Байқау: Киноға рецензия жазайық.



Қолымда Kaspersky CRYSTAL антвирусының 3 айға жететін тегін лицензиясы бар. 2 дербес компьютерге қолдануға болады. Біреуге бере салуға болатын еді. Бірақ!

Әдемі күлкіңіз үшін бере салу нелеу болып тұр. Дауай, байқау ұйымдастырайық. Бір кез-келген киноға рецензия жазған адам алсын. Егер рецензияшылар саны көп болып жатса, бірінші болып келген хат авторына беріледі антивирус картасы.

Рецензия – сіздің фильмге берген жалпы бағаңыз. Бірақ, "Ұнады", «Күшті фильм», «Боқ фильм» деген бір-екі сөзден құралған бағалау деп ойлап қалмаңыз. Оны әдеби жанр десек те болады, сондықтан киноны талдау, сараптау элементтері нақты әрі түсінікті жеткізілуі тиіс.

Іске сәт. Рецензия(лар) kinostan.kz@gmail.com поштасына қабылданады.
Бөлісу:

24 пікір

patick
Рецензиялардың барлығын Киностанға шығаруға тырысамыз
Nurgisa
 Базар жоқ, әдемі ход!!!
19852407
*Ұйымдастырушыға
Бірінші жазған кісіге емес, әдемііі рецензия жазғанға бұйыртсаңыз деген тілек бар
patick
бірінші жазып алыңдарш
19852407
«In time» киносындағыдай уақытыңмен бөліс, жазамыз
patick
Одан да Керекинфо админінен «мені 1 сағатқа босат» деп сұрасаң, анағұрлым тиімді болатын сияқты
19852407
Админ тут не при чем, не булдірваткандарыңызды көріп-білу үшін обедімізден ұрлап жүрк ол сағатты
Gastarbaiter
Мұндағыларға нақты, мына кинолардың біреуіне рецензия жаз деп тізімін дайындап, көлемін шамалап бермесең, артын көтеріп қасуға ерінетіндер ғой
KILYZAMAN
Бір сөйлемдік, болмаса бірақ ауыз сөздік тұжырыммен рецензиялау қабылданама?
TERISKEY
Рецензия – сіздің фильмге берген жалпы бағаңыз. Бірақ, "Ұнады", «Күшті фильм», «Боқ фильм» деген бір-екі сөзден құралған бағалау деп ойлап қалмаңыз.
KILYZAMAN
Осыларды қоспастан дегенді жазуды ұмытыптым…
patick
Фильм таңдау аясына шектеу қойылмайды. Өзіңізді бей-жай қалдырмаған фильмге жаза беруге болады.
madlen
Әдемі күлкіңіз үшін бере салу нелеу болып тұр
эххххх...
Vikilikas
Антивирус кілтін қайдан алдыңыз?
Aldeken
не ғо, сенің атыңды оқыған адам сұрағыңа жауап беред деп ойлайсың ба, джулианассанджыңдыссс…
Erkekyz
Қай уақытқа дейін? Ескі фильмге де бола ма?
patick
Антивирус лицензиясын ақпан айының соңына дейін іске қосып үлгеру керек, әйтпесе күйіп кетеді. Сондықтан осы айдың ішінде

Ескі фильмге де, бәріне де болады. Тіпті Чаплиннің фильмніне жазсаң да
19852407
«Ескі рецензиядан ұрлауға да болады ма?» деге нсұрақ жетіспей тұр
konvict
Еркеқыздың сұрағын қойғым келіп еді. Жауап беріп қойыпсың. Жазғанымды осында жариялай берсем бола ма?
patick
поштаға жіберсиш
patick
Акция жалғасып жатыр. Жіберемін деген адамдар, қайдасыңдар? Антивирус керек па, керек емес па?