Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген

Астана жаңалықтары: Астана қаласында барлық мекемеге жылу берілген

Қазіргі таңда орталықтандырылған жылыту жүйесіне 5 497 ғимарат қосылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы Астана қаласы әкімдігінде өткен аппарат жиналысынан.

«Жылыту маусымы бойынша барлық мекемелер штаттық жүйеде жұмыс жасауда, барлық тұрғын үйлер орталық жылуға қосылған», — деп айтты Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Қала бойынша 2 250 көпқабатты тұрғын үй бар, барлығы орталық жылуға қосылған, барлығына жылу берілген.

Сонымен қатар мектептер, ауруханалар, мәдени ошақтар жылумен толық қамтылған.

Қазіргі күні жылуға орташа баға 2 589 теңгені құрап отыр.

Еске салайық, 2016-2017 жылыту маусымына дайындық кезіңде «Астана-Энергия» АҚ-ның басты және қосымша құрал-жабдықтарына кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жүз пайыз қуатында жұмыс жасауда.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 14 қазанындағы шығарылымында қойылған сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 14 қазандағы эфирінде 3-айналымның үшінші ойыны өтті. Қонаққа келген «4.fm» командасы ойынды 5:6 есебімен аяқтады.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2017 жылғы 14 қазанындағы шығарылымында қойылған сұрақтар
«Әйел» элементінің әзілдік сипаттамасында «Атомдық массасы 60; 40 пен 250 арасындағы изотоптары бар, немесе алтын, күміс, платина сияқты металдармен жақсы қарым-қатынасады» деген сияқты сипаттар бар. Оның латынша әріптермен таңбалануы — Микронезия федератив штаттарының доменімен бірдей. Бұл доменді бір қызмет яки мекемелер өздері үшін белсенді пайдаланады екен. Бұл қысқартылған аббревеатураны, яғни қаріптерді атаңыз.

Сатиралық романында Оруэлл балалары мен немерелері отағасын жақсы көргенін, алайда бәрібір өздерін бес тонналық Альфамен қауіпсіздендіріп, қорғанғандай болғанын жазады. «Альфа» сөзін кейде қызмет көрсету хабарландыруында жазылып тұратынын ескере отырып, құрама сөзбен атаңыз.

Қазақтың (биологиялық сипаттағы) жұмбағын шешіңіз:
Бір күмбездің ішінде мың күмбез.

Ғасырлар тоғысында дыбыс жазуға арналған «си-ди» және видеоақпарат жазуға арналған «ди-ви-ди» шықты. Дисктердің көлемі бірдей болатын, ал қораптары әртүрлі-тұғын. Бұған киімнің қандай бөлігі кінәлі болды деуге болады?

Франк Геллердің «Екінші түн» романында сиқырлы кілем үшін таласқа түскен үш саяхатшының басынын кешкендері суреттеледі. Алдыңғы сөйлемде қандай сөзді тастап кеткенімізді атаңыз.

Бір мультфильмде мынадай эпизод бар: арыстан үлкен кеңес құрып, келген хат жайлы айтып беру үшін жануарларды жинайды. Аңдардың көбі хатқа сенеді, алайда кейбірі, мысалы, жалғызмүйіз ат, сенбейді. Хат авторын атаңыз.

Түркі ақыны Сәйф Сараи «Сухейіл мен Гүлдірсін» поэмасында өзінің жарқыраған сүйіктісін айналып жүрген аруды суреттейді. Аудармашының пікірнше, (XIV ғасыр ақыны) Сараи шамамен бір жарым ғасырға кімнің алдын ораған?

«Х — ешқашан шешуі табылмас жұмбақ, ешкім шығара алмас қиын есеп» дейді Оралхан Бөкей. Бақытжан Байқадамов: «Х дегеніміз ән, ән дегеніміз — Х» деген. Ал Ленинград блокадасы кезіндегі Ладога көлі арқылы өтетін жалғыз көлік магистралін Х жолы деп атаған. Х-ті атаңыз.

1506 жылы жазылған Бернхард Штригельдің картинасында екі адам және ауада қалықтаған бүктеме қағаз бейнеленген. Осындай қағаздардың аналогтары — бұлжымас бөлшегі болып келетін заманауи жанрды атаңыз.

Қала көшелерімен жүйрік болидтердің жарысы өтпес бұрын, көшелерге дәнекерлеушілер шығады. Әйтпесе, мысалы, 1990 жылы Монреальдағы автожарыс кезінде орын алған сияқты апат болуы мүмкін. Дәнекерлеушілер не істейді сонда?

Набоковтың кейіпкері үй маңында (өз бағын қарап) жүріп, күндер жоғалып, орнына айлар пайда болғанын байқайды. Ол не туралы айтып тұр?

Эфир аудиожазбасын ресми сайттан тыңдауға болады.
Әрі қарай

Жосықсыз такси жүргізушілерінің жауапқа тартылатындығы ескертілді

Астана жаңалықтары: Жосықсыз такси жүргізушілерінің жауапқа тартылатындығы ескертілді

Көлік қызметкерлері ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов жолаушылардың жеке тасымалымен айналысатын жүргізушілерді «Bus Lane» жолақтарына шыққандығы үшін жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Біз қазір ресми тіркелмеген такси жүргізушілерінің «Bus Lane» арнайы жол жолақтарына жиі шығып кететінін байқап отырмыз. Олар жазасыз қаламыз деп есептейтін болар, бірақ қыркүйек айында фото және бейне тіркейтін «Сергек» жүйесі іске қосылғандығын еске салғым келеді. Бұл жүйенің көмегімен ЖЖЕ бұзудың фактілері, оның ішінде жеке тасымалмен айналысатын такси жүргізушілерінің «Bus Lane» жолақтарына шығуы да тіркеліп отырады», — деп хабарлады Медет Құрманов.

Елорданың көлік қызметкерлері ассоциациясының төрағасының сөзінше, қазіргі таңда қоғамдық көліктерден басқа «Bus Lane» жолағымен Астананың жолаушылар көлігі басқармасында ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың көліктері жүреді. Ал, «Bus Lane» жолағына шығып жеке тасымалдаумен айналысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мұнымен қоса, ресми түрде тіркелген тасымалдаушылардың санын арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. Енді «Astana taxi» брендімен тек такси қызметін көрсетуші компаниялар ғана емес, жеке такси жүргізушілері де жұмыс істей алады.

«Қазіргі таңда бірыңғай такси қызметі жүйесіне тіркелу қиын емес. Ол үшін Таксомоторлы компаниялар қауымдастығына хабарласу қажет. Компанияның көлікке қоятын талаптары бар. Көлігіңіздің ескілігі 7 жылдан аспауы керек. Оның түсі ақ болғаны жөн. Жүргізушігеде талаптар қойылады.Олар тәрбиелі, жауапты, адамгершілігі мол азамат болғаны абзал», — деді Медет Құрманов.

Қызметке ресми түрде тілкелген жүргізушілер «Astana taxi»-дің call-орталықтары арқылы тапсырыстарды қабылдау, «Bus Lane» жолағымен жүру мүмкіндіктерінен басқа ресми такси қызметтері елорда әуежайының, екі теміржол вокзалының аумағындағы мамандандырылған автотұрақтарға, астаналық таксиге арналған инфрақұрылымдардың шеңберінде құрылып жатқан басқа да қалалық тұрақтарды пайдалану құқығына ие болады.

Жеке тасымалмен айналысып жүрген жүргізушілер «Astana taxi» қызметіне тіркелгеннен кейін, бюджетте салық түсімдері өскені байқалған, сондай-ақ қызмет бағасына бірыңғай тариф енгізіп, орталықтандырылған call-орталығы құрылып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек, — дейді Медет Құрманов.
Әрі қарай

Арон Бракаш: "Атамбаевты тасташы, бізді орыстар лақтырып кетті!"

Өткен муаххаламызда Үнді Қарулы Күштері 15 жыл бойы жүргізген тендер ақыры аяқталып, жеңімпаз анықталғанын айтып өткен едік және оған AKY ештеңе демеген болатын.

Қарулар: Арон Бракаш: Атамбаевты тасташы, бізді орыстар лақтырып кетті!

Бүгін Kerekinfo.kz, Defense Club арқылы үнді әскери техника сарапшысы, Үнді Әскери-теңіз флотының бұрынғы адмиралы Арон Бракашқа хабарласып, Атамбаев туралы айтқанда, ол:
Әрі қарай

Бородюк: "Румындарға тосын тактикамыз дайын"

5 қазан күні Румынияның Плоешти қаласында алаң иелерімен ойнайтын Ұлттық Құрамамыз «Илие Онае» стадионында бүгін баспасөз мәслихатын өткізді.

Футбол, тек қана футбол!: Бородюк: Румындарға тосын тактикамыз дайын

Ұлттық Құрама бас бапкері Александр Бородюк:
— Екі команданың да өздерінше дәлелдейтін нәрселері бар. Румынияда жаңа бапкер, алғашқы ойыны. Әлбетте маңызды матч жеке ол үшін де. Қызық ойын болады деп ойлаймын.

КСРО кезінде Румынияға қарсы ойнадым. Әдемі естеліктерім қалды. Ол кезде мықты құрама болатын. Қазір де жаңа ұрпақ өсіп келеді оларда. Сондықтан екі жақ та өздерін барынша көрсеткісі келеді.

Біздің бірнеше ойыншымыз жарақаттарына байланысты ойнай алмайды. Бірақ футболда ауыстырылмайтын ойыншылар болмайды. Бұл бір жағынан басқаларға шанс. Сол шансты қолдана алулары керек. Өздерін көрсетіп, негізгі ойыншыларға айналуға тырысулары керек. Және жалпы тек өздері емес, өз елдері үшін ойнаулары керек.

Чемпионаттағы турдан кейін Ұлттық Құрамада дайындыққа, ойын философиясын сіңіруге 5-6 күн керек. Сол жағынан кемшілігіміз бар. Бірақ барынша дайындалдық.
Румын құрамасында жаңа бапкер, оның не дайындайтынын біле алмаймыз. Оларда да өзгерістер болатыны анық. Қауіпті ойыншылары көп, әр позицияда мықты ойыншылары бар.

Ертең өзгеше тактикамен ойнаймыз. Тактикалық схемамыз әзір, тосынсый жасауға дайынбыз.
Әрі қарай

Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

Астанада "Астана Балет EXPO GALA" өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Астана Балет EXPO GALA өтеді

18 тамызда елордалық театрда қала тұрғындары мен қонақтардың назарына «Астана Балет EXPO GALA» театры өзінің әйгілі бағдарламасын ұсынады.

Бағдарламада көрермендерге екі біракті балет көрсетіледі: Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Рикардо Амарантенің «A fuego lento» туындысы.

Айта кетейік, «Серенада» балеті ХХ ғасырдағы балеттің алтын тізіміне кіреді. Джордж Баланчиннің «Серенада» балеті П. Чайковскийдің ішекті аспаптар оркестрі үшін Серенада музыкасына Д. Баланчиннің қорымен әзірленген және Баланчиннің техникасы мен стиліне сәйкес дайындалған.

Балеттің басталуы сағат 18.00-де.
Әрі қарай

Астаналық Арбатта 500-ші қолөнерші тіркелді

Астана жаңалықтары: Астаналық Арбатта 500-ші қолөнерші тіркелді

Бүгінде елордалық Арбатта 500 қолөнерші еңбек етуде. Қолөнершілердің соңғы легі Алматы қаласынан өздерінің бірегей туындыларымен келді.

Әкесі мен баласы: Илья және Константин елордаға жаңа туынды — глюкофон музыкалық құрылғысын алып келді. Музыкалық құрылғының ерекшелігі мен бірегейлігі – музыкалық құрылғыда ойнаудан хабары жоқ кез-келген адам қолдана алады. Музыкалық құрылғыны қалай қолданса да, әдемі әуен шығады, нақты мына тетіктерді басу керек ереже жоқ. Арбаттың негізін қалаушы әрі идея авторы Арай Ордабаева ЭКСПО көрмесі басталғаннан бері елордалық Арбаттың жұмыс нәтижесі жөнінде баяндады.

«Біздің Арбат – шығармашылықтың еркін аумағы. Арбат шығармашылыққа ден қойған адамдардың ордасы, суретшілер, қолөнершілер, қолдан түрлі бұйымдар жасайтын шеберлер, бишілер мен музыканттар мекені. Қазірдің өзінде қолөнершілердің саны 500-ге жетті, олар Қазақстанның түкпір түкпірінен ағылуда. Біз сауда саттықтың 50-ге жуық нүктесін анықтадық»,- деді Ордабаева.

Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен Есіл өзенінің жағалауында астаналық Арбат ашылған болатын.
Әрі қарай

Астана-инновациялар қаласы

Астана жаңалықтары: Астана-инновациялар қаласы

Астанада қала мәселелерін шешуге арналған ашық мәліметтер бойынша хакатон өтті.

2017 жылдың 5-6 тамызында Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ашық мәліметтер (Open Data) негізінде қала міндеттерін жүзеге асыратын жобаларға арналған бірінші хакатон өтті.

Стартап-марафонды Астана қаласы әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ мен MOST бизнес-инкубаторы бірлесіп ұйымдастырды.

Хакатон – ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшалар жасау арқылы қаланың технологиялық мүмкіндігін шешу мүмкіндігі.

Қатысушылар өз жобасымен жұмыс жасау барысында сарапшының қолдауына және нетворкингке арналған алаңға қол жеткізді. Ал үздік үш команда жүлде қоры 500 000 теңгені өзара бөлісті.

Бағдарламалық қамту саласындағы құрастырушылардан дизайнерлерден, маркетологтардан, сарапшылардан құралған команда Астананы одан әрі жақсарту үшін бас қосты.

Іс-шарада құралған командалар 48 сағат ішінде қосымшалар прототипін жасап, өнертапқыштық бағдарламалау машықтары мен мәліметтерді өңдеу бойынша өзара жарысты.

Хакатонның бірінші күні бірқатар ақпараттық және білім беру сессиялары өтті. Оның барысында шақырылған сарапшылар ашық мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін айтып берді. Менторлар мен қазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Ашық мәліметтердің басты мәні (open data) – билік органдары жұмысының ашықтығын арттыру, тәуелсіз құрастырушыларға қосымшалар мен сервистер жасауға жаңа мүмкіндіктер жасау, қаланы өз күштерімен жақсартуға жол ашу.
Әрі қарай

Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тегін оқытады

Астана жаңалықтары: Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тегін оқытады

Әлеуметтік кәсіпкер, «Green tal» шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздіктерін жұмысқа қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Әлеуметтік жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды тігін және ағаш цехтарында оқытып, үздік мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде шамамен 150-ге жуық азаматты оқытып, оның 20-ға жуығын әлеуметтік щеберханаға жұмысқа қабылдадық», — дейді кәсіпкер Эмин Әскеров.

«Green tal» шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды оқытып, үздіктерін жұмысқа алады.

«Сонымен қатар алғаш рет менталды ауытқуы бар азаматтарды оқытып бастадық. Оның үшеуі тұрақты жұмыс тапты. Жақын күндері тағы біреуі орналасады. Менталды ауытқуы бар 90-нан астам адам жұмыс кезегінде тұр», — деді «Green tal» шеберханасының жетекшісі.

Аталған шеберхана кез келген әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топқа жататын азамттарды тегін оқытуға дайын. Үш топтағы мүгедектер, көп балалы аналар, есту және сөйлеу қабылеті төмен және жетімдер үйінің түлектерінің шеберханадан кәсіп меңгеріп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Шеберxана басшыларымен байланыс орнату үшін:

«Green tal» Эмин Аскеров, мекенжай: 187 көше, 21 үй, Green TAL әлеуметтік шеберxанасы
Әрі қарай