"Бес рет естігенше, бір рет көр"

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Үш жылға бергісіз үш күн.

Алғашқы танысу, алғашқы көрісу, алғашқы қатысу, алғашқы қоштасу, алғашқы, алғашқы… Шынымен барлығы мен үшін алғашқы рет орын алып жатыр. Өмірімдегі ең қызықты күндерімнің қатарына тағыда үш күн қосылды. Маған салса, тағы үш күн, тіпті, одан да көп күндерге соза берер ем.

Жер жәннаты Жетісудағы Талдықорған қаласында БлогҚұрылтай алғашқы рет өткізілді. Бұл құрылтайдың ерекшелігі — Қазақ хандығының 550 жылдығымен қатар келуі. Арнайы жоспар бойынша алдымен қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың мұржайы мен ауылына бас сұқтық. Тағы бір ескеретін жайт — биыл Шоқан Уалиханов 180 жасқа толып жатыр. Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан мұражай әлемдік маңызға ие мұражайлардың қатарында.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Ертесі наурыз мерекесін Талдықорғандықтармен бірге қарсы алдық. Олбыс әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар мен әр түрлі көрмелерді тамашаладық (наурыз көже де іштік). Кешке Жастар спорт сарайында спортың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Әрмен қарай қызықты сәттер — қонақ үйдегі мафия ойнымен жалғасты. Жылда келіп жүргендер біраз тәжірибе жинап алған екен, мен сияқтыларды ойнатпай тастады.

Бүгінгі құрылтайда өзімізге маза бермей жүрген сауалдарға жауап таптық, білікті мамандардан ақыл-кеңес алып, семминарлар тыңдадық.
BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр
Үлкендердің батасын алып, сеніміне де ие болдық.

«Бұл құрылтай бұрынғыдан өзгерек».

Осыған дейінгісін сырттай бақылағандықтан ба, әлде өзім алғашқы рет келгендіктен бе маған солай көрінді. Талдықорғанға деген алғысымыз шексіз.

ПЫСЫ: Алғашқы демекші, бұл менің керек инфодағы алғашқы посым.
Әрі қарай

Дін саласы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырудың жолдары

Бүгін (13.02.2015) дінтанушы Рүстем Сыздықовтың Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «ОҚО дін саласы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге ҚМДБ өкілдігі, имам-молдалар, колледж студенттері мен ұстаздары, БАҚ өкілдері, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы қызметкерлері, "Әлеуметтік бастамалар орталығының" дінтанушылары, облыстық оқу орындардың жастары қатысты.

Кездесу барысында «Дарын Мубаровты тыңдауға болады ма?», «Орамал тағып, сақал өсіргендерді „вахабист“ деп айтуға болады ма?», "Қазақ жерінде экстремистік топтар болған ба?", «Керағар ағымдардың сипаттары» жайлы сұрақтарға жауаптар берілді.











Әрі қарай

Өктем Заурбековпен сұхбат

Қазіргі таңда сәләфилік, мадхалилік (Өктем өзін олай атамаймын дейді) бағытта уағыз-насихат айтып жүрген Қазақ-Кувейт университеті, Мединадағы Ислам универститетінің түлегі Өктем Заурбековпен сұхбат.
Әрі қарай

Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Бахадыр Хәкім — Түркия қазақтарының арасынан шыққан актер. 2002 жылдан бері бірнеше фильм және сериалдарға түскен, ТРТ-Аваз телеарнасында 8 жыл бойы шыққан «Түркияның қазақтары» атты бағдарламаның продюсері.
Қаңтардың 1-інде 36 жасқа толатын сүрбойдақ актермен сұхбаттасқан едім.


— Бахадыр, жалпы кино өнеріне қалай келдің?
— Кездейсоқ оқиға арқылы. Ол кезде актерлік білімім жоқ еді, ешқандай кастингке де қатыспадым. Бір жерде танымал түрік режиссері Осман Сынавпен кездесіп қалдық. Өзі түсіріп жатқан сериалға шақырды. Осылайша кино өнеріне адым аттық.

— Киноға дейін немен айналысатын едің?
— Тері илеу — Ыстанбұл қазақтарының кәсібі. Тағдыры деуге де болады. Терімен айналыстық біз де.

— Отбасыңда бар ма еді өнер саласындағылар?
— Жоқ, анам зейнеткер. Актерлікке қызығушы едім, інім екеуіміз бала кезімізде өзімізше көрген фильмдерімізді салатынбыз. Ал Түркия қазақтарынан марқұм Мұстафа Өзтүрік және әкесінің бірнеше фильмге түскенін білемін.

— Сені алғаш рет 2003 жылы студент кезімнің танымал фильмі G.O.R.A-да көрдім. Сол кезден бері әлі қытай, жапон рольдерін ойнаудасың. Қашан қазақ боласың?
— Иә, бірнеше фильм және сериалдарда шығыс азиялық типтегі рольдерді сомдаудамын. Қазақстанда «Жау жүрек мың бала» фильмінде де жоңғар ролінде ойнадым. Өзім фильм түсіріп, өзіме өзім қазақ ролін беретін шығармын.

— Ондай жоспар бар ма?
— Алдағы жазға сондай ой бар. Қазір сценарийін жазудамыз. Экшн-комедия фильм болмақ.

— Жалпы комедиялық фильмдерде ойнайтын сияқтысың?
— Көбіне солай. Бірақ, Кенан Имирзалыоғлымен бірге түскен Alacakaranlık шытырман, экшн еді.

— Сені Түркияда танымал қылған қай фильм?
— G.O.R.A. Осы фильмнен кейін толығымен кино өнеріне бет бұрдым. Жолымды ашқан осы фильм деуге болады.

— Arash-тың Donya әнінің клибіне қалай түстің?
— Ол клипте жапон мафиясын ойнадым. Клип Түркияда түсірілді. Бұрын бірге жұмыс істеген топ түсірген еді, сол жігіттер шақырды.

— Қазақстанға жиі келіп тұрасың ба?
— Кино саласында Қазақстанда да достарым бар. Жиі болмаса да барып тұрамын. Түркияда қолымнан келгенше Қазақстанды және қазақтарды жарнамалап жүрмін деп ойлаймын.

— Жақында еңбектерің үшін Түркияның бір университетінде арнайы сыйлық алыпсың. Сол туралы айта кетсең?
— Кыршехир қаласындағы Ахи Эвран Университетінде Түркі әлемі қауымдастығының «Түркі Әлеміне Қызмет» сыйлығын Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевтың қолынан алдым.

— Сұхбатыңа рахмет, жобаларыңда сәттілік тілеймін.
— Рахмет!



Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Біз білмейтін қазақтар: Түркиялық қазақ актер Бахадыр Хәкім: Жазда өз фильмімді түсіремін

Кім білген?

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Осыдан біраз уақыт бұрын Эльвира Ерғалинаның интернетті шулатқан біраз суреттерін көріп «Не болып қалды?», «Не болды?», «Бұл не?» деп біразыңыз басыңызды ауыртқан едіңіздер… Кейінінен оның Эльвираның жаңа жұмыс орны, яғни «Жетінші арнадан» басталғалы жатқан «Кім білген?» жобасынан үзінділер екенін біліп, «Кім білгенді» күткенімізде өтірік емес.
Жарты жылға жуық уақыт көрермендерді түрлі салалар бойынша ақпараттандырып, таңқалдырған бағдарлама әне-міне дегенше алдағы аптаның ішінде аяқталғалы жатыр. Осы жұма «Кім білген?» бағдарламасының жүргізушісі Нуриддин Бидосовпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Нуриддиннен «Кім білгеннің» қалай дүниеге келгендігі туралы, «Кім білгенді» кімдер жасайтындығы және әрі қаратай жалғасы түсіріледі ме деген сынды сұрақтардың астына алған едім…
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен саясаттанушы болғым келмейді!

Суреттер сөйлейді: Кім білген?Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…

Өмірімде тележүргізуші боламын деп ойламағаннан кейін басында өте қиын болды. Жұмыс істемей-ақ қоямын бааа деген ойлар жиі келіп жүрді. Сонда әке-шешем «Жақсы жұмыс қой істей бер, оның үстіне ұлымыздың бүкіл облысқа жаңалық оқығаны бізге де абырой» деп өз оймынан айнығанмын. Бүгінгі күні осы салада жүргеніме 15 жылдай болды. Өзімнің негізгі мамандығым саясаттанушы. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрген емеспін. Шынымды айтсам істегім де келмейді (күлді-авт.).

«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен 10 жылдан аса уақыт тек жаңалықтарды жүргізген адаммын. Бұрындары да «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» деген сынды жеке жобаларды жүргізуге ұсыныстар болған, бірақ ол уақыттары келіспеген едім. Былтыр Әлия Баймұхамедованың ұсынысымен «Аян. Дала аңыздары» жобасын бастадым, содан кейінгі екінші жобам осы «Кім білген?» болды.
«Кім білген?» жобасын да жүргізуді ұсынған Әлия Баймұхамедова еді. «Аян. Дала аңыздарының» кезекті маусымы аяқталғаннан кейін, сол кезде әрі қаратай жалғасы болмайтының білгенде осы ұжыммен «Кім білгенді» алайық деп шештім.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» ерекше бағдарлама.
Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.

Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Біздің ұжым үлкен емес. Небәрі 14 адам «Аян. Дала аңыздарын», «Кім білген?», «Выход есть» деген жобаларды алып жүрміз.
«Кім білген?» жобасының идея авторы Әлия Баймұхамедова, тақырыптарды ұжым болып отырып талқылап, бекітеміз. Ал сценариін жазатын редакторларымыз Саида Елшібаева, Нұртілек Риянбекқызы, Эльвира Ерғалина болды. Арасында мен де өз тарапымнан айтатын дүниелерім болса толықтырып отырдым.
Кез-келген жұмыста, кез-келген бастамада қиындықтар болады. Бірақ Аяна Койчиманова, Райса Мукуева, Елдар Курманбаев деген продюсерлердің арқасында алдымыздан шыққан барлық қиындықтардан қиналмай шығамыз.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» небәрі 30 минуттай ғана болса да үлкен еңбекті талап ететін жоба. Кейде бір хабарды түсіру барысында бір апта толықтай кетіп қалады. Менің стэндаптарымның өзін жазу кейде екі күнге шейін созылса, сценариді жазып, оны келістіруге 2-3 күн кетеді. Оның ішінде түсірілім өтетін алаңдарға рұқсат алу, реквизиттерді дайындау бәрі-бәрі уақыт алады. Тіпті кейде бағдарламаны ұжымның жұмыста қонып жасайтын кездері де болады… Кейбір серияларын түсіруге 2-3 ай кетті. Яғни бір оқиғаны түсіреміз деп бастаймыз да, оның басын түсіріп қоямыз ал соңы бірнеше айдан кейін болатын оқиғамен байланысады.… Сол сынды ұзақ түсірілген серияларымыздың бірі "Қазақстандық шоу бизнес еді". 30 минут қана болғанымен, «Кім білген?» ол үлкен ұжымның жұмысы екендігін ұмытпау керек!

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.
Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Келер жылы «Кім білген?», «Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымдары, күнделікті жаңалықтарым бар. Осыларды Алла сәтін салып барлығын уақытылы түсіріп, тапсырып жатсам өзге жобаларға да дайынмын. Тіпті киноға шақырып жатса, кино, телехикаяларға да түсуге қарсы емеспін (күлді – авт.).
Суреттер сөйлейді: Кім білген?

P.S. «Кім білгеннің» 1 маусымының қорытынды, әрі жаңа жылдық бағдарламасы 28 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Нуриддиннің және «Кім білген?» жобасының ұжымының айтуы бойынша бұл бағдарлама жаңажылдық ең ерекше бағдарламалардың бірі болмақ :)
Әрі қарай

3-тур қорытындысы

Керек тілші: 3-тур қорытындысы

«Керек тілші» жобасында Кәсіпкерлік тақырыбы жақсы ашылды. Өңірлердегі түрлі кәсіп иелерімен, түрлі кәсіп түрлерімен таныстық. Қатысушыларға мазмұнды посттары үшін үлкен рахмет.

ademi_alem — 9,75
tomarlik — 9,50
Aya — 8,25
NazerkeAbibulla — 8,25
Basic — 7,75
AydosRymkul — 5,00
tauewki — 5,00
Sunshine — 1,50
Әрі қарай

Интернеттен тауып жүр "жаңа қазақ" табысын

IT кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Нәтиженің лездігі. Мысалы, кәсіпкер үшін ең маңыздысы тұтынушылар, және ол тұтынушыларды көбейту үшін кәсіпкерлер белгілі бір маркетингтік шаралар қолданады. Ал ғаламтор арқылы бұл мәселе оңай шешіледі. Себебі интернет арқылы ақпараттың таралуы өте тез. Интернетте жасаған маркетингтік шара нәтижесі көп күттірмейді, кейде бір күн, тіпті 1 сағаттың ішінде өз жемісін әкеліп жатады.
Қаржылық шығындардың салыстырмалы түрде аздығы.Жалдамалы еңбекті аз қолданып жүзеге асырылатын кәсіп болғандықтан, шығынды азайтуға мүмкіндік бар. Әрине, егер сіз өз салаңыздың қыр-сырын жақсы білетін, кәсіби маман болсаңыз.
Қашықтықтан басқарылу мүмкіндігі. Интернет желісі қол жетімді кез-келген жерден басқаруға болатындықтан, ІТ-кәсіпкерлік тұтынушы үшін де басқарушы үшін де өте қолайлы. Бір мезетте бірнеше шаруаны қатар тындыруға мүмкіндік бар. Мысалы, қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін талай кабинеттің есігін күзетіп, таблодан нөміріңді сарыла күтпей, интернетке қосылып, өз істеріңмен айналысып, уақытты тиімді қолдануға болады.

Менің виртуалды репортажымның кейіпкері өз кәсібінің артықшылығын осылай суреттеді. Енді кейіпкерлер туралы аздаған ақпарат:
Ғабит Бекахметов – 29 жаста. Биологиядан халықаралық олимпиадалар жеңімпазы (Аршаттың түнгі чаты есіме түсіп кетті) Дьюк Университетінде (АҚШ) экономика, шығыстану және саясаттану мамандықтары бойынша білім алған. Нью Йорк, Алматы, Астана қалаларында энергетика және пайдалы қазбалар салаларында жұмыс жасаған. Ғабит курстастары арманаған Уолл-стритте мансап қуып, мықты лауазымда отыруға мүмкіндігі бар еді. Алайда, бүгінде ІТ-кәсіпкерлікке бет бұрып, энергетика және білім саласында инвестициялық жобалармен айналысады. Айтпақшы, ол критикалық ойлау негіздері бойынша дәріс береді, осы аттас кітап авторы.
Абай Жарлығап — Нью Йорк Университетінде компьютер инженерлігі мамандығын игеріп, Астанада стартап және білім беру саласындағы жобалармен айналысады. Физика мен математика сабақтары бойынша оқу құралдары мен емтиханға дайындық әдістемелерінің авторы.

Ал енді репортаж жүргізілетін жер туралы айтсақ: www.kz.educator.com/ сайты
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Өз жобасының басталуы туралы Ғабит былай дейді:
Жаһандану заманында, интернетті қолданып білім алу ең ыңғайлы тәсілдердің бірі. Алайда, еліміздің бұл саладағы білім қазынасы әлі толыса қойған жоқ, яғни ғаламтор желісінде оқушыларға қажетті қазақша материалдар өте аз. Сондықтан, бұл жағынан сұраныс бар да, қажеттілік өтейтін ұсыныс аз. Осыны ойлай келе, Қазақстанда кеңінен қолданысқа ие болып, жақсы нәтиже беретін веб сайт ұйымдастыру қажеттілігі туды деп қорыттым. Сөйтіп американдық достарымызбен ақылдаса келе ҰБТ, SAT сияқты емтихандарға дайындалуға көмектесетін сайттың негізін қаладық. Жеке инвестицияландыру арқылы, Калифорнияның Educator.com сайтымен бірге Educator.kz интернет порталын құрдық.
Қазірде бұл порталдың он мыңнан астам жазылушылары бар. Онлайн сабақтары қымбат емес. Бір жыл бойы сабақтарды шектеусіз көрем десеңіз – 12 мың, 3 ай – 5 мың, 1 ай – 2 мың. Сайттағы төлем жасау туралы нұсаулығы еріксіз жымитты:
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Сайттың контентін толтыруға баса назар аударылады. Қазір порталда математика, физика, биология, химия, тарих, география, тілдер (ағылшын, қазақ, орыс) пәндері бойынша дәрістер курсы толық жүктелген. Дәрістердің мазмұндық және техникалық сапасын қатаң қадағаланады.
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
(1 сағаттың шикі видео-контентті өңдеуге шамамен 3 сағат жұмсалады)
Физика сабағынан Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің мұғалімі, білім саласының үздігі, 39 жыл ұстаздық еткен Қамбар Хатапұлы дәріс береді. Дәріс тақырыптарының өзі адамның мысын басады екен :)
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Порталдың жазылушыларының демографиясымен таныстық. Астана қаласының жастары ең белсенді әрі оқымысты болып шықты)
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Бұл кәсіптің өзін өзі өтеуі туралы сөз қозғағанымда, Ғабит былай деді:
Қазақ тіліндегі ресурстар арқылы жоғары табысқа жету үшін оған лайықты сайт болу қажет. Ол үшін желі басқарушылары барынша ақпарат базасын толықтырып, дамытып отыруы тиіс. Ең қажетті информацияларды біріктіру арқылы қолданушылардың жоғары трафигіне қол жеткізу қажет. Тек осы критерийлер қарастырылған жағдайда ғана қазақ тіліндегі ресурстардың монетизациясы жоғары болады.
Дегенмен өз жобамызға келер болсақ, кәсібіміз жаман табыс әкелмейді (сомасы туралы нақты ақпарат тек инвесторлар мен салық агенттігіне ғана айтылады), алайда біздің негізгі мақсатымыз еліміздің ғылыми ақпараттандырылу ахуалын көтеру. Ал табыс табу мен ғаламтор арқылы пайда келтіру негізгі мәселе емес, оны жай ғана толассыз еңбектің жемісі ретінде қарастыруға болады.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде интернетті пайдаланушылар саны 12 миллионға жетіпті. Ал пайдалану мақсатына келер болсақ, сипаты келесідей:
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Бұл деректі бекер келтіріп отырғам жоқ. Себебі маған интернет керек-жарағы да, қоқысы да араласқан үлкен бір үйіндіні елестетеді. Біреу бар уақытын әлеуметтік желілерге сарп етіп, өзінің сасық амбициясын қанағаттандыруға тырысады, енді бірі «мәңгілікке» айналған 9 сағаттық жұмыс уақытын жылдам өткізу құралы ретінде пайдаланады. Ал біреулер, осы алапат ақпарат тасқынында сіз бен бізге сапалы контент ұсынуды мұрат тұтады. Кәсібің тіршілік етуге қажетті қаражат көзі ғана емес, өмірлік ұстанымың болған қандай жақсы…
Әрі қарай

Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Кәсіпкерлік – азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің өзіндік табыс табуына бағытталған қызметі. Осындай өз күнін өзі көруге тырмысып, өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп жүргендер көп арамызда. Солардың басым көпшілігі — сауда кәсібіне жақын алапсатарлар, саудагерлер. Бұл кәсіпті серік қылғандардың күнделікті жұмысымен танысып, көкейімдегі сұрақтарды қойып көрдім. Сөйлескенде жүзі жарқылдап тұрған адамдар суретке түсуге келгенде ұялшақтық танытты. Кейбірі өз кәсібінің сан қырымен, саудаға қалай келгенімен, ай сайынғы пайдасымен бөлісті.
Гүлдер сатумен айналысатын Ирина осы кәсіппен биыл қатарынан 7 жыл шұғылданатынын жеткізді. Табыс жақсы дегеннен басқа ештеңе ашылып айта қоймады.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Ал сурет шығарып, әртүрлі әдемі фотосуретке арналған жиектемелер сататын қыздардан сыр тартып көріп едім, ештеңе шықпады. Әйткенмен, жақсы табыс табатындары келушілердің көптігінен-ақ көрініп тұр.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Мына екі әжейдің жағдайы кішкене ауырлау. Боранда тоңып тұрғандары. «Күнкөріс қамы,»- дейді біреуі, екіншісі:-жаз бойы бақшамда өскен көкөністерден түрлі қысқы азық жасап, саттықтан тапқан қаржыны немерелеріме беремін,- дейді.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Осы әжелерге Құдайдың бір смартфонын беріп, инстаграмға жарнама салуды үйрету керек-ау деймін!!!

Мына «Саида» дүкенінің бір жағында азық-түлік сатылады, екінші жағында құрылыс заттары деген жазу болғанымен, 1-2 жыл болған, жабулы тұр.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Иесі – татар ұлтының өкілі Разина Закирова. Дүкен 1996 жылы ашылған екен, Саида кенжесінің есімі болғандықтан осылай атағанды жөн көріпті.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Дүкеннің орташа күнделікті табысы – 60-80 мың теңгені құрайды екен Разина ханымның айтуынша.Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
«Клиенттер аз болған күні пайдамыз 30 мыңға дейін түсіп кететін кездер болады,»- дейді дүкен иесі. Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Қызметкерлер құрамы: аға сатушы, 3 сатушы, кіші қызметкер Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Әңгіме соңында дүкенді күрделі жөндеуден өткізсем деген ойы бар кәсіпкерге табыс тіледім.

Мына сатушылар өздерінің саудасы жақсы жүріп жатқанын ғана айтты.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Кәсіпкерлікті дамытудың идеалды жолы – ИНСТА ЖАРНАМАЛАР!!!
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Бұл да дұрыс екен… Себебі, нарық заманында кәсіпкердің қоғамдағы белсенділігі — өте қажет нәрсе.
Сауда кәсібінен несібесін тауып жүрген ағайынға табыс пен өсу тілеймін!!!
Әрі қарай

Күзгі елестер

Күзгі елестер
Арайланған таңғы уақ шырайымен
Жүрегімнің мұңлы әні Күн, Айым ең
Күзгі бақ… Мен таңдаған ақ қайыңның
Жапырағы сарғайды уайыммен.

Жарық әлем қарасаң бір шеті жоқ
Жан серігі барлардың көңілі тоқ
Бар дүние астан- кестең болғанымен
Күзгі бақ пен тек менде өзгеріс жоқ

Манаураған күзгі бақ жабырқатты
Жабырқатты жаныма қатты батты
Тереземді, бір менде өші бардай
Тамшысымен жаңбырдың тарсылдатты

Күзгі бақта қалайық екеуара
Пәк жүрекке салмашы мұңлы жара
Дәл қазір, көз алдыңда серт етейін
Мына бақ пен сүйемін сені ғана

Жасыңды тый, кел қане жұбатайын
Жұбатайын қайғыңды құлатайын
Бақытында бірге ойнап бірге күлген
Күзгі бақты мен қалай ұмытайын

Арамызда қалмасын өкпе нала
Жырларыма куә ғой дархан дала
Қаншама ару жолыма тұрғанымен
Әлі күнге сүйемін сені ғана

Махаббатта тағдыр мені аямады
Аямады тек қайғы аялады
Мені тастап кеткенінді естігенде
Жүрегімнің дүрсілі баяулады

Көктен жаңбыр жауады арқырап дүр
Сар далада аунайын көсіліп бір
Күз болсада, сол сезімнің оты өшпей
Әлі күнге кеудемде жарқырап тұр

Жапырақтар айналаны нұрландырды
Нұрландырды кей сәтте мұңдандырды
Күзгі бақта жолығысқан сол бір ару
Өміріме өшпестей із қалдырды

Содан бері қанша күз, көктем келді
Күзгі бақ сол баяғы өзгермеді
Жараланған жүректерді емдеп жүріп
Жалғыз болып қалмасам жарар еді…
Әрі қарай

Сен - қазақсың!

Орындаушы: Бағлан Әбдірайымов.
Сөзі: Күләш АХМЕТОВА.

I.
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

II.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

III.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Әрі қарай