Шива қарасқан күн

Жұма күнгі бояннндар: Шива қарасқан күнЛібә, бір ретте Ақтөбедегі WIMPEX деген буддатілеуіңдібергір арақ зауыты қақпақтың ішіне 200,500,1000 теңге приз немесе тағы бір бөтелке арақ ұтыс салатын болып жүрд.
Ол кезде WIMPEX зауытына (Шиваның нұры жаусын оған!) жұмысқа тұру — үлкен табыс еді. Солай нақ: бір күні досым Ико таныссыз-дымсыз-ақ, бықсып жүріп, мазаққа соға кетейін деп барып, бөтелке қабылдайтын цехқа жұмысқа тұрды да кетті!
Үш айдай жұмыс істегесін мынадай қызық айтты: өткенде іште жынды айқай-шу болыпты. Себеп: қақпағына приз салынған бір партия арақ — приз жоқтарымен араласпай, солайымен кетіп қалыпТ. Әжесстің, көтерме бағамен бір вагон арақ алған біреудің бағы жанды деп ойлап жүрдік.
Сүйтіп жүргенде күз де келді, Ико да әжемізден қалған ас — араққа жақын болуы себепті, сәтті жұмыстан қуылды. Мамыражай күндердің бірінде біздің пәтерде бықсывотырғанбыз. Аз боп қалд. Ико бір кезде тағы бір шиша әкелуге кетіп, Wimpex-тің (Будданың өзі жол көрсетін оған!) 0,7 арағын әкелд. Қақпағын шұқылап отырып, мал атаңңң: 500 теңге ұтып алдық! Бақыттан, сосын әрине — арақтан бас айналып, дереу тағы бір жарты мен тіскебасарға бардық. Бір ұйықтап тұрып ішіп отырсақ, нақ әкесс: 1 000 теңге шықты! Лібә не керек: ақша, приз-арақ, сосын тағы ақша… Бір есімізді жисақ, бос бөтелкелер мен әңгіме-дүкен құрушылар бір қауым ел боп қалыппыз (малатаңанәлеттердің қашан кіріп кеткенін қойым біліп пе? Жалпы кімдер өздері?). Тегін араққа тағы жүгіре бергенім сол еді, Ико: «Бармай-ақ қой, лібәд! Дабырамай, батыйқара* алу керек ед, дүкенші барлығы приз шығатын арақ екенін біліп қалып, дүкенін жауып тастад!» дейд. Тап енеңң, бір жағын берсе, үш жағынан бір қой бәрібір қайтадан жұлып алатын Шиваға қарғысымызды айтып, ұйқыға жаттық.



батыйқара* — втихаря
Бөлісу:

26 пікір

Qydaibergen
Ауыздарың былшырап жүріп өздерің айтып қойған боларсыңдар
satibaldi
Бәрі сен сияқты сол қолына калькулятор ұстап, арам болып туған дейсің бе не нақ, әрине, жүрегіміз жарылып, өзіміз айтып қойдық.
Qydaibergen
саған да минус бір, мал
satibaldi
Нақметтен басқа айтарым жоқ сен раққа.
qisyq
Бұл бір мән-мағынасы терең, өткенге салауат айтатын, тәрбиелік-тәлімдік маңызы аса жоғары, кейінгі келер ұрпаққа қай жерден шалыс баспауды көрсетіп, дұрыс бағытқа салар пәтуәлі, пәрменді шығарма екен. Ико пақырдың жан ұшырып отырып айтқан соңғы сөзі естіген адам керең болса, құлағын ашып, оқыған адам соқыр болса, жанарын жұбатып, жанын жадыратар мөлдір мұң мен тәтті сезімге толы болыпты…
Qydaibergen
Қумасай, браток.
qisyq
Үй, Құдай берген, түрден сол…
alisha
АА, братокка қарата да әңгіме айта алады екенсіз ғой, әйтпесе тек әңгіме ауанын тек малдарға ғана бағыттауға бейімделіп қалған жан екен десем
Qydaibergen
АА, братокка қарата да әңгіме айта алады екенсіз ғой, әйтпесе тек әңгіме ауанын тек малдарға ғана бағыттауға бейімделіп қалған жан екен десем 


Түк тісінбедім, жылағым келіп отыр.
qisyq
Бұл аса құпиялы әм қалтарысты құбылған сөздеріңізді қандай жағдайға байланысты айтқаныңызды түсіндіре кетсеңіз, кездескен жерде нұрлы да назды бейнеңізге тамсана қарар едім…
alisha
Ананы да, мынаны да «малға» теліп отырған Құдай бере салған замандасыма айтып отырғаным ғой… браток деген қаратпа сөзіне қаратып;)
Qydaibergen
Сен вапше қуалап кеткенсің бе,
alisha
сіздің дара шауып бара жатқаныңызды көріп…
qisyq
Нұрлы да назды бейнеңізге тамсана қарайтын болдым, қайран замандас…
asaubota
бір рет Мереке деген алқаш досым екеуіміз бір пибі ішейік деп пибі алдық та общага жақта бір футбол алаңы бар еді, соның ішіндегі тренер, запаснойлар отыратын күркенің ішінде отырып іштік. ол кезде Эфес деген пибіден жарты пибі, толық пибі немесе 2 пибі шығатын еді. біз бір бірден ұтып алдық, олардан тағы шықты, ақша қосып тағы алдық. бақыттан басым айналғандай күле берем, ақыры күлкім келе бергесін Мерекенің өзін жіберіп отырдым, дүкенге өзің барып келші деп. обшым 8 пибі ішіппіз. сондай күндер болып еді Бахус па Диоген ба біреудің нұры төккен.
alisha
бір рет Мереке деген алқаш досым екеуіміз
Мұндай «мәртебеге» ие достарыңыз көп пе еді негізі;)))))))))))))))
asaubota
студент кезде достарым сондай еді
Nurgisa
пибі ішейік деп пибі алдық та
Пибі ішейік деп лимонад ап қоятын кездерің болған ба сонда?
asaubota
макарон алуға барып тұрып пибі алып кеткен кездер болған
omarbirat
Бір құда баланың ішіп отырған пибісінің қақпағынан Ланд Крузер шыққаны бар еді. Тіркемеді соны.
alisha
бәрібір бермейтін еді;) Осындай Ланд Крузері бар ұтыс қағазының енді 3-еуін /немесе 5/ сұратушы еді;)
Qydaibergen
Қазақ ішкенін айтып та мақтанады екен
nurbergen_makym
Ол, ол ма? Мақтансақ, былай да мақтанамыз:
Арақ ішіп мас болып,
Екі көзге жас толып,
Құсқаныма не жетсін…
Айдалада отырып,
Тарс-тарс осырып,
Тышқаныма не жетсін?!