! Есіме алсам, шошимын. Біз оны түнгі сеанста көрдік. Кинотеатр ниггерлердің ауданында орналасқан еді, прям кинодағыдай бәрі сондай қорқыныщты, жауын шелектеп жауып тұр, какой то бір бос ғимараттар. Таң атқанша ұйықтамадық.
Жоғарыдағылардың тек пиланы көрдім, сол үшін айта алмаймын.
dark_nazgul
«Кошмар на улице вязов» қайда?
dark_nazgul
мен бала кезімде сол фильмді көріп алып, біразға дейін дәретханаға бара алмай жүргем. Унитаздан қазір ана қолдар шыға келетін сияқты көрінетін.
Gulistan
Ешқайсысын да қарамаппын. Ескілерінен «Заводной апельсинді» жиіркене отырып қарағам. «Пиланы» бастап қарағым келген, шыдай алмадым.
omarbirat
«Заводной апельсин» хоррор фильм емес, білуімше. Стэнли Кубриктің ең жынды шығармаларының бірі деп қояды әйтеуір. Рецензия жазғандардікіндей әсер ала алмадым бірақ.
Armanjan
«У холмов есть глазаны» көрген соң түске кіріп, біраз дөңбекшіткені есімде.
Erlan
Ешқайсысын да қарамаппын. Ескілерінен «Заводной апельсинді» жиіркене отырып қарағам. «Пиланы» бастап қарағым келген, шыдай алмадым.

менде Петербургтың моргында адам сойған видеоны қарай алмадым, сотвыйда жүрген
Altygradus
1409 ұнаған.Қалай боп кетті не боп кетті деп қараған супер. Екі сіңліммен барып, инстиктивно бір бірімізді құшақтап, жабысып)))
Мыналардың ішінен Спускты таңдадым, себебі әсері мықты болған.
Пункт назначения жиіркенішті демесе, ну былай әсер ететін сценалары бар бірақ прям чтоб әсер ететіндей ондай емес, шыққасын бірден ұмытасың.Жапондық пропущенный звоноктар әлдеқайда қорқынышты сияқты.
AKY
Пункт назначения 2 түршіктіреді. Соны таңдадым.
Спуск-тан да қорыққанбыз, аздап.
Erlan
Теликтен қарағанда жиіркенішті жан туршігерлік болғанмен, шынайы өмірде еш ондай емес да? ))
Zilola
Катты коркытпаса да екi кун локсуга мажбурлеген фильм деп «Граница» канiшерфильмiн айтар едiм. Баскаларын нормы кабылдадым.
Сосын Шешендердiн орыс аскерiн кинаган видеолар.
araika
Паранормальное явление
— қорқынышты деп ойламаппын. Өткен жолы таңдауымның одан аттап өтіп, басқасына түскеніне қуанып отырмын
omarbirat
«Вий» фильмін көргенде әйтеуір бір ене мүшесі дірілдеп қорыққан қанша христиан бар мұнда?
omarbirat
ене мүшесі
дене мүшесі
Gastarbaiter
бір ене мүшесі дірілдеп
клава ханым тоқ етерін айтқысы келген ғой)
John
неге сайлент хилл жоқ?! вот, «спуск» дұрыс, ағылшындар керемет сюжетті триллер жасады. сосын маған француздардың «граниицасы» (люк бесссон пр.) ұнады.
Zhan
неге Сайлент хилл жоқ?!
Осы фильмді сол күні осы посттан көрген соң, дереу инеттен қарауға көштім. Сөйтсем көріп қойған кином екен. Түк те қорқынышты емес. Бір пәлсапа соқпақ болған, бірақ актер-актрисаларды жақсы таңдаған.
Erkekyz
Мен слабонервная, қарай алмаймын ужастик. Мен үшін прям қорқынышты деген фильм «Оборотень» мен «Блэйд» шығар. Оны да кішілеу кезімде көргенмін)).
meirzhan
Жүйкең жұқа болғандықтан хорқынышты кино көре алмайды екенсің.
Сонда сенде клаустрофобия болғандықтан жүйкең жұқа ма әлде жүйкең жұқа болғандықтан клаустрофобия ма?
Erkekyz
Клаустрофобияны жеңіп келем
Adiletshu
Мен корген ең қорқынышты видео — Алматыдағы Эйпл Таунның терезе жуушы альпинистері қатты желмен теңселіп келіп, терезеге соғысып өлген видеосы
Zilola
Балкiм 37 кабатты «Есентай тауерс»?
User
Нечтоны қосып қой)))
Gastarbaiter
Қорқынышты фильмдерден кішкентай кезімде «Крысы» деген фильм болатын.
Одан бері ешқандай фильмді, оның ішінде жоғарыдағыларды да қабылдай алмадым.
Қызық деп тапқаным, «Зловещие мертвецы 1-2» Осы фильмдер.
Әсіресе өз қолымен өзі төбелесетін жері. Сосын, иығынан көз шығып, көз өсіп басқа айналып, өзінің денесінен өзі сияқты біреу бөлініп шығатын жері.
Сосын Эштің айнадағы шағылысы айна сынған соң он шақты кішігірім Эштың көшірмесіне айналып, барлығы жабылып вилканы Эштың көтіне қадайтын кезі… ой лібә, бұттан кеттім...
meirzhan
Әңгіме қорқынышты фильм туралы болғасын. Дыбысты кенеттен қатайту арқылы қорқытатын хоррор фильмдерщді ұнатпаймын. Қорықпаймын емес, селт еткізер. Жүрек дір етеді. Бірақ бұл меніңше қорқытудың арзан әдісі. Меніңше экранда біреудің атып шығуы немесе кенеттен айғайлауы емес, ситуацияның өзі қорқынышты болуы керек.
Жалпы осы жанрдағы фильмдерді жаратпаймын. Адамзатқа, адамға әкелер пайдасы аз, жеткізер идеясы жоқ. Адреналин үшін болмаса, а так уақытты кетіру.
«Шестое чувство» деген кино әсер етті. Ал соңғы көрген ужастигім — корейлік «Я видел дьявола».
Zhan
Меніңше экранда біреудің атып шығуы немесе кенеттен айғайлауы емес, ситуацияның өзі қорқынышты болуы керек.
Жалпы осы жанрдағы фильмдерді жаратпаймын. Адамзатқа, адамға әкелер пайдасы аз, жеткізер идеясы жоқ. Адреналин үшін болмаса, а так уақытты кетіру.
Қос қолдап қосылам. Шынымен, фильмде американдықтар қорқытуды емес, селк еткізуге көп мән береді. Жының келеді сонысына. Одан гөрі сен айтпақшы ситуацияның өзі қорқынышты болу керек. Бұл жағынан Ресейдің криминалистік детективтері күшті.
patick
Бұл жағынан Ресейдің криминалистік детективтері күшті.
Adiletshu
Баяғыда бір қорқынышты фильм көріп едім турме туралы. Түрмедегі адамдар түнде жоқ болып кетеді. Сосын біреу түнде не болатынын камераға түсіреді. Сөйтсе түнде неше түрлі бәлелер болады екен. Түрмеде адамдардың тілектері орындала ма, сондайы бар. Ең аяғында басты рөлдегі еркек сол түрменің өткен уақытына өтіп кетеді. Көзі осы уақытта қалған баласының кукласының көзі болады. Очм, сол кино қорқынышты. Атын билмейм.