Астанада музейдегі түн өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада музейдегі түн өтеді
Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейдегі түн» акциясы өтеді. Шара 18 мамырда сағат 18:00-ден 19 мамырда сағат 01.00-ге дейін болады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Акция барысында залдарда тегін экскурсиялар ұйымдастырылады, онда музей қонақтары ежелгі және қазіргі Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысады.

Сондай-ақ қонақтардың назарына қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара әдемі лазерлік шоумен аяқталады.

Бүгінгі күні әлемнің 40-тан астам елінде «Музейдегі түн» өткізу дәстүрге айналды. Қазақстанда да музейлердің көпшілігі бүгінде осы мерекелік акцияны үлкен жауапкершілікпен өткізуде. Ұлттық музей бұл акцияны екінші рет ұйымдастырғалы отыр. Өткен жылы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

inform.kz/kaz/article/2903540
Бөлісу:

3 пікір

boztorgai
тіріліп кеп таң бозарғанша іш пыстырмайтын экспонаттар жағы қалай екен:)
zholantai
кеш батқанша іш пыстырады ма?