Презентацияны қалай жасаймын?

Аффтар керемет презентация жасаудың мэтрі емес, тек өзінің километрлеп көрген шетелдік презентациялардан түйгендерін оң жаққа салады. Жақсы нақ — ортаға салам.

ТАҚЫРЫП

Дүниеде тақырыптар тек екіге бөлінеді: өзекті тақырып және ит-шошқа тақырып. Өзекті тақырып деп, барлығы болмаса да, көпшіліктің тасын қасып, мазасын кетіріп жүрген мәселелерді атайды. Ит-шошқа тақырып деп, жұрттың барлығы онсыз да білетін, естіген, көрген қағидаларды сыдыртып қайталап шығудан тұратын баяндамаларды атайды. Мысалы, «Есенберлин шығармашылығы». Келісейік — бұл тақырыпты тыңдауға баратындар «Мен Интернет арқылы қалай кедейлендім?» деген тақырыпқа баратындардан әлдеқайда аз болады. Тіпті ешкім бармайд деуге респираторым бармай отыр.
Бұдан шығатын қорытынды: Өз тақырыбыңыздың осылардың қайсысы екенін алдымен өзіңіз мойындаңыз. Амалсыздан, әншейін, "қатысты" деген мөр алуға бара жатсаңыз — ең болмаса презентациялардың прайм-таймына таласып, біреулерге аяққа оралғы болмаңыз. Осыныңы өзімен-ақ Сіз қаншама құрмет көрсететініңізді түсініңіз.

ЭТИКЕТ

Аудиторияны алдын ала жыныссыз, діни, саяси тұрғыдан бейтарап тобыр деп алыңыз. Тіпті бір адам болса да. Ендеше, «ал, барлығымыз бісміллә деп бастайық...», «Исаның өзі шоқындырған болса да таба алмайтын дүние...», «Далай Лама құсап азынап...» деген сияқты сөздерді айтуға үзілді-кесілді тиым салынады.

Аудиторияның әлеуметтік, физиологиялық ерекшеліктері де үлкен рөл атқарады. Мысалы Соқырлар Қоғамының құрылтайында "...өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай..." деу үлкен балағат болып есептеледі. Сәйкесінше, саңырауларға — "… естіген боларсыздар..."; шолақтарға — "… аламыз да..."; ең болмаса бір ақсақ адам болса да — "...қайтеміз: кабинет жағалап зыр жүгіріп жүрміз..." деген сияқты құрылымдар — оларды кәдімгідей пұшайман қылатын ауыр сөздер.

КҮЛІП ҚОЙМАУ

Бұл презентацияның ең қиын тұсы. Үлкен дайындықты қажет етеді, аффримацияны аутотренингпен қосып әкелерінің ауыздарынсс.
Мәселе мынада. Сіз виртуал танитын, осыбіреу өмірге өкпелі-ау, осы дым күлмейтін адам-ау деп жүрген адамдардың барлығын бір жерден көресіз. Лібә, шынымен тап сондай боп шығад нақ! Томсырайған, бұртиған, кемеңгердің әжімі әлден түсен міскіндерді көріп, тап сол жерде бұттан кету қаупі бар. Бұдан сақтанатын екі амал бар: бірі — презентацияға тіптен бармау, екіншісі — осы жерде адамдардың міскінін әлден елестетіп, әбден күліп-күліп алу.
Бөлісу:

17 пікір

qisyq
Жол бойы күліп баратын болдым, смехопанорамаңдыссс…
kokbori
Амалсыздан, әншейін, "қатысты" деген мөр алуға бара жатсаңыз — ең болмаса презентациялардың прайм-таймына таласып, біреулерге аяққа оралғы болмаңыз.
Сонда перзентіміз қоянжырық болып туылса, қойнымызға тығып, қайта кете береміз бе? Негізі мен сондай қауіпте отырм, блин
a63a1
Аудиторияның әлеуметтік, физиологиялық ерекшеліктері де үлкен рөл атқарады. Мысалы Соқырлар Қоғамының құрылтайында "...өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай..." деу үлкен балағат болып есептеледі. Сәйкесінше, саңырауларға — "… естіген боларсыздар..."; шолақтарға — "… аламыз да..."; ең болмаса бір ақсақ адам болса да — "...қайтеміз: кабинет жағалап зыр жүгіріп жүрміз..." деген сияқты құрылымдар — оларды кәдімгідей пұшайман қылатын ауыр сөздер.
 тереңнен ойлайсың, терең бойлап барам
patick
Күлу туралы бекер айттың, презентацияда айтқаның еске түсіп, инерциямен күліп қоюым ықтимал
asaubota


бұл ақпаратты әлжелілерде шейір ете отырайық ағайын!
punk
Амалсыздан, әншейін, "қатысты" деген мөр алуға бара жатсаңыз — ең болмаса презентациялардың прайм-таймына таласып, біреулерге аяққа оралғы болмаңыз.
бұл, енді даусыз
zhannin-sayasi
ОООО, біреу этикет жайлы жазыпты… Қар жауып кетпесе болды, тьфу — тьфу — тьфу!
satibaldi
Ооо, біреу ауылына аман-есен жетіпті. Көз тимесін, қақырып қояйық.
zhannin-sayasi
Дұрыс сөйт, сенің көзің тисе жаман тиеді.
satibaldi
Көз жақсы нәрсеге тиеді ғой, сіңлім-ау.
zhannin-sayasi
Иә, сенікі дұрыс братан!
AKY
құрылтайға келмегенің жақсы болды, бұл сіңлің сені ұрмақ болып іздеп жүрген.
satibaldi
Мен де тартып-тартып жібергім келген.
a63a1
Электронды үкімет туралы презентация жасап бере алатындар барма жамағат?
a63a1
құрығанда сүрет мурет салып беріңдерш?