Көңіл айту

Қазақта «Көрген жерде көңіл айт, көңілі қалмасын» деген сөз бар. Біреудің қазасына бара алмасаңыз, кейін кездескенде мейлі ол оқиғаға 1 жыл өтсе де көңіл айтудың еш сөлекеттігі болмаған. Әбден орыстанып кеткен бір қазақтың ағайындары қайтыс болғанда «Бақытты болсын» дегенін айтып еді бір кластасым.

Ақселеу Сейдімбек қайтыс болғанда ол кісімен аталас болып келетін Қр еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жақсыгелді Кемаловқа біраз адамдар көңіл айтса керек. Моңғолиядан елімізге көшіп келген сазгер Ысқақ Тәукейұлы (жасы үлкен кісі) денсаулығына байланысты кіріп шыға алмаса керекті. Ысқақ ағамызда Ақселеу марқұммен тығыз шығармашылық байланыста болған адам. Уақыт өте Қарағандыдағы бір концертте Жақсыгелді ағамыз Ысқақ Тәукейді алыстан байқап қалыпты. Ысқақ ағамыздың да өзін көргенін сезіпті. Арада біраз уақыт өтіп кеткендіктен көңіл айтудың ретін таба алмай отырған Ысқақ Тәукейұлы концерт соңында Жақсыгелдігі тақалып«Сен неге маған Ақселеудің өлгеніне байланысты көңіл айтпайсың?» деп, өзінің де онымен қатты араласқанын тілге тиек ете отырып, әдемі түрде көңіл айтқан деседі.
Әрі қарай

Дэниел Рэдклифф: Гарри Поттерден басқа рөлге ену қиын болмады


"Қара киімді әйел" (The Woman in Black) хоррорында Дэниел Рэдклифф әйелінен айырылып қалғаннан кейін ауыр қайғыда жүрген жалғыз басты әке рөлінде ойнайды. Бірақ, оны алда тағы бір ауыр сынақ күтіп тұр. Үрейлі фильмдер жанрындағы дебюті жайында актер Cinema Blend ресурсына берген сұхбатында әңгімеледі.
Әрі қарай

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды

Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.

Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов бүгін Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желі мамандары балалар порнографиясын қамтитын, терроризм мен экстремизмді, есірткіні, қылмысты насихаттайтын сайттар туралы мәліметтер мен өзге интернет қауіптерге қарсы әрекет етпек.

Бүгінгі таңда “шұғыл желі” сайтына төрт мәлімет келіп түскен. Олардың бірінде шетелдік интернет ресурс атына шағым түскен.

kaz.gazeta.kz/art.asp
Әрі қарай