Мен газетке шықтым!

Әңгіме мен жайлы емес, әңгіме менің бір ауылдасым жайлы)))) Еркек пе әйел ме, жас па кәрі ме ол жағын айтпай-ақ қояйын. Ол кезде мен әпкемнің үйінде тұратынмын. Шәй ішіп отырғанбыз,әлгі ауылдасымыз кіріп келді. Қолында гәзиті бар. Өзі сондай қуанышты. Амандасқан-амандаспағанын ұмытып қалыппын. Әйтеуір,
-Мен газетке шықтым!-деп мақтанышпен айтқаны есімде. Өзі әрненің басын шалып сауда-саттықта жүруші еді. Бір тілші мақтап жазған болар деп ойладым.Қолыма ұсынған газеттен іздегенімді тез тапсын деді ме ауылдасым курсор саусағымен көрсетіп жіберді. Сөйтсем, «Пәленше Түгеншенің мына жылы берілген мынандай нөмірлі куәлігі жарамсыз деп танылсын» деген жазудағы өз атын мақтаныш көріп жүр екен бұ қазақ))))
Әрі қарай

13 сәуір

13 сәуір — Бүкіләлемдік рок-н-ролл күні екен.



Таиланд, Непал елдерін де бүгін Жаңа Жыл.

Сондай-ақ танымал спортшылар Каспаров, Навка, әншілер Шуфутинский, «Шнур» және саясатшы Хакамада да бүгін туған тұлғалар.
Әрі қарай

Мен ғарышкер боламын!


Мен ғарышкер боламын!
Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Биыл 12 сәуір күні адамзаттың тұңғыш ғарышкері Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толады. Ал былтыр әлемнің бірінші ғарыш айлағы Байқоңырдың құрылғанына 55 жыл толды.
«Кім болам» тақырыбынан өзіндік жұмыс жүріп жатыр. Барлығымыздың ойымыз он жақта. Қияли ойлар, типа жазғаның орындалғалы тұрғандай. Бірі теңізші боламын, бірі дәрігер боламын, бірі мұғалім боламын… кете береді. Солардың ішінен ең көбі, бір класта 30 оқушы болсақ соның 20 сы «Мен ғарышкер боламын». Ол деген «Батыр», «Ержүрек», ощым «Сабаз».
Қазірде қарасам солардың басым көпшілігі «Құрылысшы», қыздарымыз «Үй бикесі АНА» болып жүр. Баяғының ғарышкерлері қазірде борышкер…
Қазіргі балалар кім болғысы келеді екен?..
Әрі қарай

Тыңдай беретін әндерім

Рок ұнататындарға Duman деген топтың 3 әнін ұсынғым келеді. Көбінесе түрікше рок тыңдаймын, жұмыс кезінде күшті энергия береді. Жалпы рок музыканың тек музыкасы ғана емес, сөздері де сапалы келеді. Teoman, Şebnem сияқты рокерлерді де ұнатамын. Бірақ фаворитім Duman.

Бірінші әннің аты Bu akşam (Бүгінгі кеш). Ән еш уайымы, мәселесі жоқ жігіттің бүгін кеште ішу жоспары туралы.

Әрі қарай

Ойын. (Жалғасы)

***

Айбек үй қапырық болған соң балконға шықты. Жарты аспанның жұлдыздары жымың-жымың етеді. әнебір жұлдыз бұған тілін шығарғандай ма қалай өзі? Ол қыздармен өткен әңгімені еске алды.

Жандос пен Бақытгүл артта келе жатты. өзі Гүлнұр мен Саяның ортасында, екеуіне кезек әзіл тастап келе жатқан. әңгіме қыз бен жігіт тақырыбына ауысты. Сөзден сөз шығып Гүлнұр «Егер кәзіргі жігіті өзін тастап кетсе, Айбекпен жүре салам» деп айтып салды. Айбек жүрегіне біреу біз сұғып алғандай күйге түсті. Сонда қалай, әншейінде жігіттерді кінәлап шыға келетін қыздар, өздерінің осы қылықтарына не дейді екен? Әрине бес саусақ бірдей емес, жігіттерде де бар қателік және тап сондай қателікті қыздардан да табуға болады. Гүлнұрдың бұнысы несі? Ойыны ма? Ойындағысын айтып қалды не де болса. Ойын Сая бөліп жіберді:
Әрі қарай

Шідер, тұсамыс, өре.

Ауылдық жерде өскендер білетін болар бұл атаулардың не екенін. Мініс мал (жылқы әрине)немесе сауынды биелер ұзап кетпес үшін жылқылардың аяғына тағылатын әбзел.
Тұсамыс не тұсау-жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын арқаннан есілген (кейін келе ременнен кесіп жасалып жүр)әбзел.
Әрі қарай

Екі әйелдің әңгімесі

Саясаттан шаршамаңыздар ағайын! Мына диалогқа көз салыңыздар! :)

— Мен кір жуып қойсам жаңбыр жауып кете береді, шаршадым…
— Мен байымдыкыне қарап бағдарлай қоям ауа-райын…
— Қалай сонда?!..
— Байымдыкы оң жағына қарай құлап жатса кір жуа қоям. Күн ашық болады. Сол жағына қисайса күн жаңбырлы.
— Ал қақиып тұрса ше?!..
— Жындысыңба?!.. Мейрам күні жұмыс істеуге бола ма екен…
Әрі қарай

Қияр ұрлаған түн...

Түн.Ауыл сыртындағы құмға сіңіп жоқ болуға айналған жылға жақтан құрбақаның құрылы естіледі аңда-санда. Ара-тұра шегірткелер де шырылдап қояды.Ауыл тұрғындарының бәрі дерлік келін түсіп жатқан үй жақта. Тек осынау аз ғана топ өздерінің қара ниеттерін асыру мақсатында алға қарай жер бауырлап келе жатыр.
Әрі қарай