Молданың айтқанын істегенмен, интернеттен көргеніңді істеме...

Қазағымыздың мақалын бұлай бұрмалауыма себептің болып тұрғаны. 30 жасар американдық Кимонта атты келіншек өзінің 3 айлық нәрестесін Youtube-дегі бейнеролик арқылы сүндеттемек болады. Бірақта оның қай жерден қателескені белгісіз,қатты қансыраған баланың жанын дәрігерлер алып қалыпты.

Дереккөз
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #3: Өрт қауіпсіздік қызметінің лейтенанты Өмірбек

Көркемайдың ашқанына екі күн болмаған минимаркетіне өрт қауіпсіздік қызметінің лейтенанты кіріп келіп, сәлем-сауқатсыз бірдеңе толтыра бастапТ.
— Не істеватсыз? Бізде бәрі дұрыс! Тіпті баллондарды жұрт сияқты мерзімі өтіп
Әрі қарай

Ес кірмейтін махаббат


Суреттің түпмекені: a11i3n.yvision.kz

Отансүйгіштік, патриоттық сезімнің түрлі формада әрқайсымызда бары жасырын емес. Оның болмауы үрейлі, әрине. Ал елжандылық пен ұлтсүйерлікті пафостықпен паш ету кейде ұнамды бола қоймайтыны тағы бар. «Көзбояушылық» деген қап-қарапайым диагнозға шалдыққан зомбилер қаншама…

Бүгінгі ескіліктер топтамасына Астанадағы бір топ жастардың «Алға, Қазақстан!» атты кампаниясы түрткі болып отыр.
Әрі қарай

Алматылықтаааар! Аттаныңдар:) (Тақырып ат болды-ау дейм)

Ағайын! Бугін Алматыда Қазақстан интернет ассосациясы Қазақ тілді интернетті дамыту туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Соған қатысып шығып, түйгеніміз интернет саласында жүрген қазақ тілділер бас қосып, ортақ ұйым құру қажеттігі туындапты. Сондықтан блогшылар, интернетте жүрген журналистер, ІТ мамандары бас қосып қазақ тілді қауымның құқығын қорғайтын, сөзін сөйлейтін, дамытуға атсалысатын ұйым құрсақ деген шешімге келдік. Өйткені біз қимылдамаған соң орыс тілді қауым қолға алып жатыр. Олардың қандай деңгейде дамытары белгілі. Осыны жеделдетіп қолға алу қажет. Алматылықтар, бүгін осы мәселе бойынша кешке кездесіп, ақылдаспақпыз. Ой қосам деген ағайын болса, келулеріңізді сұраймыз.
Адрес: Алматы қаласы, Сатпаев Байзақов көшелерінің қиылысы! Байзақовтан төмен! Уақыты 8:00 Сабах кафесі
Әрі қарай

Катушканы керекке жарату

Мәтінің (аударма) кейінірек қоярмын
Материалдар:
• 1 кабель орамынан босаған үлкен катушка
• Диаметрі12-15 дюйм болатын ПВХ труба
• 3/8 дюйм резьбасы бары өзек стержень)
• Эпоксидка
• Подшипниктер – жиналған блок
• Болат ось (холодный прокат болсын)
• Цептік(шынжыр емес)алмасу

Ал енді құрастыруға кіріселік

Автор бұл жерде судың құлау биіктігіне байланысты — (нижнебойное колесо) төментоспалық доңғалақ жинаған.
Әрі қарай автордың сөзімен
Мен қалақшалардың санын барынша(мүмкіндігінше) көп болғанын сезсемде оларды қалай дұрыс орналастырсам екем, деп ойладым. Алдымен диаметрлері 40 дюйм болатын дискілермен әлек болдым. Мекткптегі геометриялық білімім бойынша доңғалақтың жиегіне маркермен бірдей қылып хордаларды белгілеп(сызып) шықтым.
Содан соң, радиустар сызығымен хордалардың шетін қостым. ПВХ трубаның диаметрін өлшеп алып, осы диаметрге сәйкес ұзындықта темір(қаңылтыр) жолақтың шеттерін тестім. Онан кейін радиустарда жарты шеңбердің центрлерін белгілеп алдым(доңғалақ жиегінен ПВХ трубаның диаметрінің ½ бөлігі). Қолдық фрезеровательге манаға темір(қаңылтыр) жолақты(полоса) бекітіп алып дискте жарты шеңберлік үңгімелер(пазы) жасап шықтым.
Әрі қарай

ПЕШЕНЕ


− Адамзат баласы, қасірет! Қасірет!
Халық түсінбей тұр. Аса таяғы шошаңдаған дәруіш олардың арасында жүгіріп жүр. Мен де мектептен шыққан болатынмын. Елдің бәрі мәдениет үйінің алдына жиналып қалыпты. Жолым осылардың үстін басып өтетін болғандықтан жиылып тұрған жандардың санын көбейтіп, қастарына келіп тұрдым.
− Қарғыс атты бізді! Қарғыс атты! Ұғасыңдар ма пенделер, бізді қарғыс атты!
Пенделер! Адамзаттық ақыл-ой дәрежесінің шыңына шығып алып тырбаңдаған тіршіліктен арыла алмаған пенделерге төбеден қарап тұрған не қылған әулие екен деген қызығушылықпен үлкендерді итере-митере ортаға кірдім. Көрдім.
Қайдан тауып алғаны белгісіз, дәруіш басына шошақты киіз қалпақ, үстіне етегі тозған сұрғылт шапан киіпті. Бет-бейнесі бұрынғы бақсыларды елестеткендей.
− Не, не боп қалды, түге?, − деді жақында ғана зейнетке шыққа математика пәнінің мұғалімі Зейнеп апай. Дәруіш екіленіп сөйлей жөнелді.
− Ақырзаман болмайтын болды! Болмайды! Қасірет адамазат! Қасірет! Соры қалың сормаңдай адам!
Әрі қарай

Дельфинарий. Теңіз мысықтары

@Gulistan «дельфинарийден репортаж қайда» депті)))) Ощм, баруын бардым, өте ұнады. Әсіресе теңіз мысықтарына жлъядым. Өте сүйкімді әрі ақылды жануарлар екен. Жүргізуші әйел де барын салып тұрды, дауыс интонациясы енді күшті Шоуды көруге келген кішкентай балалардың эмоциялары керемет, бәрі мәз-мейрам болды.
Көп сөйлей бермей, «біткенский» фотигіммен түсірген видеоммен бөлісейін. Ерінбесеңдер, қарай салыңдар)

Пы сы: бағасы 100 гривень, яғни, шамамен 2000 теңге.
Әрі қарай