ФИФА-ның 2010-дағы үздіктері

ФИФА өз таңдауын жасады кеше. Цюрихте ғой, дәстүрлі ошағында. Месси осымен қатарынан екінші мәрте төрткүл дүниенің озат футболисі атануында заңдылық бар шығар. Өзі бір команда. Аргентинаға «он ойыншыға татитын бір-ақ ойыншыны-ай беріпті» деуге келер ме еді белгілі терме мақамына салып…
Футболға жанкүйерлік – жыныс таңдамайды
(Бұл да ертеректе жазылған жазбалардың бірі)

Жасырып қайтеміз, біз, қазақтар көбіне «Қыздың жолы жіңішке», «Байтал шауып бәйге алмас» деп етектілерден көп нәрсе күтпей, тек оларды асхананың ғана айналасынан көргіміз келеді. Түркияда да негізгі көзқарас осындай деуге болады. Еркектері ғана тыста қызмет атқарып, әйелдері көп жағдайда үйде ерінің жағдайын жасап, бала тарбиесімен айналысады. Бірақ оларда футболға жанкүйерлік жыныс таңдап жатпайды. Араларынан еркекке бергісіз әйел фанаттар да табылады. Командаларын сүйетіні сонша, бүкіл матчтарын жібермейді.
Әрі қарай

Тар заман
Тар заман — 12 бөлімнен тұратын кинотуынды. Қоюшы-режиссері –Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Зәкірұлы.
Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолында ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өміріне құрылған. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Сәдуақас, Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың көркем образдары бір туындыда көрініс табады. Басты кейіпкерлердің бірі – Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеліп, оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихы тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы көркемдік шешімдермен өріледі.
Алашорданың 100 жылдығына орай түсірілген телесериалға театр артистері: Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Үсіпхан Сейтімбет және белгілі театр және кино артистері: Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Балтабай Сейтмамыт, Тұрсын Құралиев, Мәмбет Қожағалиев, Олжас Абай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов және т.б. түскен.
Кино желісін тамашалап отырып көзіңе еріксіз жас үйіріледі. Қандай текті ұлылар ұрпағы екенімізді тағы бір мәрте есімізге салғандай. Өздерінің құстың қанатындай қысқа ғұмырларында артына қалдырып үлгерген мұралары бүгінімізге дейін азығымыз болып келе жатыр десек асыра айтқанымыз емес. Кейде ойлайды екенсің сол кісілер пайғамбар жасына дейін өмір сүретін болса басқа халыққа жазар дүние қалмас еді-ау деп.
Бірақ, толық ашылмай тарихтың көлеңкелі тұсының толықтыруы болып тұрған жерлері де қаншама. Толық ашылмайды да ау сол жылдар.
1-бөлім: www.youtube.com/watch?v=fyu_OFXcFFc
2-бөлім: www.youtube.com/watch?v=7mYzAq_EG6M
3-бөлім: www.youtube.com/watch?v=n7ZNF7wPQWU
4-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xvtEuN8LEzI
5-бөлім: www.youtube.com/watch?v=z_aggxm1b0M
6-бөлім: www.youtube.com/watch?v=tMXA21PMlg4
7-бөлім: www.youtube.com/watch?v=xHEAi27IeEU
8-бөлім: www.youtube.com/watch?v=qguUglAvwQc
9-бөлім: www.youtube.com/watch?v=RAfRJB7JT_E
10-бөлім: www.youtube.com/watch?v=sRxv7TDiPck
11-бөлім: www.youtube.com/watch?v=J8yc1kTZbns
12-бөлім: www.youtube.com/watch?v=mV1vYgtD46w

Керекринг-пикник сұрақтары - 09/07/2017
9 шілде Астана қаласындағы Жерұйық паркінде пикник-стайл ойын өтті. Командалар ерлер мен әйелдерге бөлінді. Тартысты өткен ойында 13:12 есебімен арулар жеңіске жетті.

1. Британ жазушысы Квентин Крисп адамның жазушы болуына үш себеп бар дейді. Бірінші себеп – адам маңызды бірнәрсе айтқысы келгендіктен, екінші – суық қыстың кешінде адам басқа ештеңемен айналысуға ниетсіз. Үшінші себепті атаңыз.
2. Журналист Джозефус Дэниелз «Бұлар дипломаттардың қателіктерін дұрыстау үшін жиналған адамдар», — деп кімдер жайлы айтқан?
3. Венесуэланың ауылдарында және кейбір қалаларында да қолға үйретілген жыландар бар. Олардың арнайы міндеттемелері де жоқ емес. Бұндай міндеттемелерді бізде қандай жануар атқарады?
4. Африкалық гелада маймылдары үлкен үйірмен өмір сүреді. Ғалымдардың зерттеуінше, африкалық қорқаулар, гелада маймылдары көп шоғырланған жерлерде антилопаларға көп шабуыл жасайды. Маймылдар қорқауларға қалай көмектеседі?
5. Бұл кішкентай шарды үлкен шардың үстіне қойып, кейін, үлкен шарға тиіп кетпейтіндей етіп кішкентай шарды арнайы нәрсемен соғып ойнайтын ойын. Осы ойындағы үлкен шарды біз қалай атаймыз?
6. Алхимиктер элемент атауларын өздерінше түрлі шифрлеген. Мысалы: темірді – «Тифон сүйектері», мысты – «ұйыған қан» деп атаған. Ал «қашқын» немесе «жұқа бұлт» қандай затты атаған?
7. Неліктен барлық делік еуропалық туристер, Делидегі Кхари Баоли базарына кірген сәттен бастап жөтеліп немесе түшкіреді?
8. Франклин де, Вашингтон да бәріне танымал президенттер. Олардың жасаған істерін саралай отырып, қайсысы көбірек пайдасын тигізгенін анықтау қиын екені сөзсіз. Алайда Франклин Вашингтонды бір көрсеткіш бойынша тура жүз есеге асып кеткен. Бұл қандай көрсеткіш?

9. «GeoFocus» (ГеоФокус) журналында бұл нәрсе, әлем тарихы жазылатын сия деп бейнеленген. Бұл не нәрсе?
10. Ежелгі грек ойшылы Архимед: «Сіздер ұзындығына әсер ете алмайсыздар. Бірақ тереңдігі мен кеңдігі өз қолыңызда» деген пайым айтты. Архимед осы анықтаманы неге байланысты айтқан?
11. Каратэның негізін қалаушы адам — Гитин Фунакосидің айтуынша: «Есіңде болсын: каратэ жолы бас июден басталып...» Сұрақ, немен аяқталады?
12. Қырым татарларының жұмбағын шешіңіз: Әлемді бүркеп тастайды, ал теңізді жаба алмайды.
13. Әдетте бухгалтерлер, өз кітапшаларына есеп жүргізу барысында, сатылым жағынан алғанда сәтсіз болған күндерді қызыл түспен белгілеп отырған. Ал сәтті күндерді қандай түспен белгілеген?
14. Графиня Софья Потоцкая құмар ойындарын ойнағанды жаны сүйетін. Бұл әдетін қойғызу үшін діни қызметкерлер оны тәртіпке шақырады. Графиня болса бір жыл бойына ойын орындығына отырмаймын деп уәде берді. Бұл мерзім оған ұзақ болып көрінгенімен, ол келісімді бұза алмады. Ол бұл жағдайдан қалай сытылып шықты?
15. Африканың суахили тайпасында, алғашқы адам жерге аспаннан түсті деген аңыз бар. Оған аспаннан түсуге кім көмектесті?
16. Рюноске Акутагава: «Адамның өмірі сіріңке қорабы іспетті. Оған асқан жауапкершілікпен қарау күлкілі, ал жауапкершіліксіз қарау ...» Акутагаваның сөзін аяқтаңыз.
17. Алтайлық бақсы күндізгі мейірімді аруақтармен байланысқанда бүркіттің қауырсындары бар киім киеді. Ал түнгі теріс күштермен байланысқанда қай құстың қауырсыны бар киімді киеді?
Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/04/2016/10/23/2481a6c1d8.png)
Малика Фавр (Malika Favre) — Лондонда тұратын француз суретшісі. Минималистік бағытты ұстанатын дизайнер, иллюстратор. Суреттері қанық түстерге толы, артық ештеңесі жоқ, нүктелер, сызықтар, бір бірімен әдемі үйлесіп жалғаксқан түстер. Малика көптеген косметика брендтеріне және әйел журналдарына сурет салады. Өз жұмыстарын жеке сайтында жариялап тұрады, кей біреулерін сатып алуға да болады. Ал Камасутра позаларын әріптер арқылы өзіндік әліппе жасауы — танымал еңбектерінің бірі.
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/a-7db7551945844fcd7abd0b1423e15703.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/b-c644a4df06f7e856c985bd82797d64ef.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/c-4c82efe07e7edb9f3b5900bdbe988681.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/d-70ad0a43ef3f55f93af5e03981b7b782.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/e-670fc3f1d9a5c36afe0ef8d8a476d4f0.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/f-c75b062f5284a8f7ff54252abec8417c.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/g-c11d372dea89ec6effb767ce0c299cf5.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/h-ed808c6302d745c3c45ff9e2e56c6885.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/i-39b2727ae71383e21470f6f293f25d03.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/j-04c8f5fac2d2f9c53bc0678f8ddd0078.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/k-e1193e5a7500cea1522650d5b550eb1d.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/l-c2476f48aad81c90d765a7e2389cd5e0.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/m-cd82b53c877afc1303f5946fa5f80b03.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/n-c8df097e1aee3d7dc737873dba0947a3.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/o-f4fbe976c28e899a26e9a2d66105ec00.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/p-c00a52aa4bc19aa936b336e6d41e4067.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/q-8dfd784ef4a3502a4fb537944015e2ce.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/r-9182cf452702206db0cfefcc6ce44fd1.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/s-41595e3909e6a6007d3086429fb44717.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/t-eb22328f503949d4aae1ef50f6f7d8f1.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/u-67466abfa7037852e3c79afed70cb6d9.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/v-9fd253e1493b11683ff831ce7e0c23ed.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/w-6992dce0d7b6af909127a2650418e978.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/x-54d15936a277e4d60a0d629171cfab87.png)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/animated/y-c17fe4abb1afd428153c2868d51abe2c.gif)
![Суреттер сөйлейді: Малика Фаврдың Камасутра әліппесі [18+]](http://cdn.thekamasutra.co/assets/static/z-b6b72ab672ec88502e2db688ed6b885a.png)
www.thekamasutra.co/a-z
Білгірлер бәйгесі. Kerekinfo.kz vs Нұр-Медиа холдингі
Ұлттық арнадағы «Білгірлер бәйгесі» сайысында Kerekinfo.kz блогерлер командасымен Нұр-Медиа холдингі қызметкерлері кездесті
CMS Joomla 3.x қазақша үйреніп жүр ме?
Тақырыпта қойылған сұраққа бәрі "Әрине" деп жауап берері сөзсіз:). Сонда да бұл жөнінде өзімнің қосқан үлесімді жазып кетейін.
Дипломдық жобамның аясында жасалып отырған ақпараттық жүйені құру үшін Joomla-ны таңдаған болатынмын. Талаптар бойынша АЖ үш тілде құрылу керек болатын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Әрине бәріне мәлім жағдай — қазақ тілі Joomla-ның ресми аудармаларының арасында жоқ. Көптеген қолданушылар өздері аударып жүргені де белгілі. Интернет желісін шарлай келе Joomla 2.x нұсқасына қазақша аударма тапқан болатынмын. Алайда оны Joomla 3.x нұсқасына орнату үшін портировать еттім. Аударманы орыс тілінен тікелей жүргізгені де анық. Joomla 2.x нұсқасына арналған қазақ тілінде Админ панельдің толықтай аударылмаған болатын. Админнің қазақша нұсқасы қажет болмас деп мен де оны аударған жоқпын). Орысша Joomal 2.x пен 3.x нұсқаларында біраз айырмашылықтар бар екен, яғни 3.x аудармасына біраз жолдар қосылған. Оларды да толықтырып аудардым. Нәтижесінде Joomla 3.x арналған қазақша локализация шықты. Оны келесі сілтеме бойынша жүктей аласыз: Қазақша Joomla 3.x..
Орнату әдісі қарапайым — Расширение түрінде орнату.
«Көппен көрген ұлы той» демекші, Админ панельді де аударуға ат салыссаңыздар нұр үстіне нұр болады.

Егер аударуды жалғастырамын деген ниет болса, осы сілтемедегі мақаламды оқып шығыңыз.
Досымның азаюы мен көбеюіне себеп болған, менің сүйікті үш әнім...
Мен музыка адамымын. Музыкасыз күнімді өткізе де алмаймын. Сол, «музыкасыз өмір жоқ» деп жүріп, өмірімде біраз өзгеріс болып кетті. Әрине, оған музыка себепші болды. Қайрат Нұртастың нағыз фанаткасы едім. Оны көру арманым болатын. Әлі де фанаткасымын, бірақ қазір оның әндерінен гөрі жаңа Қазақстандық K-POP стильіндегі NINETY ONE тобының әндері ұнайды. Бұл топтың "Ұмытпа" әнін тыңдауға кеңес беремін. Бірақ ол топты өзіммен қатар адамдар болмаса, менен үлкендер жақсы қабылдамайды. Хех, бұл топтың әндерінің мағынасы менің өміріме дым қатысы жоқ. Тағы да бір топ Оңтүстік Кореяның танымал әншілері BTS (Bangtan boys) тобы. Мен бұл топтың барлық әнін жақсы көремін, соның ішінде ұнайтыны «RUN» әні. Тақырыбы «жүгіру» болғанымен, спортқа қатысы жоқ, махаббат жайлы ән. Менің жасымда қандай махаббат, мен бұл әнді таңертең жүгіргенде қатты жақсы көріп кетемін. Жүгіргенде көңілді көтеретін ән ғой:
«Снова бегу, бегу, бегу, не могу остановиться
Опять бегу, бегу, бегу и ничего не могу с этим поделать
Все равно, я больше ни на что не способен Только и могу, что любить тебя». Бұл әнді ұсынатындай ешқандай себеп жоқ шығар, тек тақырыпқа сай жазып отырмын.)
Және мен GIRLS GENERATION (SNSD) тобының әндерін сүйіп тыңдаймын. Хех, бұл да Оңтүстік Кореяның қыздар тобы. Негізі бірінші болып осы әнді жазуым керек еді. Бұл топтың әндерінен алғаш болып тыңдағаным және мені Кореяға жетелеген ән- «THE BOYS» әні. Ұлдар жайлы айтылғаны тақырыбынан да белгілі. Бұл әннің мағынасы менің өміріме қатысы жоқ. Тек бұл ән маған қатты ұнады. Осы әнді тыңдап, менің Кореяға деген құлшынысым артты. Осы әннің арқасында K-POP-қа келдім де, K-POPER болдым. K-POPқа қалай келдім, солай менің достарым азайды, яғни олар кәріс әншілерін ұнатпады. Бір жағынан достарым көбейді. Өзім сияқты Корея әншілерін тыңдайтын жандармен таныстым. Үлкені де, кішісі де бар. Қазір мені жанымдағы достарым емес, музыка әлеміндегі достарым көп іздейді. Айтарым осы үш ән. Талғамды сыйлай біліңіздер!)

Бөлме температурасын арттыру
Былтыр да, биыл да қыста тоңып шықтық. Былтыр қабаттанып киініп, қалың жамылып амалдасақ, биыл шыдамым таусылды. Өмір бойы әр қыс сайын осылай жүре бермейміз ғой енді, әр нәрсенің шегі бар.
Күзде есіктің тығыздауыштарын ауыстырдым. Білмейтіндерге: резина жолақтар — есік пен жақтаудың арасына салынады. Құрылыс дүкендерінде, базарларда сатылады. Нақты бағасы есімде жоқ, бірақ қымбат емес. Бұрын есік жақтан салқын ауа кәдімгідей сезіліп тұратын, онымен қоса подъезд алаңқайында көршілердің шеккен темекісінен жағымсыз иіс те сол желмен бірге кіретін. Қазір иіс те, салқын ауа да тыйылды. Аралық тығыздауыштардың әсері бар екен, қалай десек те.
Бірақ бұдан үй жылынып кетті деу қиын. Суық бәрібір бар. Содан интернеттен үйдегі жылуды сақтаудың амалдарын іздестірдім. Тәсілдер көп, бірақ оның бәріне менің ақшам да жетпейді, қолымнан да келмейді. Бір ғана амалды жасау оңай екен, ол — алюминий фольганың көмегімен бөлмедегі жылуды ұстау.
Алюминий фольга жылуды кері қайтаратын қасиетке ие, бұл жерде суық қабырғаға өтіп кететін жылу туралы айтып отырмын. Ол үшін фольганы жылу батареясының артына ұстау керек. Содан іске кірісіп кеттім. Фольганы табу қиын емес, құрылыс заттарын сататын базарларда болады. Өзім Алматыдағы «Саламат» базарынан таптым. Екі метрі 1 мың теңгеге шықты.
Бастапқыда фольганы ұстата салудың еш қиындығы жоқ сияқты көрінгенімен, біраз терлетеді екен. Үстіңгі және астыңғы жағын скотчпен жабыстырдым, ал ортаңғы бөлігі қомпайып кетпеу үшін екі жағы жабысатын қалың скотчпен қабырғаға ұстаттым. Бір үлкен кедергі бар — батареяны ұстап тұрған тіректер. Фольганың сол тіректерге келетін тұсын жақсылап өлшеп қиған абзал, қисық ілінсе эстетикалық әлпеті көңіліңді түсіріп жібереді (онсыз да фольганың өзі сүйкімсіз рең беріп тұрады).
Ілінген фольга мен батарея арасында бос кеңістік болуы керек. Қабырғаға бағытталған жылы ауа фольгаға ұрылып, кері қайтуы үшін сол дұрыс. Бір-біріне тақалып тұрса фольганың ешқандай әсері болмайды, жай ғана қабырғаңның сәні кетіп тұрады (не деген урод материал еді өзі).
Енді нәтижесіне келейік. Бірден айтайын, мәйкі-шортыңды шығаруға асықпа. Үйді ысытып жіберетіндей әсерде емес, әрине. Бірақ аздап болса да температураның көтерілгені сезіледі. Әйтеуір бүріспей, бойымызды жазып жататын жағдайға жетіп қалдық. Ыхы-ыхы. Әйеліме жағып қалған секілді, асбөлмеге де істеп бер деген тапсырыс алдым. Жаңа ғана істеп болдым.
Интернеттегі мамандардың айтуынша, үйің жып-жылы болу үшін барлық жерін оқшаулау керек. Ондайда қолданылатын арнайы төсемдері бар, іздесе неше түрлісі кездеседі. Ал менде балконның есігінен бәрібір салқын ауа кіріп тұр. Алдағы жазда қамдайтын шаруаларымның бірі осы болмақ.
Әрі қарай
Күзде есіктің тығыздауыштарын ауыстырдым. Білмейтіндерге: резина жолақтар — есік пен жақтаудың арасына салынады. Құрылыс дүкендерінде, базарларда сатылады. Нақты бағасы есімде жоқ, бірақ қымбат емес. Бұрын есік жақтан салқын ауа кәдімгідей сезіліп тұратын, онымен қоса подъезд алаңқайында көршілердің шеккен темекісінен жағымсыз иіс те сол желмен бірге кіретін. Қазір иіс те, салқын ауа да тыйылды. Аралық тығыздауыштардың әсері бар екен, қалай десек те.
Бірақ бұдан үй жылынып кетті деу қиын. Суық бәрібір бар. Содан интернеттен үйдегі жылуды сақтаудың амалдарын іздестірдім. Тәсілдер көп, бірақ оның бәріне менің ақшам да жетпейді, қолымнан да келмейді. Бір ғана амалды жасау оңай екен, ол — алюминий фольганың көмегімен бөлмедегі жылуды ұстау.Алюминий фольга жылуды кері қайтаратын қасиетке ие, бұл жерде суық қабырғаға өтіп кететін жылу туралы айтып отырмын. Ол үшін фольганы жылу батареясының артына ұстау керек. Содан іске кірісіп кеттім. Фольганы табу қиын емес, құрылыс заттарын сататын базарларда болады. Өзім Алматыдағы «Саламат» базарынан таптым. Екі метрі 1 мың теңгеге шықты.
Бастапқыда фольганы ұстата салудың еш қиындығы жоқ сияқты көрінгенімен, біраз терлетеді екен. Үстіңгі және астыңғы жағын скотчпен жабыстырдым, ал ортаңғы бөлігі қомпайып кетпеу үшін екі жағы жабысатын қалың скотчпен қабырғаға ұстаттым. Бір үлкен кедергі бар — батареяны ұстап тұрған тіректер. Фольганың сол тіректерге келетін тұсын жақсылап өлшеп қиған абзал, қисық ілінсе эстетикалық әлпеті көңіліңді түсіріп жібереді (онсыз да фольганың өзі сүйкімсіз рең беріп тұрады).
Ілінген фольга мен батарея арасында бос кеңістік болуы керек. Қабырғаға бағытталған жылы ауа фольгаға ұрылып, кері қайтуы үшін сол дұрыс. Бір-біріне тақалып тұрса фольганың ешқандай әсері болмайды, жай ғана қабырғаңның сәні кетіп тұрады (не деген урод материал еді өзі).Енді нәтижесіне келейік. Бірден айтайын, мәйкі-шортыңды шығаруға асықпа. Үйді ысытып жіберетіндей әсерде емес, әрине. Бірақ аздап болса да температураның көтерілгені сезіледі. Әйтеуір бүріспей, бойымызды жазып жататын жағдайға жетіп қалдық. Ыхы-ыхы. Әйеліме жағып қалған секілді, асбөлмеге де істеп бер деген тапсырыс алдым. Жаңа ғана істеп болдым.