Шөл гүлі. Desert Flower. Wüstenblume

Жақында көргем бұл фильмді, сіздермен бөліскім кеп кетті. Топ мелодрамада бірінші орынға шықты бірден))



Шыққан жылы: 2009 жыл
Шығарған елдер: Великобритания, Германия, Австрия
Жанры: Мелодрама
Режиссёры: Шерри Хорман
Рөлдерді сомдағандар: Лия Кебеде, Салли Хокинс
Мазмұны: Фильм Варис Дирие есімді қыз және Африка елдеріндегі қыздарды сүндеттеу үрдісі туралы. Варис он үш жасында қарт шалға ұзатпақшы болып жатқан кезде қашып кетеді және тағдырдың жазуымен әсем қала Лондонға тап болады. Артынан мықты фотографтың көзіне түсіп, әлемді тамсандырған модель болып шығады. Қыздарды сүндеттеуге Варис ашық түрде қарсылығын білдіреді.
Ютубтен үзінді:

Фильмді онлайн қарау үшін сілтеме:
www.24video.net/video/view/964242
Бөлісу:

7 пікір

Simona
Бұл әйел өзінің автобиографиясын осыдан 5-6 жыл бұрын жариялаған. Фильмдегі оқиға сол кітапқа сүйеніп түсірілген. Қазір БҰҰ елшісі.
bazuka
иә автобиография негізіне сүйене отырып түсірген.
19852407
Бағын айтсаңщы, мықты екен
Gulistan
Кеше ғана осы жерде оқып ем.
Фильмге тұскен актриса Лия Кебеде:
Ал мынау фильм кейіпкерінің прототипі:
Фильмді көрмес бұрын кітабын оқып алар едім.
monti
кітабын тапқандарың беріңдерч плз, былтыр іздегенде, бәрі инетте тегін емес етін
Zhan
Әйел сүндеттеу туралы алғаш мектепте оқып жүргенімде «Отдохни» журналынан оқып таң қалған едім. Не деген надан, артта қалған ел деп. Сонда бір қыз өзінің қалай сүндеттелгені туралы айтып берген.
Базука рахмет, қандай кино көрсем деп жүр едім, тағы да жақсы кинолар болса айта отырыңдаршы…
bazuka
көшпелі елдердің өкілдерінің төзімділіктеріне тағыда көзім жетті. Варистің шешесінің қаталдығына таным бар, қыз қашып бара жатқанда ояу жатты бірақ тоқтатқан жоқ, күйеуге бермекші болған шалға жәй ғана болмайды деген жауап қайтаруға болмай ма екен деп ойладым. Қыз әжесінің үйіне жетем дегенше қаншама қиындықтардан көреді, шөл даланы жаяу, жалғыз өліп талып жүріп өтеді.