Бөлме температурасын арттыру

Былтыр да, биыл да қыста тоңып шықтық. Былтыр қабаттанып киініп, қалың жамылып амалдасақ, биыл шыдамым таусылды. Өмір бойы әр қыс сайын осылай жүре бермейміз ғой енді, әр нәрсенің шегі бар.

Күзде есіктің тығыздауыштарын ауыстырдым. Білмейтіндерге: резина жолақтар — есік пен жақтаудың арасына салынады. Құрылыс дүкендерінде, базарларда сатылады. Нақты бағасы есімде жоқ, бірақ қымбат емес. Бұрын есік жақтан салқын ауа кәдімгідей сезіліп тұратын, онымен қоса подъезд алаңқайында көршілердің шеккен темекісінен жағымсыз иіс те сол желмен бірге кіретін. Қазір иіс те, салқын ауа да тыйылды. Аралық тығыздауыштардың әсері бар екен, қалай десек те.
ЛайфХақ (Lifehack): Бөлме температурасын арттыруБірақ бұдан үй жылынып кетті деу қиын. Суық бәрібір бар. Содан интернеттен үйдегі жылуды сақтаудың амалдарын іздестірдім. Тәсілдер көп, бірақ оның бәріне менің ақшам да жетпейді, қолымнан да келмейді. Бір ғана амалды жасау оңай екен, ол — алюминий фольганың көмегімен бөлмедегі жылуды ұстау.

Алюминий фольга жылуды кері қайтаратын қасиетке ие, бұл жерде суық қабырғаға өтіп кететін жылу туралы айтып отырмын. Ол үшін фольганы жылу батареясының артына ұстау керек. Содан іске кірісіп кеттім. Фольганы табу қиын емес, құрылыс заттарын сататын базарларда болады. Өзім Алматыдағы «Саламат» базарынан таптым. Екі метрі 1 мың теңгеге шықты.

Бастапқыда фольганы ұстата салудың еш қиындығы жоқ сияқты көрінгенімен, біраз терлетеді екен. Үстіңгі және астыңғы жағын скотчпен жабыстырдым, ал ортаңғы бөлігі қомпайып кетпеу үшін екі жағы жабысатын қалың скотчпен қабырғаға ұстаттым. Бір үлкен кедергі бар — батареяны ұстап тұрған тіректер. Фольганың сол тіректерге келетін тұсын жақсылап өлшеп қиған абзал, қисық ілінсе эстетикалық әлпеті көңіліңді түсіріп жібереді (онсыз да фольганың өзі сүйкімсіз рең беріп тұрады).

ЛайфХақ (Lifehack): Бөлме температурасын арттыруІлінген фольга мен батарея арасында бос кеңістік болуы керек. Қабырғаға бағытталған жылы ауа фольгаға ұрылып, кері қайтуы үшін сол дұрыс. Бір-біріне тақалып тұрса фольганың ешқандай әсері болмайды, жай ғана қабырғаңның сәні кетіп тұрады (не деген урод материал еді өзі).

Енді нәтижесіне келейік. Бірден айтайын, мәйкі-шортыңды шығаруға асықпа. Үйді ысытып жіберетіндей әсерде емес, әрине. Бірақ аздап болса да температураның көтерілгені сезіледі. Әйтеуір бүріспей, бойымызды жазып жататын жағдайға жетіп қалдық. Ыхы-ыхы. Әйеліме жағып қалған секілді, асбөлмеге де істеп бер деген тапсырыс алдым. Жаңа ғана істеп болдым.

Интернеттегі мамандардың айтуынша, үйің жып-жылы болу үшін барлық жерін оқшаулау керек. Ондайда қолданылатын арнайы төсемдері бар, іздесе неше түрлісі кездеседі. Ал менде балконның есігінен бәрібір салқын ауа кіріп тұр. Алдағы жазда қамдайтын шаруаларымның бірі осы болмақ.
Бөлісу:

10 пікір

neoaskar
жер үй болса, онда үйдің сыртын пеноплекспен қаптаңыз, сол дұрыс. ал, этаж үй болса ол жағын білмеймін. онда тұрып көрмедім. пеноплекстің сыртын өз қалауыңызша қаптай беріңіз, зонтикті сеткінің сыртына жіберіңіз, сеткіні зонтиктің сыртынан жіберіп, клей ұстайды деп ойласаңыз қатты қателесесіз, бір шеті шықса болды, түгелдей түсіп қалады.
zholantai
рахмет, бөлменің обойын тез әрі арзанға өзің ауыстырып алу жайында жазып жіберші.
patick
ауыстырсам айтам )
satibaldi
Әбілдің, үйдің қуыс-қолтығын бітеп, ақыры жанып кеткен кездеріміз болды. Екінші бір пәтерде де сүйткім келген: бос қуыс-қолтыққа кететін цементтен тағы да осындай үй соғуға болады екен. Тас бүрісіп жүріп жатырмыз, әнасс(((
satibaldi
Жалпы осы, совети батареяларды наққа жіберу ойда жоқ па? Бояуы қалың болғасын көп тұтып қалады дей ме мойындалмаған термодинамика кемеңгерлері. Панароэ, епті — заманауи жұқа батареяларға қалай қарайсыз?
patick
Әлбетте, ойда бар. Бастап кетуге батылым жетпей жүргені болмаса :)
satibaldi
Мына шешімді көрмедің бе амиго, инфрақызыл пленканы? Тоқ тіпті жемейд, үйде Ташкент облысының Худоевка ауылдық округы орнайды дей ме жұрт.
patick
Оһ, керемет. Білім базама қосып алдым.