Зерделі кино және қым-қиғаш қарапайымдылық

Артхаус. Соңғы айда мен көрген фильмдердің көбі дерлік, осы жанрдағы фильмдер. К.Нолланның «Бастамасын» қайта көріп шықтым. Одан кейін Д. Кроненбергтің «Қауіпті әдісі», бұл фильм жайлы алда кеңінен айтамын.
Үшіншісі, Ирандық режисер Асгар Фархадидің «Надер мен Симиннің ажырасуы». Айта кетерлігі, осы фильм ислам мемлекеттері арасында Оскарға қол жеткізген ең алғашқы туынды.

Әрі қарай

Астана радиосында жаңа бағдарлама - IT Fm

Бүгін Астана радиосының жаңа бағдарламасына қатысып қайттым. Алғашқы эфирлерінің бетін аштық. «IT Fm» деп аталатын бұл су жаңа бағдарламада ІТ саласындағы жаңалықтар, қазақ интернетіндегі қызықтар, блогтардағы жазбалар мен пікірлерге шолулар және т.б болады. Жүргізушілері Зейнет пен Жанетта деген өздері де аттары да әдемі торғайлық арулар.

Әрі қарай

Асқар Ұзабаев: Мейрамбекті енді түсірмеймін



Режиссер һәм клипмейкер Асқар Ұзабаев «Время» газетіне берген сұхбатында «Сақина» қысқаметражды туындысының «Жан жүрегім — Астана» альманахына кірмей қалуының себебін, Ерболатқа неге продюсер болғанын және Мейрамбек Беспаевты киноға не себепті түсіргісі келмейтінін әңгімелеп берді.
Әрі қарай

Презентацияны қалай жасаймын?

Аффтар керемет презентация жасаудың мэтрі емес, тек өзінің километрлеп көрген шетелдік презентациялардан түйгендерін оң жаққа салады. Жақсы нақ — ортаға салам.

ТАҚЫРЫП

Дүниеде тақырыптар тек екіге бөлінеді: өзекті тақырып және ит-шошқа тақырып. Өзекті тақырып деп, барлығы болмаса да, көпшіліктің тасын қасып, мазасын кетіріп жүрген мәселелерді атайды. Ит-шошқа тақырып деп, жұрттың барлығы онсыз да білетін, естіген, көрген қағидаларды сыдыртып қайталап шығудан тұратын баяндамаларды атайды. Мысалы, «Есенберлин шығармашылығы».
Әрі қарай

Арақ туралы бірер фактілер

***
Генерал Улисс Грант азаматтық соғыс басталғанын мас күйінде естіген; мас күйінде соғысқан және мас күйінде оңтүстік әскерлерін талқандаған. Вашингтон өз пәрмендерінің бірінде: "… ал Грантқа келетін босақ… ол алқашқа менің атымнан екі бөшке скотч апарып беріңдер, сол да жарайд ол ептібайымайдқа! Пяншікатаңанәлетті әскерден сыпырғымен қуып жіберер ме еді, әттең — жеңімпаздарды сынауға хақымыз жоқ!" деген. Бір күні Грант кенеттен арақты қойып, БҚШ Президенті бовкетті.

***
Бір литр таза арақ — 953 грамм тартады.

***
Орыстанған жөйіт ғалым Дима Менделеев ағай 1885 жылдың 31 қаңтарында «Спирттің сумен
Әрі қарай

Біз зообақ сатып алдық



Алдымен аз-кем тарих. 2006 жылдың тамызында Бенджамин Ми атты азамат 1,1 миллион британ фунтына Англияның оңтүстік-батысындағы Девоншир графтығы, Спарквелл елдімекеніне жақын жатқан Дартмур зообағын сатып алады. Дағдарысқа ұшырап, жабылып қалған зообақты Ми жөндеп, қалпына келтіріп, 2007 жылдың 7 шілдесінде қайта ашады.
Әрі қарай

ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ
Авторлық сурет
Тазалық саулық негізі дейтін қазақ, кезінде тазалыққа зор мән берген. Қазіргі таңда оған назар салып жатқан ешкім жоқ. Тазалық тұрмақ, алдау, арбау кездесетін Түркістан қаласының базары жан түршігерлік жайды басынан өткеріп отыр.
Әрі қарай