Астана радиосында жаңа бағдарлама - IT Fm

Бүгін Астана радиосының жаңа бағдарламасына қатысып қайттым. Алғашқы эфирлерінің бетін аштық. «IT Fm» деп аталатын бұл су жаңа бағдарламада ІТ саласындағы жаңалықтар, қазақ интернетіндегі қызықтар, блогтардағы жазбалар мен пікірлерге шолулар және т.б болады. Жүргізушілері Зейнет пен Жанетта деген өздері де аттары да әдемі торғайлық арулар.



Бүгін Блог Құрылтай туралы болды әңгіме. Қыздар өте жақсы дайындалған екен. Бұрын журналистер интернет тақырыбында сұхбат ал деп жіберіледі де не сұрарларын білмей тұратын еді. Зейнет пен Жаннета мені таң қалдырды, айтар әңгімеміз 1 сағатқа симай қалды.

Бірге тыңдайық.

Бөлісу:

40 пікір

meirzhan
Бүкіл Қазақстанға тарамайтыны өкінішті. Сондықтан записьтерді осында тыңдап отырсақ жақсы болушы еді.
asaubota
ондай ұсыныс айттым. бағдарлама танымал болу үшін интернетке шығарайық деп. бүгінгіні жазып алып кеттім, шығардым.

маған форматы ұнады. қатайып қалған салиқалы әңгіме емес, еркін отырып, еркін көсілдік. сұхбаттан кәдімгідей демалып шықтым.
salta
о, Зейнет Мұсабаева! менің группаласым,қыпшақ қызы…
asaubota
бізбен құрдас па не Зейнет? мен қарындас екен деп отырсам
alashaman
Зейнет менің де группаласым. Қызық екен
chimaq
qazaqcha chyghama eken?
asaubota
төменге шығарып қойып едім ғой, сенде көрінбей ме?
chimaq
Endi chyqty..))estip jatyrmyn..
birjapyrak
Астана радиосында небир-небир мошный-мошный багдарламалар шыга бастады. Жарайсындар «101,4»
satibaldi
Сүйтіп, өздеріңді өздерің мақтап қоймасаңдар, басқа кім мақтайд
asaubota
өзім енді тыңдап шықтым. радиоға бірінші рет шығып отырмын, бұрын тек телефоннан алынған сұхбаттар болмаса. негізі радио қызық екен. маған ұнап қалды.

мені тек Жанеттаның Зейнеттің атын шатастырып алғаны күмілжітті және тақырыпқа сай емес солмайтын махаббат гүлі, разлука сияқты әндердің берілуі
Gulistan
Аттары да ұқсас екен.
тақырыпқа сай емес солмайтын махаббат гүлі, разлука сияқты әндердің берілуі

Мысалы? Қандай өлеңдер күттің?
Aldeken
Арайлым Әбдібекованың орындауындағы
Би билесе шалқып әнге сай, қосып әнге сай
Сен мен үшін lovely macho my, lovely macho my
Сағынып аңсап, күнде сені
Жүрегім ән сап тілдеседі
дееееп кете беретін осы әнді күткен болуы керек…
asaubota
саған оңашада айтайын, ок? мына эфирді былғамайық
Zhanniet
Құрметті, «керекинфоның» қыз-жігіттері! Амансыздар ма?! Лебіз тілектеріңізді оқып, көңіл қуанып отырған жайы бар. Сіздердің жалпыға ортақ, дегенмен де өз «фавориттері» бар керемет әлемеріңізге осылай «ақ тумызды желбіретіп» достықпен келген жайымыз бар.Бар ойымыз қазақ интернетінің дамуын, тыныс-тіршілігін халыққа жеткізу, назарын аудару. Басшыларыңыз Аршатты әңгімеге тарту арқылы осыдан 3 жыл бұрын жобасы жасалған хабардың тұсауын кестік. Зейнетті күтіп жүрдім бе, әлде, уақыты енді келді ме, әйтеуір бүгін фм толқынына шықты, ал тыңдарман (сіздер сияқты) көңіленен шығу-шықпауы бір құдайға мәлім. Зейнетті Сымбат дегенімді өзім байқамай қалыппын, оны да түсіндіре кетейін)) Жақында бала күтімі демалысынан жұмысқа шығатын жақын құрбымыз еді. Ол да эфирдің адамы. Маған Зейнеттің де Сымбаттың да жақын жандар екенін айтқым келеді.Айтқандай, әндер туралы… «непотеме» махаббат гүлі солмайды деген сияқты әндер кетті дейсіздер. Жалпы күнделікті плэйлисте тұрғандарының ішінде қазақша хиттерді таңдап алған түрім еді.Тыңдарманның талғамын таба беру қиын ғой. «Сымбат» деп қатырғаным ұят болды, Зейнеттен кешірім сұраймын ғой. Тікелей эфир дегеннің қызығы ма, шыжығы ма білмедім))) Сорри)) жалпы, өте қуаныштымын. Жақсы пікірлеріңізге рахмет. Хабарға шақырсақ, келесіздер деген үміттемін. Блогкэмп берекелі-мерекелі өтсін. Тілектеспіз.
ken
сәлем. сен фотода оң жақта, әлде сол жақтасың?
asaubota
мен просто басқаша ойлап қалдым. бұрын хеппи эндпен аяқталмаған бір романым болған еді сен айтқан қызбен аттас қызбен  ойлап қоям маған технично мессадж беріп жатқан жоқ па деп қоям
Zhanniet
Асеке, "қып-қызыл" сәйкестік))танымайтын адамдардын месседжін тасып нем бар))) соның алдыда ғана әлгі Симбомен сөйлескен едім ғой, жұмысқа шығу өтінішін жазып кадр бөліміне.
sakenspb
тек маған ғана естілмейдіма?
Gazizkizi
Зейнет пен Жанетта сөз табады ғой… Мықты журналистер! Жарайсыңдар!
a63a1
ВИПИЕМ ВКМ шығар
rauan97
Жүргізушілері Зейнет пен Жанетта деген өздері де аттары да әдемі торғайлық арулар.
5:00-50:05 Сымбат деп айтты ғой.
meirzhan
мені тек Жанеттаның Зейнеттің атын шатастырып алғаны күмілжітті
Adiletshu
Құрметті, Астана радиосының қыздары! Сатыбалдыдан сұхбат алыңыздаршы
Zevs
ол сұхбат бере қояр ма екен? ойланатын сұрақ!
Erlan
Тындап отырмыз Сухбатты
SaryQazaQ
Жүргізуші қыздар бағдарламаны жүргізуі ұнамады. Көшенің жыртың күлкісі радиоға керек емес. Сұрақтары жақсы бірақ, тақырыпты ашыпты
asaubota
қатайып қалған форматтан осындай еркін стиль жақсы сияқты.
meirzhan
Неткен байсалдысың
araika
Қарапайым сұрақтармен көмкерілген еркін сұхбат болыпты.
alashaman
Жанетта айтпақшы, бұл жоба кем дегенде 2011 жылдың қаңтарынан шығуы керек еді. Жоспар солай болған. Бірақ, сәті түспеді. Ерлан Оспаннан осындай тақырып туралы біраз кеңес алғанбыз. Ақыры қыздар жаңа бағдарламаны жасап шықты. Бәрекелді. Айтпақшы, Админ мырза баяғыда Қазақстан ұлттық арнасына берген сұхбатыңды неге қоймайсың сайтқа? Әсіресе, сол кездегі біздің бастығымыз туралы жазсайшы «Супер әңгіме» сол кезде болып еді ғой
asaubota
есіме алғым да келмейді сол кісіні. біздің БАҚты тежеп отырған сондай басшылар ғой.
AKY
Секен аға мен Джонасылдан басқа ешкім сұрақ қоймағаннес? Қайда жүрсіңдер бәрің, а???
Nurshat
Қазақ тілді радио керек. Аялдамада қазқша радиохабар тыңдасаң қандай күшті,ә…
Zevs
қазақша радиохабар тыңдап жынданып кетпесіңе кепілдік жоқ!
Zevs
шұбарланған тілмен радио тыңдасаң блогтағы кучт деген сияқты болады