Астанада музейдегі түн өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада музейдегі түн өтеді
Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейдегі түн» акциясы өтеді. Шара 18 мамырда сағат 18:00-ден 19 мамырда сағат 01.00-ге дейін болады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Акция барысында залдарда тегін экскурсиялар ұйымдастырылады, онда музей қонақтары ежелгі және қазіргі Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысады.

Сондай-ақ қонақтардың назарына қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара әдемі лазерлік шоумен аяқталады.

Бүгінгі күні әлемнің 40-тан астам елінде «Музейдегі түн» өткізу дәстүрге айналды. Қазақстанда да музейлердің көпшілігі бүгінде осы мерекелік акцияны үлкен жауапкершілікпен өткізуде. Ұлттық музей бұл акцияны екінші рет ұйымдастырғалы отыр. Өткен жылы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

inform.kz/kaz/article/2903540
Әрі қарай

16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Киностан: 16 қыз - жаңа романтикалық комедия 03 наурызда!

Нұржан мен Сәлиманың арманы — немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлеріміз қандай қиындықты бастан кешпейді дейсің!

Әрі қарай

Қар жауды бүгін...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қар жауды бүгін...

Қар жауды бүгін
періште билеп еңсені
Қар болып кетсем,
қалқам деп
қарсы аласың ба сен мені.

Ақ ұлпа біткен әуеде жүр ғой би билеп,
Қадірлі өзі,
Күтпейді көктен де мүлде сый-құрмет.

Ақ жастық — бұлттан үлбіреп түскен сыңайлы,
Еске
Әрі қарай

Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

Қыркүйек айының 24-26 күндері аралығынға шығыс өңірінің халқы өзге аймақтардан қалыспай Құрбан айт мерекесін атап өтті. Халифа Алтай атындағы орталық мешітте таңғы Айт намазы оқылып, дұға етілгеннен бастап, мереке өз жалғасын тапты.
Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа мал шалынып, оның еті үш бөлікке: өзіне, туыстарына және мұқтаж азаматтарға таратылып берілетіндігі көпшілікке аян. Бірақ, биылғы жылы құрбандыққа… 4 қыз шалыныпты. Дәл осындай отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап, жастардың арасында мереке шырқын қашырды.
Жастар арасында әлеуметтік желі, соның ішінде Вконтакте, WhatsApp желілері арқылы таратылған суретте Бахабистер қыздарды құрбандыққа шалу үшін ұрлап жатқандығын айтса, жедел таралған аудиожазбада: «… қыздары! Жаңа хабарландыру болды! Байқап жүріңдер жолдан! Экстремизм жүріп жатыр! Осы қаладан 4 қызды ұрлап кетіпті. Ешқайда бармаңдар. Бүгін үйде отырыңдар. Ешқандай таксимен жүрмеңдер. Кешке көшеге шықпаңдар! Түсінікті ма? Үйде болыңдар. Осылай бәрлік қыздарға жетізіңдер. Па городу милиция жүріп жатыр» (жазба редакциялық жөндеуден өтпеген) деген саңқылдаған қыздың дауысы бірден жас буын өкілдерін дүрліктірді.
Дәл осындай хабарландыру 2012 жылы көптеп таратылған еді. Онда Оңтүстік Қазақстанда, Қарағандыда экстремисттер көшеге қағаз лақтырып, онда 40 баланы құрбандыққа шаламыз деп жарияланған-мыс. Сол жылдан бері дәл осындай хабар жаңа жылда, наурыз мерекесінде емес, Ораза айтта да емес, дәл Құрбан айтта таратылады.
Айталған хабар аясында тек әлеуметтік желілер ғана бір шулап қалды. Ал ресми ақпарат таратушы ғана емес, бейресми сайттардың өздері де бұл тарапта ауыз ашпады. Тек abai.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасаған «Құрбандыққа «Адам шалады» деп алаңдауға негіз жоқ» деген мақаласында оның барлығы жалған екендігін көрсеткен.
Жасырмаймыз, балалар жоғалу үстіне. Дегенмен, оны дәл Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа шалынып, еті жіліктеніп, таратылып жатқан жалған ақпаратпен немесе дезинформациямен байланыстырудың қажеті жоқ сыңайлы. Себебі көріп тұрғандарыңыздай ешбір жерде ресми ақпарат таратылмады және сақтық шаралары жүргізілмеді.
«Қорыққанға қос көрінеді» демекші, тәуелсіз, зайырлы және дін бірлестігі орнаған елде отырып, күлкіге қалып жатырмыз. Әрине, «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағида бар. Жыл сайын «көрінбейтін адамдар» «көрінбейтін қыздарды» құрбандыққа шалғанына басымызды сұқпай, қалай ақиқат пен өсекті айыра білу керектігін үйренсек етті.
Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?Блог - ElzhanKairhanov: Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?

"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік

Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық...

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАстана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікҚұдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікРасымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!

Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАйтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікБіраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
Әрі қарай

Сенбілікке 81 мың адам қатысады

Астана жаңалықтары: Сенбілікке 81 мың адам қатысады
Сенбі күні Астана қаласында «Біз – таза қала үшін!» ұранымен жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 81 мың адам, 460 техника жұмылдырылатын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, ағаш отырғызу, сондай-ақ Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақты қоқыстардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделген.
Жалпы қалалық экологиялық сенбілік кезінде 3300 ағаш отырғызылмақ. Оның ішінде жапырақты шегіршін, сүмбіл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашы бар. Сондай-ақ, мектептер, балабақшалар және медициналық ұйымдар аумағында 3000-ға жуық көшет егіледі.
Шараға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен ұйым өкілдері қатыса алады.
Әрі қарай