Chance күнделігі: 5555 км

5555 шақырымды артқа тастадым. Салоннан алғаныма 11 ай болды. Осы аралықта қандай қызықтар болды деп сұрарсыз сіз?

Біздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.



