Ганс Мұсылман Андерсен. "Эксперимент".

Еее нақтың, мына қу дүнияның пәтуасы қашан болып еді өзі?

Баяғы өткен заманда, дін христиан аманда, қазақта иман болғанда, туалетте құман болғанда Қ. Жұбанов Университетінің психология профессоры эксперимент жүргізіпТ. Тақтаға біреудің суретін іліп қойып, топтың жартысын кіргізіп алып, айтыпТ:
Әрі қарай

Ұқсастық (двойниктер)

Ғаламторды ақтарып отырып небір қызықты оқиғалар мен жүрек шайлытар жазбалар мен суреттерді көруге болады.
Әпкем бір сурет жіберіпті поштама.Суретке қарап тұрып өзімнің қарындасымды көрдім. Бірақ, бұл оның «двойнигі». Өздеріңіз салыстыра отырыңыздар. Өкінішке орай менде қарындасымның той көйлегімен түскен суреті жоқ екен.
Ал, сіздер өздеріңізге немесе жақындарыңызға 100 болмаса да 90 пайыз ұқсайтын жандарды білесіздер ме?
Әрі қарай

Мамандығым - ...

«Мамамның мамандығы да папамның мамасындай, тфьуй — мамандығындай» © Дәрігерлер отбасынан шыққан бозбаланың сұқбатынан.

Пафосты сипатсыз дәл қазіргі қызмет[тер]іңізді жәй жаза салыңдар. Мысалы — «Мұғалім, арасында вагон түсірем».
Әрі қарай

Жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді



Ресейдің Пенза қаласында жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді. Жарыс ережесі бойынша мейлінше алыс қашықтыққа ұшырғандар жоғары ұпайларды еншілейді. Чемпионат алдағы сенбі күні таңғы похмельден кейін басталмақшы.

Сондай-ақ машина астына түсу бойынша экстремалдардың конкурстан тыс жарысы да өтеді. Мамандар осы конкурс барысында тиын істеудің амалдарын көрсетіп, мастер-класс бермекші.

Еліміздің қаққыштары бұл сайыстарға сақадай сай отыр.
Әрі қарай

"Армадада" жүздесу!

Құрметті Атыраулық керекшілер!


Ертең, яғни ақпан айының 1-жұлдызында Алматылық керекші Мақпал-Зилоланың Атырауға кезекті сапарына орай «Армада» лоунж-барында кездесу ұйымдастырып жатырмыз.

Ауа райына байланысты кездесу осы бейсенбі, 2-ақпанға шегерілді.

Уақыты: 19.00 ~ 19.30 (жұмыс барысына қарай)
Өтетін орны: Атырау қаласы «Айжан» кешені, 4-қатар алишаның ұсынысымен

Келем деушілерге есік ашық!
ПыСы: Егер таңдалған орын көңілге қонымсыз деп тапсаңыз, өз пікіріңізді білдіре отырып, жаңа орын ұсынудан бас тартпаңыз.
Ұйымдастыру комитеті атынан: nurbergen_makym VS Gulistan
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #2. Стинг. (үйрек қалпында)

«Мағынасыз, даңғаза жиындар мен конференцияларды доғарыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

(Жалғасы. Басы — Қайыпомар Рәдішев. «Ауылдан Астанаға саяхат» — Акт #1. Министрліктер Үйі)

— Ана Леон-киллердегі кісі бар емес пе?

— Жан Рено ма?

— Жоқ лібә, әнебір ше?

-Қайсы?
Әрі қарай

Инфо-панель қосылды

Сайтымызға инфо-панель қосылды. Сайттың төменгі бөлігінен көре аласыздар. Ол жерде не бар?

Кездейсоқ жазбалар шығып тұратын болады. Бұрын көрмей қалған жазбаларды осылайша көріп қалып, оқуыңызға болады.

Оң жақ бұрышта хат хабарлағыш және жаңа пост жазу түймесі.

Сол жақ бұрыштағы КерекИнфо панелін бассаңыз кездейсоқ бір жазба шығады және оң жақтан үздік жазба, пікірлерді көре аласыз. Оларды мерзіміне қарап та таңдауыңызға болады.
Әрі қарай

Джоркаефф

1998 жылы 12-шілдеде Франция құрамасы футболдан чемпион болды. Бұл жеңіске Франция жанкүйерлерімен қатар Армения жанкүйерлері де қатты қуанған болатын. Себебі, Франция ұлттық құрамасында тегі Армениялық — Юрий Джоркаефф пен Ален Погосян бар болатын.

Футбол, тек қана футбол!: Джоркаефф
Әрі қарай