Түскі шай-пай))

Бүгін, бүгін ғана емес күнде, біздер жұмыста шай ішеміз))) Міндетті түрде сағат 11-лерде, сосын түстен кейін сағат 4-терде (сәйкесінше он бірдің шайы, төрттің шайы деп аталады)дастарханды гүлдей жайнатып жібереміз (екі жерден қант, екі жерден нан деген сияқты). Онсыз шекеміз тырысып қалады.
Мә, саған ұсақ әңгіме, керек болса!

Пы сы: Ұмытып барады екем, шайдың үстінде телепон шылдырлап, кісі келіп қалса, кайп бұзылады.
Әрі қарай

Түнгі вай-фай((

Кеше жұмыстан ертерек зытып кетіп, юзби модем сатып алдым. Әлгі жылдамдығы 512 мегабит/с деп жарнамаланып жүрген «Диджимакстың» өзінен алып ем. Үйге бара сала жерден жеті қоян тапқандай орнатып, байқап көрісімен, қуанышым су сепкендей басылды. Мегабит тұрмақ, килобиттің де иісі шығар емес. Ең тез ашылатын керекинфома әрең кірдім. Не ғо, екі апта байқап көрем, жылдамдық жақсармаса, қайтаруға болады екен.
Әрі қарай

Мүмкін емес (Нәби Аймұратов)

Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түндей қара көздің,
Мұң шықтарын сен емдедің.
Бәлкім, сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді,
Бір серпілтіп қоймайсың ба?

Әрі қарай

Күту залында отырғандай болдық ))


Бізге айылықты негізі бухгалтер қалаған уақытына береді да. Кейде айдың басында кейде соңында. Кейде мүлдем ұмытып кетеді. Алдыңғы аптада елдер айлық сұрап шулаған кезде көзін бақырайтып:" Әлі уақыты болған жоқ қой",-дегені, хотя айлық алмағанымызға 1,5 айдың жүзі болған.
Содан қызығы ол айлықты берер уақыты да қызық, әйтеуір бір жұмада сағат 17 50 мен 18 00 дің арасында бір-бірлеп шақырып береді.
Біздікілер сол бір ай өткен соң әр жұма 17 00 ден кейін үйлеріне қайтпай айлықтың берер күнін күтіп отырамыз. ))) Ол апта бермесе, келесі аптада күту залында отырғандай тіз қатарынан тізіліп алып отырамыз. Бәрінің көзінде бір сұрақ:«бүгін айлық бола ма?» немесе тағы жынды бала ұқсап бекер отырмын ба деген?
Әрі қарай

Алматы. 26 ақпан. Сенбі күнгі кездесу



Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!

Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Әрі қарай

Шива қарасқан күн

Жұма күнгі бояннндар: Шива қарасқан күнЛібә, бір ретте Ақтөбедегі WIMPEX деген буддатілеуіңдібергір арақ зауыты қақпақтың ішіне 200,500,1000 теңге приз немесе тағы бір бөтелке арақ ұтыс салатын болып жүрд.
Ол кезде WIMPEX зауытына (Шиваның нұры жаусын оған!) жұмысқа тұру — үлкен табыс еді. Солай нақ: бір күні досым Ико таныссыз-дымсыз-ақ, бықсып жүріп, мазаққа соға кетейін деп барып, бөтелке қабылдайтын цехқа жұмысқа тұрды да кетті!
Үш айдай жұмыс істегесін мынадай қызық айтты:
Әрі қарай

Жігіттер қандай болады?



1- Жақсы жігіт, бірақ әдемі емес.

2- Әдемі жігіт, бірақ жақсы адам емес.

3- Жақсы әрі әдемі — гомосексуалист.

4- Жақсы әрі әдемі, гомосексуалист емес, бірақ үйленген.

5- Әдемі емес бірақ жақсы адам болғанымен ақшасы жоқ.

6- Ақшасы бар, әдемі емес жақсы жігіттер қыздардың олардың ақшасына қызығып жүргендерін ойлайды.

7- Әдемі бірақ ақшасыз жігіттер біздің ақшамызға қызығады.

8- Ақшасы бар бай, гетеросексуал, бірақ жаман жігіттер бізді көріксіз деп ойлайды.

9- Бізді әдемі деп есептейтін гетеросексуал, шамалы жақсы әрі бай жігіттер бар бірақ олар қорқақ жігіттер.

10- Ақшасы да мінезі де түрі де орташа жігіттер өте ұялшақ болады.

11- Ал инициативаны біз алып, алғашқы қадамды істесек біз ш@**ва болып шығып, бізге деген ешқандай ықыласы қалмайды.

АЛ ТҮСІНІП КӨР ЕРКЕКТЕРДІ… ?????
Әрі қарай

Өмірде солай (М.Бесбаев, К.Абдуллина)



1.Жанға маза бермейсің,
Сағыныш боп кернейсің,
Көзімдегі сезімді,
Байқамайсың, көрмейсің…
Жүрген жоқпын байқамай,
Менде де мұң бар талай.
Есіміңді ән қылдым,
Жүрегіммен қайталай.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…

Қайырмасы:
Өмірде солай, мың тарау — бір түйін,
Ұнату оңай, ғашық болу қиын…

2.Екі бөлек ағыспыз,
Жақын емес, алыспыз.
Сезіміміз адасқан,
Бақытымыз бағытсыз…
Тағдырды кім таңдайды?
Кейде сезім алдайды.
От пенен су ешқашан
бірге бола алмайды.
Арманымыз көп, тек амалымыз жоқ…
Әрі қарай