Вааааааааллллииии!!!
Осынау қоқыс престеуші роботтың қылықтарына таң қаласың. Ешкімге де керегі жоқ жұмысын мүлтіксіз орындап жүр. Адам секілді. Тек көп сөйлеп білмейді. Асыранды қоңызы бар.Фильм сюжеті бойынша жерде қоқыс-қалдықтардың көбеюіне байланысты, ауасы улы газға толып, тіршілік жойылып кеткен. Ал Жер өмір сүруге жарамсыз болғаннан кейін адамдар алып кемеге отырып, ғарышқа ұшып кеткен. Валли есімді робот қана өмір сүреді планетамызда. Күнде таңертең тұрып, жұмыс орнына барады да, қоқыс жинайды. Оларды престеп, үйеді. Қоқыс арасынан тауып алған кейбір ескі заттарды үйіне тасиды. Ал кешке теледидар қосып, романтикалық кино көреді. Өмір осылай жалғаса берер ме еді, егер…

28-мамыр күні "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратында «Жерұйық» фильмінің блогшыларға арналған жабық көрсетілімі өтті. Көрермендер арасында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинарға қатысу үшін түрлі облыстардан келген
Фильмдерге қанша арнайы эффектілер қоссаң да, қаншама қызыл қырғын көріністер жасасаң да, қаншама күрделі сюжеттер пайдалансаң да — адамдарды таңғалдыру қиын болып барады. Сондықтан, киноиндустрия саласында жаңа жанр дүниеге келді. Бұл «псевдодокументальный», яғни жалған деректі фильм деп аталады.
Қазақша дыбыстау болғанда, әдеттегідей, алдымен субтитрын аударған болатынмын. Осы серияның субтитрын аударып, өңдеуге, раскадровкасына бір ай уақытым кетті. Дыбыстауыма 1 сағат, ал дыбысты өңдеуіме 4 күнім кетті.




