Мен ұсынатын бір ән. Пибігүл

Қазіргі заман жастары дікс — дікс даңғаза, әсіре қызыл, жарқыл, жұрқыл әндерге үйір болып алған нақтар кілең. Құлақтан кіріп бойды алған қайда сол бір ерекше әуендер, -деп тасым езіліп жүргенде, Рождество мерекесінің қарсаңында, Мазари Шаймердендегі Ұлықпан Паваротти атындағы опера театрында керемет бір концерттің куәсі болудың сәті түсті нақтың. Сіздермен бөлісуді жүн көріп отырм.
Қарсы алыңыздар Пибігүл Кабалье!!!
Әрі қарай

Барселона бас бапкері Х.Гвардиола өз өзін ұстай алмады

Кезекті турда Осасунамен кездесетін Барселонаның бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан бір күн бұрынғы баспасөз мәслихатында өз өзін ұстай алмай күліп жіберді:



— Алдағы ойынға қатты дайындалдық. Осасунамен соңғы ойынымыз 8:0 ірі есеппен біздің пайдамызға шешілгені ештеңені білдірмейді. Қарсыласымызды сыйлаймыз, қазіргі футболда үлкен команда, кіші команда деген жоқ. Кез келген команда басқа команданы жеңіп кете… Буахахахххааа
Әрі қарай

"M"and"M"-ге аналог!

Профессор Грин дей ма бір пәле..Кеше бір британ радиосын тыңдап келе жатқанда бір әншінің өлеңін қойды, лақабасы немесе бүркеншік аты (www.ilk.kz) «Профессор Грин» екен, шын аты Стивен Пол Мандерсон, өмірбаяны (орыс тілінде). Аталмыш әнінен кейін даусы кімге ұқсайды десем… тұрған Мәкенің даусы екен (Мейрамбек Беспаев емес, Маршалл Мэзэрс қо), даусында сәл Лил Уэйндікі (Дуэйн Майкл Альбомының бетіКартер–кіші) де бар. Мүмкін сіздердің бұрын білгендерің бар шығар, бірақ өз басым бұл әнші туралы кеше ғана білдім. Ұлыбританияда аты дүркіреп тұрған көрінед. Шынымды айтсам орындау мәнері жаман емес сияқты, тіпті оны Еминем мен Лил Уэйннің дауыс- тарынан құралған гибрид дауыс деп те санауға болады. Бір айырмашылық: ол әрине, акцент. Алдарыңызға оның «At Your Inconvenience» атты альбомынан екі әнін ұсынам:

1. Trouble


2. At Your Inconvenience

Айтпақшы, бір байқағаным әлемдік шоу-бизнесте атақты азиялық рэпшілер жоқ деуге де болады, өкінішті-ақ… Қазақстандағы рэп дамуы қалай болып жатыр екен?!.. жаман емес дей алам, бірақ жақсы деп те айта алмайм. Қазақша рэп дамуында сапалы клиптер тым аз, өлеңі жақсы болса, клипі сапасыз, клипі жақсы болса, өлеңі сапасыз. Сондықтан айтарым тек 5 сөз: Қазақша рэп, тек қана алға!
Әрі қарай

Қастан шыққан төбелес...

Бекен бір күн істеп екі күн демалатын күзет жұмысында. Келіншегі екі баламен үйде отырады. Екі бөлмелі үйдегі екі күні теледидардың пультін айналдырумен өтеді көбіне. Шәй үстінде «Хит-Тв»-дан клиптер көріп отырған.
-Алмас Кішкенбаев қасын қырып тастаған екен ғой,-деді әйелі.
-Баяғыдан солай емес пе?
-Түуу, мен білемін ғой.Алдында бір концертте шыққанда қасы қырылмаған еді.
-«Суперстардан» жеңіп шыққалы қырулы осының қасы…
-Басында қасы бұндай еместін, кейін қырды
-Алдында қырған…
-Биыл, жақында ғана қырған дейм…
-Бұрыннан қырылған дейм, тбаймайттың қатыны!-Бекен шәй ішіп отырған кесесін қатынына қарай жіберіп қалды…
Әрі қарай

«Rafale де» көтімен демалуда

Жарықтық, жақсы мәшине еді, шешесстің(((

Өткендегі қаруи-жарақи жаңалықтарымыздың бірінде, Үндістандағы тендерлерде ресейлік шабуылшы ұшақтар мен тікұшақтардың оңбай жеңіліп жатқанын тоқ ішегімізге дейін қуана хабарлаған болатынбыз. Енді сондай пяншіктің тағдыры француз самұрықтары – «Рафальдарға да» келген сияқты. Шешесстің.
Бүгін беделді ақпарат көзі мен құлағы, француздың «Dassault» авиконцерні «Rafale» шабуылшы ұшақтарына тапсырыс беруші табылмағандықтан, өндірісті тоқтататынын еңірегенде етегі жасқа толып отырып хабарлады. Сөйтіп, әскери ұшақ саласындағы ойыншылардың саны төртеу-бесеу ғана болып қалды.
«Rafale» ұшақтары 2007 жылы пайда бола сала, Франциядан басқа ешкімге сатылмаған. Ақша іздеп
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - VI сөз

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік — ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды — тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас, — болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
Әрі қарай

Мұқаңа арнау

Кешіп өтіп жалғанның сын қатпарын,
Жарып кетті биігін мұздақтарын.
Гүрілдеген, тасыған өмір-өзен,
Шіркін ақын ағамнан мін таппадың.

Дантенің "Құдіретті комедиясын",
Аударып қазақшаға оқығансың.
Өмірге өткір қыран көзбен қарап,
Өлеңді өрмекшідей тоқығансың.

Жылататын жүректі жыр айтқанда,
Бірде лаулап,
кейде бір мұз қатқанба?
Қайрылған шаш,
Кең маңдай,
Терең ойлы!
Керемет қой қаламы тіл қатқанда.

Суретінен Мұқаңның көп сұраймын,
«Аққулар ұйықтағанда»
О,Құдайым,
«Музасымен» ақынның таныстыршы.
Бір сезініп қалайын,
ақ шырайын.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - IV сөз

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.
Әрі қарай