Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.
Әрі қарай

Сурет әлемінде жаңа стиль

Малайзиялық суретші Винс Лоу сурет салудың жаңа стилін ашты. Суретші-иллюстратор сурет салу кезінде қолын сурет парақшасынан алмай(яғғни қаламды көтермей) сурттер салған. Төменде суретшінің үздік портреттеріне шолу:
Әрі қарай

Жер бетіндегі Қызыл ғаламшар

ЮТА штатындағы мына шөлді-қыратты мекен — Марс ғаламшарының тіршіліктен ада ландшафтын еске түсіреді. Дәл осы жерде марсиандық шөл дала зерттеу станциясы орналасқан. Жобаның басты мақсаты да сол, келер күндерде адамзаттың қызыл ғаламшарда әрекет ету мүмкіншіліктерін байқап көру. Мұнда түрлі тәжірибелер жүргізіліп, бұған қоса Марста және Айда пайдаланылатын техникалар ғарышқа жіберілместен бұрын, алдын-ала тексерістен өтеді.
Рейтер агенттігінің фотографы Jim Urquhart осы Жерде орналасқан Марсқа барып, ондағы тіршілікті көріп қайтқан екен.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Әрі қарай

Жауапкершілік жүктемейтін комедия


«Тәжірибе» атты комедия шығыпты, Гугл туралы екен деген әңгімені естісімен, Интернетте жағалап жүрген пақыр ретінде көрмекке құштарлығым артқан-ды. Әу баста әлдебір драма яки байопик болар деп едім. Комедия екенін білгенде біртүрлі болғаным рас. Әйтсе де сеанстан тоғайып шықтым.
Әрі қарай

Мен күтіп жүрген форум

Алматы қаласында 23-24 мамырда Достық қонақ үйінде төртінші рет өткізілейін деп отырған InternetCA-2013 форумы жайлы естіген боларсыңдар (әрине, менің әлеуметтік желіге қоймай жазуымнан).

Шыны керек, бұдан алдыңғы форумдарға қатысып көрмедім. Бірақ, керекті ақпараттармен таныстыратындығы анық. Осы форумды ерекше күтіп жүрмін. Мұның бірнеше себептері бар.

Интернеттің жұмысы жайлы толық білмейтін мен үшін бұл ең алдымен қызық. Қазақстандағы интернеттің техникалық тұрғыдан жүзеге асуы, ғаламтордың құрылымы, сайттардың дүниеге келуі, бұл торда өзіңе қатысты ақпараттардың конфедициалдығы, құқықбұзушылықтардың заңдық тұрғыда жазалануы, жалпы Казнеттегі барлық-барлық өзгерістер туралы ақпараттанғым келеді. Болашақта осы салаға қатысты жобаларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Көкейдегі сұрақтар;

Бір жағынан шет елден келетін сарапшылардың қорғайтын тақырыбы да қызығушылығымды оятпай қоймады. Халықаралық ұйымның өкілі ретінде арнайы шақырылған ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері жөніндегі бюросының директоры Андрей Рихтердің «Международные стандарты правового регулирования Интернет» және Литвадағы Журналистер Одағының басшысының "Әлеуметтік мәселелерді шешудегі креативті интернет-шешімдер" тақырыптары қызықтыра түсті. Біз білетін құқық реттеушіліктен басқа не айта алар екен, не қоса алар екен? Аталған сауалдарға форумда көңілге қонымды, пайдалы, тың жауап аламын деп үміттеніп жүрген жайымыз бар. Бізге дейін түрлі интернет саласына қатысты форумдар, конференциялар өткізіліп жатқандығын ескере отыра, өз басым осы күнге дейін тыңдамаған мына бір тақырып назарымды аударды. «Проблемы доступа к правовой информации на интернет-ресурсах государственных органов Казахстана» атты баяндаманы ЖШС «Компания «ЮрИнфо» бас директоры Игорь Лоскутов оқиды. Сонымен қатар, форумға Қазнеттің біз білетін белгілі тұлғалары да баяндама оқып, презентация қорғайды. Қазақ интернетінің дамуы жайлы баяндамалар форумға баланс береді. Садық Шерімбек, Жалғас Ертай, Нұрлан Құлымбетов сынды бізге белгілі тұлғалар презентация қорғайды.(Садық пен Нұрланның презентация қорғағанын көрмеппін) Тақырыптар мен интернетке қызығушылықты бірінші себепке жатқызып келесі себепке көшейік.

Көптен көрмеген достарды көріп, улап-шулап қалу;

Блог саласында, жалпы интернетте араласатын достарыңның көп болғандығына не жетсін?! Күнде кездесуге кейде мүмкіндік, кейде уақыт, кейде,әлің жетпейді. Монитордың артынан хал-жағдай сұрау әдеттегі дүние. Офлайндағы кездесу достардың жаңалықтарымен бөлісуіне, жаңа идеялардың туындауына, Тимур айтпақшы, аралас-құрмалас сөйлемдер айтуға мүмкіндік береді. Облыстардан жиналатын, форумға әдейілеп келген достармен тағы бір рет кездесіп, фотоаппаратқа шырт-шырт етіп суретке түсіп, «былай түсір, менімен түс, мында түсір» деген әңгімелер, бітпейтін тақырыптарда бөсуге күшті мүмкіндік. Кездесулер адамдарды жақындататыны сөзсіз.

Менің жыр болған бір жылдық дипломым;

Неменеге дипломын «пихать» етіп отыр деп сөкпеңіздер. Бұл мен үшін жыры ең көп, жатсам-тұрсам, жұмыс істеп отырсам да, жазып отырсам да ойлайтын ең ауыр, психозды ой. Жылдың басында тақырыбымды бекітіп алып бір жапырақ жоспармен, әлі шегіртке болып жүрмін. Неге жазбайсың енді? Е ее е еее-йй, жоқ оған материал, жоқ! Қазақстандағы алғашқы БАҚ сайттарының пайда болуы жайлы энциклопедия жазған адамды он рет аспанға лақтырар едім. Орысша материалдар болғанымен фотожурналистикаға қатысты кітап жоқ. Сонша шаршайтындай, қандай тақырып? «Отандық сайттардағы фототуындылардың ақпараттық мазмұны мен ерекшеліктері» деген фотожурналистикаға қатысты бір түйір ғана қазақша кітап бар тақырып. Бір түйір кітаптың өзі де фотожурналистикаға емес, фотографияға арналған.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтардан, диктофонымды арқалап сұхбат алып, дипломдық жұмысыма материал жинаймын. Егер келейін деп жатсаңыздар маған көмегі тиетіндей материалдарыңызды арқалай келсеңіздер жақсы болар еді… Елдің зығырданын қайнатып, қисық-мисық сұрақтарымды қойып аламын деп жүрмін. Көрерміз қалай боларын…

Мен үшін осындай маңызды себептер бар. Сондықтан достар, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, бас ауыртатын проблемалардан алыстағыңыз келсе, форумға келіңіз. Сіз сөйлемесіңіз мен сөйлеймін.

Жолда келе жатып адресті ұмытып қалып жатсаңыздар: Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы. Мамырдың 22-23 күні таңертеңгі сағат 09:30-да тіркеуде көріскенше.

Не да, не ғой, материал, ақпарат ұмытпаңдаршы… болып жатса…
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай