Мен ойлап таптым...

Жұрттың бәрі бір нәрселерді ойлап тапқыш-ақ.Шетінен жолы болғыш."Қарап жатқанша жалап жат«дегендей менде бос жатқанша бірдеңе ойлап табайын деп шештім.Ақыры ойлап таптым! Айтсам сенбейсіздер ғой.Мен спамның басқаша түрін ойлап таптым. Сіздер көрмеген, естімеген спам! Сіздің поштаңызға, я болмаса ұялы телепоныңызға хат ретінде келетін спам емес бұл! Бұл спам ерекшелігі „дауысты спам“ болғандығында. Алдымен өз дауысыңызбен „Әлемдегі ең асыл жан-АНА! Қиналсаң көмектесетін де, қуансаң сенімен қоса шын сезінетін де АНА! Жұмақта аналардың табанының астында. Осы дауысты хабарламаны өз дауысыңмен 17 досыңа жібер.Сонда сенің АНАҢ ауырмайды, сырқамайды!“
Екінші түрі де бар бұл „дауысты спамның“. Әлгіндей мәтін сөзді даярлап аласызда 17 досыңыздың нөмірін теріп оқып бересіз! Керемет спам емес пе?!
Әрі қарай

Әнектер топтамасы.

Тотының толғанысы

Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс: -«Маған да ішкізсеңші!» — депті.
Шал: — Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба?
— Жоқ, сұрамаймын, — депті Тоты.
Шал: — Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын!- депті шал.
Екеуі ішіп, жатыпты.
Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.
— Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! – депті бір кезде…
***
Ауру адамды моргке апара жатыр.
— Мен әлі өлген жоқпын.
— Біз де әлі жеткен жоқпыз.
***
Құдасы көрші ауылда тұратын құдасына көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:
— Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?
— Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жерде жоқ шығар.
Осында қала берейін.
— Құдеке, қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.
— Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.
***
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
— Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
— Не дейсің?
— Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
***
Сот:

— Неге сіз бұл көлікті ұрладыңыз?
Айыпкер:
— Ешкім о дүниеге мал-мүлкін алып кетпейді. Бұл көлік бейіттің жанында тұр екен. Сосын оған оның керегі жоқ шығар деп ойладым.
***
Екі кемпір әңгімелесіп отыр екен.
— Айтпақшы, келін түсіріпсің, құтты болсын! Келінің қалай екен?
— Ой, айтпа! Келінім сондай пысық болып шықты. Ертеңгі сағат 5- те тұрады, содан тынбай түнгі 12-де бірақ ұйықтайды.
— Айтқандай, қызың тұрмысқа шығыпты, құтты болсын! жағдайы қалай екен?
— Ойбу!!! Айта көрме! Ол қызым сорлап қалды ғой. Ертеңгі сағат 5-те тұрып, түнгі 12-де бірақ жатады екен.
Әрі қарай

Қазақтың жүз әнінің сайты



http://100an.kaztrk.kz

Қазақтың 100 әні жобасының жеке сайты ашылыпты. Сайтта жоба туралы ақпарат, әндердің видеоларын, дауыс беру мәліметтерін, фотоларын таба аласыздар. Тек көрерменмен интерактив жағы қарастырылмапты, сауалнама, форум немесе пікір жазу алаңы болса жақсы болар еді. Сосын әр көрсетілімнен кейін тез жаңарып тұрса деген тілек айтқым келеді. Әзірше тек алғашқы көрсетілім ғана берілген.
Әрі қарай

Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Әрі қарай

Киіз үй

Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…

Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Әрі қарай

Жамбы ату

Қазақтың көне ойындарының бірі. Шауып келе жатқан аттың үстіндегі ойынға қатысушы садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген. Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті қатысқан екен.Кей ертегілерде хандар жамбыны атып түсірген жігітке қызын берген делінеді.
Кейінгі жылдары бұл ойын сәл өзгеріп шауып келе жатқан аттың үстіндегі жігіт белгілі сызықтың тұсына келгенде қолындағы найзаны ілулі шығыршықтан өткізуге тырысатын болды. Жезқазған қаласындағы Жамбылдың 150 жылдық тойында осы нұсқа ойнатылған еді.
Әрі қарай

Забей на время Х

Қаламыздың әр жерінде активтің «Забей на время » атты тарифінің билбордтары ілулі тұр. Кәдімгі көкек сағатына екі тақтайды қағып тастаған суретте. «Уақытты елеме» қазақшасы. Бұл тарифтің ерекшелігі неде екенін біле алмадым (өзімде кейселл болған соң). Дегенмен «Забей Х на времясы» ұнап қалды.
Әрі қарай

Есіл ағады (МузАрт)

Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды…
Әрі қарай

Астанада блогшылар шаңғымен жарысты


Бекболат Тілеуханның бастамасымен, Намыс журналының ұйымдастыруымен бүгін Астанада, Есіл өзенінің үстінде астаналық блогшылар арасында шаңғыдан жарыс өтті. Барлығы жеті блогшы қатысқан бұл жарыста админдеріңіз бірінші орын алды. Екінші болып мәреге Жанасыл Болатбек, үшінші болып Рахат Жақсыбай келді. Қыздардан бірінші орынды Кәмшат Тасболат алды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді, қалған қатысушылар да сыйлықсыз қалмады. Жарыстан кейін Намыс журналы жігіттері керемет дастархан ұйымдастырып жіберді, шәй ішіп, дәмнен ауыз тигеннен кейін марапаттау рәсімі болды. Жалпы жарыс алғаш рет өткенімен ұйымдастыру жағы күшті болды. Бекболат ағамызға және ұйымдастырушы жігіттерге рахметімді айтамын.
Әрі қарай