Футболға жанкүйерлік – жыныс таңдамайды

(Бұл да ертеректе жазылған жазбалардың бірі)


Жасырып қайтеміз, біз, қазақтар көбіне «Қыздың жолы жіңішке», «Байтал шауып бәйге алмас» деп етектілерден көп нәрсе күтпей, тек оларды асхананың ғана айналасынан көргіміз келеді. Түркияда да негізгі көзқарас осындай деуге болады. Еркектері ғана тыста қызмет атқарып, әйелдері көп жағдайда үйде ерінің жағдайын жасап, бала тарбиесімен айналысады. Бірақ оларда футболға жанкүйерлік жыныс таңдап жатпайды. Араларынан еркекке бергісіз әйел фанаттар да табылады. Командаларын сүйетіні сонша, бүкіл матчтарын жібермейді.
“Галатасарайдың” әйел фанаттарының бірі Диляра Ендіжан бір продюсерлік орталықта қызмет атқарады. Матчта өз командасының намысын жыртам деп ылғи дене жарақатын алғанына қарамастан командасына жақтасуын қоймайды. «Өздігімнен ешкімді балағаттамаймын алайда біреу менің командама тіл тигізсе шыдап тұра алмаймын. Бірден “орнына қоямын”. Бұрындары әйел жанкүйерлер аз-ды. Қазір олардың саны артты. Жанкүйерлерді әйел, еркек деп айырмаймын асылында», дейді ол.
“Фенербахче” командасындағы жанкүйер әйел дегеніңде еске бірден Ясмин Мерчиль туседі. Ол бір мекемеде адвокаттық қызмет атқарады. «Фенербахче» ойындарының 1995 жылдан бергі тұтқыны. “Сары-қою көктер («Фенербахче» командасынын түсі) коғамын” кұрушылардың бірі. Ұйымда, әлбетте, бөріктілер көбірек. Мерчиль бұл үш жүз кісілік ұйымда өзін үш жүз бауыры бар секілді сезінетінін айтады. Бастабында маған сұлулық объектісі секілді қарап, сөзімді маңызға алмай, жай ғана күлімсіреп, жүре тыңдайтын еді. Казір қай-қайсысы да менің пікіріммен санасады дейді. »Фенербахче» Мерчильдің өмірінің ең маңызды бөлігі деуге болады. Барлық шопингтерін «Фенербахчеге» қатысы бар сауда орталықтарынан жасайтын көрінеді.
Хатидже Айдын үй шаруашылығындағы ханым және «Бешікташтың» жанкүйерлерінің бірі. Өзі ғана емес, жолдасы мен он айлық қызы да аталмыш команданың жанкүйерлері. Хатидже Айдын командасының әр матчынан қалмайтынын айтады. Және қызын да жасыл алаңның дәмін біле берсін деген мақсатпен екі айлығынан бастап матчтарға апара бастапты. Бұрындары футболдың бар-жоғынан хабарсыз болыпты. Бір рет жолдасымен футолға еріп барып, содан бері «Бешікташ» ойындарының тұрақты көрерменіне айналған көрінеді.
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
футбол бастапқыда жыныс таңдамайтын шығар, бірақ әлеуметтік жағдайын таңдайды.

бұрын футболды жақсы көретін едім дейтін көп келіншек танимын :)
sigma
Осы Түркияға қарамай өзіміз туралы жазсақ қайтеді?
Nurgisa
Түркияға білім іздеп, жастық шақтарының алтын дәуірін бергендердің бетін бері қайтару оңай емес, меніңше.
bazuka
бұрын денсаулық сақтау басқармасында істеген бір апашканы білемін, футбол десе бітті ішкен асын жерге қоятын, ақтөбенің жанкүйері болу керек, мен әлем чемпионаттарын ғана қараймын, былай футболға көп әуестігім жоқ деп едім, патриот емессін деп ұрсып тастады)))
Erkekyz
Бұрын ағаларым үйде кезінде, соларға қосылып көретінмін, бақырып-шақырып. Кейін бәрі үйленіп отбасылы болған соң, қалды ғой футбол жайына.
omarbirat
Бұрын бір кластас қыз мамасы екеуі футбол көретінін айтып еді. Микроблогтағы жазуларына қарап, әлі де көре ме деймін. Әзірге тұрмыс құрмаған :))
asaubota
күйеуге шықсын, футбол қалады жайына. көбінесе футболды қыздар жігіттер үшін жақсы көреді. басқалардан ерекше болу үшін, внимание жинау үшін.
Adiletshu
Түріктер десе уже құсқым келеді. Телевизор толған түрікше кино. Түріктер туралы айтпайықшы вашпе
Meyirim
Osi futboll degendi muldem unatpaitinmin. Turmiska wikkannan kein Chelsea fc- nin fanatina ainaldim. Jogaaaa futbol unap kaldi dep oilap kalmaniz  . Kuieuim fanati sol komandanin. Futboll bastalgannan janina otirgizip koiadi. Otiram kozim moleiip (. Iwimnen buaak dep koiam
Beytanis
Жанкүйерлік тұрмақ, әйелдер футбол ойнап жүр. Әйелдер арасында әлем және еуро чәмпиөнаттары болған кезде ара-тұра көремін. Тәп-тәуір