Көлеңкедегі мереке
Бүгін 7-ші мамыр. Біреулер радио күні деп жатыр. Ал, біздің мемлекетіміз бұл күнді ҚР қарулы күштерінің күні деп атап өтіп жүргентін. Елбасымыздың 3 мамыр күні қол қойған бұйрығымен бұл күн күнтізбеден қызарып тұрып орын алды. Неге қызармасқа, қауқары өзіне мәлім. Дегенмен, бұл шешімді қолдаймын. Неге десеңіз 9 мамыр, яғни Жеңіс күнінің көлеңкесінде қалып қойып жүргенін өзіңізде сезеіп отырсыз. Енді, жұртшылық осы күні демалу арқылы болса да бұл күнді санасына сіңіре береді.
Сонымен, келесі жылдан бастап демалатын мерекемізбен!
Әрі қарай
Сонымен, келесі жылдан бастап демалатын мерекемізбен!
Ертөре "Че" Қибаров. Төңкеріс

cурет: 2.bp.blogspot.com
***
1-хат
Сүйікті, менің досым, Перден!Жағдайың жақсы ма? Денсаулығың қалай? Өткен жылғы шығартып жатқан оқулықтардың жаңа стильде жазылғанын көріп риза болдым. Мәселен, Математиканы түрлі пазл етіп бергенсің, Тарихты комикстер, ал Ана тіліне еркін рейтингілеу мен таңдау құқын қосыпсың, тағы біраз жұмыстарыңды да жақсы бағаладым.
Қазақстанда туризм саласындағы инновация - Алматы қаласы жанында 7* "Halal" Отелін салу!

Қазақстанда туризм саласында инновация — Алматы қаласы жанында 7* «Halal» Отелін салу!
<< Дениз >> туралы не дейсіз

<< Дениз >> атты көп сериялы түрік филімі басқа емес, мұйізі қарағайдай ұлттық арнамыздың төрінен орын алып, жалпақ жұртымызға жария болғалы жылдан асты.Қызығы сол, <Дениз>десе кей көрермен ішкен асын жерге қойып құмарта түссе, кей көрермен көзге шыққан сүйелдей күн өткен сайын жек көре бастады.Өз басым, бұл филімді ұнатпаймын әрі құптамаймын.Неге дейсіз ғой? <<Түпсіз терең тұңғиық, түсесіңде кетесің>>демекші, Денизді көріп отырсаңыз, сол байяғы бітпейтін әңгіме, жетпейтін мақсат.жалықтырғаны сол сабағынан тамағы көп Мода кафешіл жастардың шырма шытыу сезімдерімен, мың құбылған мимырт тірлікткрі бейне Алдаркөсенің әләуләйі спетті.Жақында ғана орыс тілінен егемендік алып еңсемізді көтерген ұлттық арнамызда тарбиелік маңызы төмен <<Дениз>>ден гөрі, <<Қызжібек>>тей бояуы қанық ұлттық филімдер молая түссе нұр үстіне нұр болар еді!
Құрметті оқырман, сіздіңше кейбіреуге көзайым болған бұл филімнің бізге керегі қаншалық? Айтар ойыңызды бүгіп қалмаңыз!
Ермек Қанатбекұлы
Қара киімділер-3 - қазақ тілінде

Сурет алынған қайнаркөз: www.comingsoon.net/
Тенгриньюс жаңалық порталынан «Кара киімділердің» кезекті премьерасы қазақ тіліндегі дубляжімен шығатыны туралы ақпар беріліпті: http://tengrinews.kz/cinema/212716/
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен Уил Смит қазақ көрерменімен Абай, Шәкәрімдердің тілінде ұғынысады. Астаналықтар болып және қаламызға қонақтап келетін басқа да керектіктермен фильмнің қазақша премьерасына баруды ұсынамын. Трейлерін ұнатып отырмын. Үлкен экранға дәл қай күні жол тартарынан бейхабармын әзірге. Бірге кинолатайық!
Еуро-2012 ойындарының күнтізбесі

Ойындар Астана уақытымен. Кешкі 22:00 және түнгі 00:45-те басталады матчтар.
08.06.2012 22:00 Польша — Грекия
Стадион: Национальный, Варшава (POL)
09.06.2012 00:45 Ресей — Чехия
Стадион: Мейски, Вроцлав (POL)
Ағайын
Шалт басып шатасып, сорлаған соң
Қара түнек басыңа орнаған соң
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң
Ақша тапсам Адамдық арым сатып
Маңдайақы біреудің малын сатып
Жиылар ең бәріңде маңайыма
Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып
Бойымызда оянып жалған намыс
Болмашыға бұлданып арланамыз
Қылыш болып шабатын кездер болған
Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз
Жақын жетер түбіңе талайыңның
Сүрінуін туыстың қалайды кім?!
Ағайынның барлығын көріп келем
Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Әрі қарай
Қара түнек басыңа орнаған соң
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң
Ақша тапсам Адамдық арым сатып
Маңдайақы біреудің малын сатып
Жиылар ең бәріңде маңайыма
Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып
Бойымызда оянып жалған намыс
Болмашыға бұлданып арланамыз
Қылыш болып шабатын кездер болған
Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз
Жақын жетер түбіңе талайыңның
Сүрінуін туыстың қалайды кім?!
Ағайынның барлығын көріп келем
Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Дизайнерлер бюросы жаңа логосын іздеуде
Құрылғандарына 1 жыл толуын жақында атап өткен Қызылорда қалалық Дизайнерлер Бюросы мекеменің жаңа логотипіне байқау жариялайды.Байқаудың талаптарына сәйкес логотипте мекеменің қысқартылған немесе толық атауы және дизайнерлік сипатта болуы қажет. Дизайнерлер бюросының негізгі қызметі мен мақсатына сай әзірленуі шарт. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады.
Байқауға ұсынылатын барлық жұмыстар kyzylorda_dizainerler11@mail.ru электронды поштасына мамырдың 5-сіне дейін жіберілуі тиіс. Байқаудың қорытындысы мамырдың 7-сінде жарияланады.
Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды

Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар.
КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз.
Толық ақпарат: ru.euro2012fantasy.uefa.com/
