Инфо-панель қосылды

Сайтымызға инфо-панель қосылды. Сайттың төменгі бөлігінен көре аласыздар. Ол жерде не бар?

Кездейсоқ жазбалар шығып тұратын болады. Бұрын көрмей қалған жазбаларды осылайша көріп қалып, оқуыңызға болады.

Оң жақ бұрышта хат хабарлағыш және жаңа пост жазу түймесі.

Сол жақ бұрыштағы КерекИнфо панелін бассаңыз кездейсоқ бір жазба шығады және оң жақтан үздік жазба, пікірлерді көре аласыз. Оларды мерзіміне қарап та таңдауыңызға болады.
Бөлісу:

42 пікір

omarbirat
Жаңа байқадым. Қызық нәрсе екен
Сайтқа ауырлық түсірмей ма, айтпақшы?
asaubota
иә, сондайы болып қалуы мүмкін. сондықтан кездейсоқ жазбаларға тек рейтингі жоғарылар шығатын қылып қойдым және тек логинмен кірген қолданушыларға көрінетін қылып.
sigma
рейтингі жоғары  
Негізі рейтингі жоғарылар алғашқы бетке шығады емес пе? Мен ойлаймын кез келген (рейтингісіне мән бермей) 10 жазба шығуы керек.
логинмен кірген қолданушыларға көрінетін қылып.
бұған келістім.
asaubota
7000 жазба бар, майэскюль алжып кетеді ғой бәрін шығара берсе. одан да фильтр болғаны жақсы емес пе?
sigma
менікі ұсыныс техникалық мүмкіндігін ескере отырып реттеу өз құзырыңда
sigma
майскуелден бұрын хостер алжитын болар деген жорамал бар
muza
MySQL bul ushin aljimas.Ondai bolsa IMDB saitinin databasei kalai tur aljimaiak
bir usinis panel bukil bette ashilmai saittin sol jak sheti biraz bostaugoi sol jerde ashilatindai kilsa bola ma eken.yagni CSS jagin biraz aktarip jibere alasin ba degenimgoi Admin mirza
asaubota
вертикал тұратын болса жазулар дұрыс оқылмайды. меніңше осылай тұрғаны дұрыс, төменде.
muza
menin aitkanim ashilgan kezde sol jak shetke gana ashilsa eken degem.duris tusindire almadimau.
KILYZAMAN
Қай жерінжде? Сумиланғаным аздай жанарым суала бастағанба? Тереземді(очки) қайталап сүртсемде таппай отырмын
asaubota
Файрфокс, Опера, Хром деген де браузерлер бар. соларды қарап көріңіз.
KILYZAMAN
Мендегісі сол Мозилла ғой
KILYZAMAN
Түйені де көрмейтін бейбақ екенімді мойындадым… Всплывающая панель(мәзір) бар екен — өте ыңғайлы әрі КЕРЕК дүние
TOTY
Мен де, админ жазған «тек логинмен кірген қолданушыларға көрінетін қылып»… дегенге мән бермеппін, енді көрдім…
satibaldi
Сумиланғаным аздай жанарым суала бастағанба?
Пора шалл, пора
bazuka
Тереземді(очки) қайталап сүртсемде таппай отырмын
ағай көзілдірік еді ғой очкидің қазақшасы.
asaubota
маған ана басқаннан кейін шығатын беттегі статистикалар ұнап отыр.
Daniar-Alan
үздік жазбаларда да үздік пікірлерде де менің атым бар екен. эхххх үздік болған қандай жақсы..
VKM
Норм. Құтты болсын!
asaubota
егер қаламасаңыз сайт түзетулеріне кіріп ағытып тастауыңызға болады.
omarbirat
Демек, көріну-көрінбеуін қолданушы өзі шешеді ме?
Өзіме ұнап тұр, әйтеуір. Ағытпайм
VKM
мен де.Креатив!
Nurgisa
Алақай, енді біздің «керекте» де панель бар!
Erkekyz
Мен алғашында ұқпай қалдым, бұ не қалам, не хат деп, сөтсем панель екен ғой. Күшті екен!
araika
УаУ, керемет!  Керекке күн кірмей қалсаң да, өзгерістер көбейіп кетеді.
Жабулы қазандардың қақпағы ашылған күн
neoman
Енді бізге археологтардың қажеті жоқ. Ескі жазбаларды ақтарып отыруға ерінетін едім. Мынауыңыз жақсы құрал екен
asaubota
маған да сол ұнап отыр. бұрын ұмтылып кеткен рейтингі жоғары жазбаларды еске салып қойып тұрады.
omarbirat
Әріптер төртбұрыш болып кетіпті:
Nurgisa
decoding деп көрдің бе, құрдас?
konvict
Бізде норм болып тұр
omarbirat
О, Шиваның ширкшілігі! Үйдегі комптан нәрмәлні көрініп тұр
Nurgisa
Жұмыстағыңмен «Поле чудес» ойнай беруге болады екен, зеріккенде.
Nurgisa
Қайсыбір қолданушының «атының үстіне» тінтуіріңді тақасаң, мәліметі шығады екен. Күші, рейтингі, мекені, жазба және пікір саны көрсетіліп тұр. Бүгін байқаппын.
asaubota
тек қолданушы емес қауымдастықтың үстіне де әкелсең сондай поп-ап терез шығады, сол жерден қауымдастыққа бірден қосыла салуға болады.
Nurgisa
Күшті опция екен. Бүгін ғана байқаппын.