Алғашқы пост

Оба деген аты жаман ауру бар. Түгелімен жойып жібермесе де, ауыздықтап отыруды үйрендік (адамзатты айтам). Әйтпесе, оның таралу жылдамдығының қасында құс, шошқа тұмауы деген ойыншық сияқты ғой.
Табиғи ошағы бар бұл сырқаттың негізгі таратушылары кеміргіштер мен қансорғыш жәндіктер. Менің екінші әкем (қайын атам) обамен үздіксіз күресіп, майданның алғы шебінде жүретін жандардың бірі. Мамандығы биолог. Жаңағы айтқан кеміргіштерді аулап, ауру белгілерін іздеп, таралуына жол бермеу үшін жыл он екі айдың төрттен бірінде дала кезіп жүреді.
Бірде оның іссапарлар барысында қағазға түсіріп жүрген бір-екі жазбасын оқып қалдым. Таңырқадым, сүйсіндім, қызықтым. Енді солармен бөліскім келіп отыр. Мұның ешқайсысы ойдан шығарылмаған. Көзбен көрген, өз басынан өткен оқиғалар. Оқи жүріңіз. Бұдан кейінгілерінде тек автор сөйлейді.

Түнгі оттың сыры
Әрі қарай

Күнтізбеден Гугылға дейін

Баяғыда әр ауыл қазағының үйінде жыртылмалы күнтізбелер ілініп тұратын. Сол күнтізбелер арқылы біраз атаулы датадан хабардар болдық. Әр парағының артқы жағында қызықты мәліметтер, атақты адамдар өмірінен шағын мағұлыматтар бар болатын. сол заманның «Гугілі» еді ғой жарықтық. «Мынау әріден бастағанда не айтқысы келіп отыр?» деп отырған боларсыздар.
Бүгін адамзаттың ғарышқа табан тіреген күні десем артық кететін шығармын. Ол жақта табаның жерге тимейді деседі білетіндер. Адамның ғарыш кеңістігіне көтерілген күні.
Жұртқа жалға берсек те ғарыш айлағы бар, екі ғарышкері бар елдің өкілі ретінде барлығыңызды осы күнмен құттықтаймын!

Ескерткіш Қарағанды қаласына тиесілі. Ал, суретмына жерге тиесілі.
Әрі қарай

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
Әрі қарай

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайында ән айтып қалған әртіс апамыз.
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
Әрі қарай

ТҮЛКІ МЕН ҚАСҚЫР

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: — Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! — дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.
Әрі қарай

Белгісіз жан

Белгісіз жан
Соны көрсем, тулай соғар жүрегім,
Себебі ол жан қымбат маған, білемін.
Бірақ өзі жырақ менен, амал не,
Шын көңілден бақыт қана тілерім.

Көңілімде бір қаяу, алаң бар,
Бір соны ойлап, жан – жүрегім алаңдар.
Қандай жақсы, мұңайғанда, мұндайда,
Жайыңды ұғар жанашырың, досым бар.

Досымен сыр ақтарып, бөлісемін,
Осы жанның ақылына бас ұрамын.
Бірақ сол бір белгісіз жан гой кеудемде,
Сеп бола алар сезіміме тасыған.
Әрі қарай

Жұлдызшалар

***
Ауылға бардым. Қой қораның қиын ойдық. Қидың арасынан өлген бозторғайдың денесі шықты. Қойдың үстіне жұмыртқалағысы келген болар сірә…
***
«Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес,
Шалқайғанға шалқай, ол патшаның ұлы емес» деген мақал өтірік-ау деймін. Біреуге еңкейіп ізет көрсетсең, ол саған еңкеймек түгілі айналып кетіп, артыңнан бір тебеді. Басқасын істемегенге тәубе айтып кете барасың…
***
Үйіңнен қою тамақ жеген кейбір жігіттердің, былай шыға соңыңнан сұйық сөз айтатынына үйрене бастадым.
***
… Тауға да биік шығарсың
Жауыңды жеңіп тынарсың
Ағайын сенбей тұрғанда
Досыңның көзін ұғарсы...-алып -қосарым жоқ екен.
***
«Осы маған не жетпейді?» деп көп ойланатынмын. Жақында соның жауабын таптым. Маған ақша жетпейді екен. Бірақ, ол кімге жеткен дейсің?! Байлықтың түбіне жетем дегенше, ол сенің түбіңе жететіні де ақиқат.

«Осы неге басқа елдерде қайдағы жоқ қайыршылардың өзі лотереядан Джек пот ұтып жатады?-деп ойладым ұтыссыз „Казлотомды“ қоқысқа тастап жатып…
Әрі қарай

Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!


Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға «көн шалбары көтіне қатқан» бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.

Әрі қарай

Сосед украл болгарку...

Менің «тұзым жеңіл». Бірдеңеге ұрынып кетпесем жүре алмаймын. Өз-өзімнен, әлде өз-өзінен бірдеңеге ұшыраймын да жүрем. Бұл оқиға ертеректе, менің 25 жасымда болған еді, қазір 28 демін.
Обшым, үйге қонақтар келе қалды аяқ астынан. Марқұм қайнағам(ол кезде тірітін)жанында екі кластасы бар. Содан, ет жеп сорпа ішіп дегендей, кеу-кеу әңгіме айтылып жатыр. Есіктің қоңырауы қытайдың әуенін ойнап қоя берді бір кезде. Көршім екен. Есіктерін аша алмай жатыр.
Әрі қарай