Ес кірмейтін махаббат


Суреттің түпмекені: a11i3n.yvision.kz

Отансүйгіштік, патриоттық сезімнің түрлі формада әрқайсымызда бары жасырын емес. Оның болмауы үрейлі, әрине. Ал елжандылық пен ұлтсүйерлікті пафостықпен паш ету кейде ұнамды бола қоймайтыны тағы бар. «Көзбояушылық» деген қап-қарапайым диагнозға шалдыққан зомбилер қаншама…

Бүгінгі ескіліктер топтамасына Астанадағы бір топ жастардың «Алға, Қазақстан!» атты кампаниясы түрткі болып отыр.

Бүй дейді дереккөздер:

– Это будет уникальный проект (создание 8-километровой надписи в пустынных степях Карагандинской области «Алга, Казахстан!», которая будет видна с международной космической станции – «ИФ-К»). Уже сейчас в Интернете нашлось двадцать человек, которые готовы участвовать в создании надписи. Основная задача нашего проекта – создать графическую мантру удачи для страны. Это будет своего рода космический маячок для привлечения достатка и во имя продвижения нашего государства.


Аудармасы: Бұл теңдессіз жоба (Қарағанды облысына қарасты жазық далада халықаралық ғарыш стансасынан көрінетіндей 8 километрлік «Алға, Қазақстан!» жазбасын түсіру — «ИФ-К») болғалы тұр. Қазірдің өзінде интернетте осынау іске жұмылуға жиырма шақты адам даярлығын білдірді. Жобамыздың басты мақсаты — еліміз үшін табыстылықтың графикалық мантрасын түзу. Бұл молшылықты тартуға және еліміздің қарыштап дамуына септесетін космоспен үндесу тетігі болмақ.

Для нашей надписи мы выбрали шрифт «Экибастуз». Этот каллиграфический стиль разработали в студии известного российского дизайнера Артемия Лебедева. Этот шрифт очень тонкий – как раз для такой работы. Длина каждой заглавной буквы будет составлять семьсот метров. А общая площадь надписи «Алга, Казахстан!» (Вперед, Казахстан! – «ИФ-К») будет превышать в четыре раза такое европейское государство, как Монако.


Аудармасы: Жазбамызға біз «Экибастуз» шрифтін таңдап алдық. Бұл каллиграфиялық стиль ресейлік танымал дизайн ісінің маманы Артемий Лебедевтің студиясында әзірленді. Шрифт жіңішкелеу келген, дәл осы тектес жұмысқа ыңғайлы. Әр бас әріптің ұзындығы жеті жүз метрді құрайтын болады. «Алға, Қазақстан!» жазбасының жалпы ауданы Монако сияқты еуропалық мемлекеттің алып отырған аумағынан төрт есе ірірек болады.

Не дейік, осынау бастамаға қатысты айтылған бір пікірді қаз-қалпында берелік:

В России подобный путинский пафос – лозунг «Россия, вперед!» – был быстро охлажден народом более прозаичным и намного лучше отражающим реальность лозунгом – «Роисся вперде!». Так что наш нуротановский пафос «Алға, Казахстан!» рискует так же быстро трансформироваться в «Жалға – Казахстан!»

P.S. Ақпарат көзінде «Алга, Казахстан!» деп келтіріліпті. Дәлме-дәл солай жазылса тіптен қызық. Азиададағы айқайшы ұраншының «Алгаа Казагістаааан!» дегеніне де көндіккен едік, расы. Қалай боларын…
Бөлісу:

11 пікір

omarbirat
«Ж» әрпінің қосылып кетуін қайдам, бірақ түрікшелеп (жарым-жартылай орысшалап) «Ағла, Казахстан» деп тұрса, бір түрлі ғой…
Пікір түзетілген: 27 шілде 2011, 11:49
Nurgisa
 Шынымен де ей…
nurbergen_makym
Қанша ресурс шығындалады екен, со қызық… Әйтпесе, мынау, бұты қисық қызға, Карденнің мини-юбкісін сыйлағандай екен, нақ!
VKM
Gastarbaiter
Карденнің миниюбкасын түсінгеніңе мәзсің әйтеуір
asaubota
плакаттар, баннерлер, брошюралар, қатысушыларға бейсболка және футболкалар, 1 фотоаппарат, 1 видеокамера, вертолет жалдау, кешкі банкет. қарағандылық внутренный политикада танысы бар бір ИП қолын ысқылап отыр
Janasil
Құмға жазса Қазақстан алға жүгіріп кететіндей. Кешегі еріккен арабтаң тірлігінен алған әсерлерінің көрінісі шығар. Бір жағынан қызық негізі картадан көрініп тұрса Казахстан емес ҚАЗАҚСТАН деп!!! Қайда кетпей жатқан ақша.
Nurgisa
Қайда кетпей жатқан ақша.
Сатекең қазір "қазақшылық мұның" деп дүрсе қойып жүрмесін, Жанасыл
19852407
отмывание денег депті бұндайды
satibaldi
Еш шығындалмай, Мәртөк ауданының бұрынғы сүт комлпексінің тонауға үлгірмей қалған қабырғасының глобалды координатасына сұрау салуды сұраймын. Онда «Коля пидараз» деген жазуды анық байқайсыздар.
alisha
  Үлгермей қалған емес, Колядан қорыққан біреу шығар