ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ

МҰНДАЙ КИНО БІЗДЕР ҚАРАМАЙМЫЗ!!!


ТҮРКІСТАН БАЗАРЫ-ТҰТЫНУШЫ АЗАБЫ
Авторлық сурет
Тазалық саулық негізі дейтін қазақ, кезінде тазалыққа зор мән берген. Қазіргі таңда оған назар салып жатқан ешкім жоқ. Тазалық тұрмақ, алдау, арбау кездесетін Түркістан қаласының базары жан түршігерлік жайды басынан өткеріп отыр.
Базарлар Түркістан қаласының тұрғындарына ғана қызмет етпейді. Шалғай ауылдардан да адамдар келіп жатыр. Киелі жерде орналасқан базарлардың бүгінгі тіршілігі аянышты. Бір ғана мысал, қала тұрғындары мен ауылдардан келген тұтынушылар баратын «Қуаныш» базарына шағын зерттеу жүргіздік. Зерттеу барысында сатушылардың тұтынушы құқығын сыйламайтындығын, тауарды сатуға құқық беретін құжаттарының жоқтығын, гигиеналық талаптарды орындамайтындарын көзімізбен көрдік. Тіпті тауардың қай мерзімге шейін жарамды екенін көрсететін құжаттары тұрмақ, сатылып жатқан өнімдерінің бетін ашып қойған. Беті ашық тұрған өнімге шаң тозаңдар түсіп жататынын білседе білгемегенсіп тұратындары таңқалдырды. Аталмыш базардың әкімшілік қызметкерлері осы орайда қандай шаралар қолдануда?
Әр айда бір сенбілік өткіземіз
Мақсұт Райымбекұлы. Түркістан қаласы, «Қуаныш» базары ЖШС әкімшілігінің қызметкері.
Біз тазалыққа дүйсенбі сайын сағат 16:00ден, 20:00 ге дейін тексеру жүргізіп отырамыз. Бізде базар ішінің тазалығын қадағалайтын арнайы мамандар бар. Әр айда бір күн базарды жауып, сенбілік өткіземіз. Жалпы базардың ішінде барлық сатушылар бізге қарамайды. Себебі қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер базардан орын алған. Яғни 400-450 орынға біз жауап бермейміз. Оларға жеке тұлғалар жауапты. Өзімізге тиісті аймақтарда күнде тексеру жүргізіп, санитарлық-витеринариялық тексерілуден тауарларды өткізіп, арнайы құжаттар береміз. Сондайақ 90 күнге дейін базар аумағында базардың әкімшілігіне салық төлеп, сауда жасай алатында мүмкіндіктер бар. Егер сатушы 90 күн мерзімі өткеннен кейін тағыда жұмысын жалғастырамын десе, салық комитетіне барып арнайы рұқсат қағазын алады. Яғни сатуға рұқсат етіледі деген құжат. Уақытша сатуға рұқсаты бар сатушыларда өз орындарын тазалап тұрады. Олардың тауарларыда тексерілістен өткізіледі.
Базар сыртында сүт өнімдерін сатуға тыйым салынған
Сапарғали Төленов, Түркістан аумақтық инспекциясының «Қуаныш» базары, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық әкімшілігінің инспекторы.
«Қуаныш» базарындағы мал өнімдерінің еті, ет өнімдері, сүт өнімдеріне, тауық еті, жұмыртақасына, балықтарға сынама жүргізіп, соларды қадағалау біздің міндетіміз болып табылады. Базар ішіндегі ет өнімдері арнайы алдын ала жасақталған сою пунктілерінен келеді. Қала аумағында 4 сою пунктілері орналасқан. Қалаға келетін ет өнімдері арнайы тексерілістен өтіп, төрт бұрышты мөр басып, қай күнге жарамды екенін білдіретін төл құжаттарымен жіберіледі. Сондай-ақ Қуаныш базары зертханасында қосымша сынамалар алынады. Егер өнімде ешқандай кемшіліктер болмаса, зертхананың мөрі басылып, сараптау актісі беріледі. Сүт өнімдері де арнайы зерттеуден өткізіледі. Сырттан келген сүт өнімдерінің жеке тексерілістен өткендігі туралы құжаты бар. Сол арқылы бізде қосымша тексерістер жүргіземіз. Балық өніміне келер болсақ. Бізде балықты сатуға арналған арнайы жасақталған орын жоқ. Бірақ базарда шағын балық сататын орынымыз бар. Сол жерлерден тексеру жүргіземіз. Осы уақытқа дейін балықтан ауырыпты деген адамды естімеппін. Дегенмен балық өнімін 3 сағат сайын тексерістен өткіземіз. Егерде сатушыда белгілі уақыт аралығында тексерілістен өткендігі туралы құжат болмас, ондай балықтарды алуға болмайды. Тауық еті мен жұмыртқасы сырттан келетін болғандықтан, сертификаттары болады. Біз сол арқылы сынама алып тексереміз. Егерде жұмыртқада мөр басылмаса ондай жұмыртқаларды алуға болмайтындығын ескертеміз. Тексеру барысында зерттеуден өткізіліп жатқан өнімдердің сапасы талаптарға сай келмеген жағдайда, өнімді бірден жойып жібереміз. Өкінішке орай базардың сыртында орналасқан сатушыларға тексеру жүргізе алмаймыз. Оларға қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталық жауапты. Тағы бір айта кететіні, базар сыртында сүт өнімдерін сатуға тыйым салынған. Ішкі істер қызметкерлерімен бірге арнайы шаралар қолданған болатынбыз. Бірақ сатушылар өз жұмысын тоқтатар емес.
Адаммен малға тән сарып ауруы бар. Ол ауру малдың еті, сүті, адамдар арқылы жұғады. Сондықтанда мал өнімдеріне абай болу керек.
Базардағы жағдайды қадағалай алмаймыз
Светлана Нұрғалиқызы, Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлім бастығы.
Базардағы жағдай бізді қатты алаңдатады. Лас тағамдардың сатылуы халық денсаулығына кері әсерін тигізетінін біле тұра, ештеңе жасай алмаймыз. Осыдан 4 жыл бұрын базарды жылына 4 рет тексеретін едік. Ал қазір бізге маратори жариялап тастады. Қазанның 14 бастап заң шыққан. Жылдың соңына дейін ешқандай тексеру жүргізілмесін деген. Қарашаның 26 тағыда жарты жылға маратори жарияланып отыр. Сол себепті біз базардағы жағдайды қадағалай алмаймыз. Бұрын арнайы рейд жариялап, тексеру жүргізілетін. Рейд жасауға тыйым салынды. Базардағы жағдайға әкімшілік пен ішкі істер басқармасы жауап беруге құқылы. Биылдыққа 1 рет тексердік. Сатушыларға ескертулер жасап айыппұл салдық. Көбінесе сатушылар гигиеналық талаптарды орындамай жатады. Оған ренжуге де болмайды. 80 см, 1м жерде қандай тазалық болсын? Сатушылардың арнайы халаттары, бастарына бас киім, қолдарына арнайы қолғап киюі қажет. Сондай-ақ сатып отырған тауарға рұқсат қағазы, сатушының медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтамасы болу керек. Ал қала базарларындағы сатушылардың көбі осы талаптарды орындамайды. Сонымен қатар бізге қысым көрсетіп жатыр деп арыз жазып, бізге қарсы шығуда. Жоспарлы және жоспардан тыс деген тексеріс жүргіземіз. Жоспарлы жоғарыда айтып өткендей жылына 1 рет. Ал жоспардан тыс дегеніміз тұтынушыдан келген арыз шағымдар арқылы жүргізіледі. Биылдыққа 1 шағым наубайханаға түсті. Біз оны прокуратураға тіркеп тексеру жүргіздік. Бізде 101 акт бойынша айыппұл салынады. Егер сатушылар сатушы құқығын сақтамаса аталмыш актілер бойынша мемлекетке айыппұл төлейді. Мұндай жағдайлар біздің тәжірибемізде аз емес.
Қала базарларына көңілім толмайды
Байбол Бердібекұлы, Түркістан қаласының тұрғыны.
Менің қала базарларына көңілім толмайды. Гигиеналық талаптарды орындамайды. Онымен қоймай таразыдан кем беретіні менің ашуымды келтірді. Азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Мен жұмыссызбын. Әйелім мектепте мұғалім. 4 балам бар. Базарға барып. 6 келі картошка алған едім. Бірақ алған затым 3,5 келі болып шықты. Мен оны байқамас едім. Егер алдымнан базарда жұмыс жасайтын танысым кездесіп, өзінің сандық таразысына тартып көрмегенде. Осылайша әлгі сатушыға барып тауарды өткізіп, ақшамды қайтып алдым. Бұл бір менің басымда болып жатқан жағдай емес, осындай келеңсіздіктер талай тұтынушыға зиянын тигізуде.
РS. Базарда сауда жасап күн көретін қаншама адам бар. Күннің ыстық, суығына төзіп, нарықтық заманда бәсекеге қабілетті болуды армандайтын халық базарды табыс көзі ретінде пайдаланады. Ал табыс көзі екен деп лас жерде өнімдерін өткізу, санитарлық талаптарды орындамайтын сатушылардың арқасында басқада адамдардың денсаулығына зиянымызды тигізіп жатқанымызды біледі ме? Азық-түлік бағасының қымбатшылығымен қоймай, сапасы сын көтермейтіні тағы бар. Осы мәселеге жауапты басшыда басын ала қашады. Сатушы құқығын білмейтін сатушылар, тұтұнушы құқығын бұзып жатады. Базарларда алынған зат қайтарылмайды делінеді. Негізі тауар сапасыз болса тұтынушылардың құқығын қорғау заңына сәйкес, тұтынушы алған затын қайтаруға және ақшасын кері алуға құқылы.Зерттеу жүргізгенімізде сатушыларға заң тұрғысынан өз міндеттерін түсіндіріп көрмек болдық. Біз тұтынушы ретінде тауық еті мен сүт өнімдерін алуға барғанымызда олар аталмыш өнімдердің шыққан мерзімін білмейтіні, арнайы құжаттарын көрсетуден бас тартқандары, және гигиеналық-санитарлық талаптарды орындамайтындығын көзімізбен көрдік.
Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік-санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлерінің айтуынша тиым салынған жерде де сауда жасайтындар бар көрінеді. Оларға бұл жерде сауда жасауға болмайды, бұл көпшілік орта десең, орындарынан қимылдамай, мен бұл жерге салық төлеймін деп отырып алады –дейді. Сонда бұған жауапты әкішлік басшылары тиым салынған жерде сауда жасауға рұқсат беріп қойғаны қалай? Сұрақ көп, жауап қайтаратын басшылар жоқ. Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңнен болайын дейтін жағдайға жеткендейміз. Бірақ бұл жағда й бір ғана базар маңында емес қаланың басқада аумақтарында орын алып жатыр. Қаланы тазалап ұстау біздің міндетіміз екенін білсе ғой… Сөз соңын қазақтың мақалымен қорытар болсақ, Жасыңда салақ болсаң, Бара-бара былық боларсың.

Қасиет ЕРБОЛҚЫЗЫ
Бөлісу:

8 пікір

zhanibek_nurish
ей автор, өзің ішкен құдығыңа түкірме. Түркістан базарында тауар бағасы арзан, сондықтан жағдайы нашар