Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

касса24 төлем қабылдау жүйесі және личная касса

Қайырлы күн Керекшілер, бүгін тағы бір маңызды тақырып жазайын деп отырмын, бұл сіз үшін өте маңызды, ендеше осы маңызды және тағыда болатын керекті жазбаны уақытылы біліп отыру үшін, осы блокқа қосылыңыз. енді тақырыпқа көшейін
Касса24 бұл Қазақстандағы бірегей төлем қабылдау жүйесі, ол мынадай мүмкіндіктер үсынады, Төлем қабыладу терминалдарын сату, Пос терминалдарын сату және веб нүктелерге төлем қабылдау қосымшасын орнату, сонымен қатар осылардың барлығына қызмет көрсету,
Әрі қарай

Сәби болғым келеді, сәби болғым!

Назарларыңызға тағы суреттер ұсынамын. Кіндік қызым дей ме осыкүні қалай. Қырқынан шығарған күн. Мониторға қатты үңіліп қарамаңыз, көздеріңіз тиіп кетер. («Тіл көзім тасқа» деп айтып отырсаңыздар болады)
Әрі қарай

Халық банкінің жеке тұлғаларға арналған интернет банкингі

Қайырлы күн керекшілер. Бүгін біз халық банкінің интернет банкингімен танысамыз, алдымен интернет банкинг туралы аз кем айта кетер болсам. Интернет банкинг бұл интернет арқылы төлем жасаудың ең оңай жолы, дамыған елдер бұл жүйеге әлдеқашан көшкен ал бұл бізде енді дамып келе жатқан сала. енді осы арадан қайта халық банкінің интернет банкингіне оралайын, ол үшін сіз халық банкінің клиенті болуыңыз керек, яғни сізде халық банкінен ашылған жеке шот нөмеріңіз болуы керек, сонымен интернет банкингті қосу жолдары
халық банкінің банкоматына барасыз
сол жерден мобилді банкинг дегенді талдап аласыз ол екі түрлі болады, бірі ақша аударылғанда хабарлама келетін енді бірі келмейтін, ал хабарлама келу үшін сізден ай сайын 350 теңге ұстап отырады, ал бізде интернет банкинг болғандықтан 350 теңге шығындап еш қажеті жоқ.
сонымен сіз халық банкінің деректер базасына тіркелген болып саналасыз,
енді үйге келіп компты қоссасыз myhalyk.kz сайтына кіресіз, сол жерден сіз карточкаңыздың нөмерін енгізесіз, сол кезде сіздің мобилді банкингке тіркелгеніңіз туралы анықтама шығады, сіз моблиді банкингке тіркелмеген болсаңыз онда сіз ары қарай жалғасытра алмайсыз. соныдқтан міндетті түрде мобилді банкингке тіркелу керек.
сонымен жаңағы сайтқа тіркелесіз. тіркеліп болсаңыз болды сіз енді барлық операцияларды орындай аласыз, ол қалай деп отырсыз ба енді сізге жаңағы сайт мынадай мүмкіндік береді
— бірінші сіздің картоскаңызда қанша ақша барын біле аласыз
-кез келген банктің карточкасына ақша аудара аласыз
— төлемдерді қабыладй аласыз ұялы байланы телекоммуникация, бала бақша, білім айыппұл кез келген штраф, кедендік баж, мемлекеттік баж, кредит төлеу.
— билет сатып алу
— қайырымдылық қорына ақша аудара аласыз.
— егер карточкаңызды жоғалтып алсаңыз сайтқа кіріңізді карточкаңызға уақыташа тосқаулы қоя қойыңыз, болды ақшаңызешқайда кетпейді.
Интернет банкингті пайдалану толықтай тегін тек әр оперцияларыңыз үшін тиісті соммадағы коммиция төлейсіз
ал әзірге осы сұрақ туындаса пікір қалдырыңыз.
ал мынау интернет банкингтің мәзірі
Әрі қарай

WEB нүктелерде төлем қабылдау

Қайырлы күн Керекшілер осы постта төлем қабылдаудың тағы бір тиімді жолы өз компьютеріңізге немесе ноутбугіңізге орнатылған төлем қабылдау қосымшасы.
Бұл кез келген желімен қосылған компьютерге арналған қосымша, бұны да орнату үшін алдыңғы посттарда жазылғандай, жеке кәсіпкерлік керек. енді ол жағы түсінкті,немесе мына жерде сол посттарға сілтеме көрсетілген.
Сонымен бұның басқаларынан артықшылығы: төлем қабылдаудың көптеген түрлері ұялы байланыс, интернет, ақылы каблді теледидар, Электронды ақшаларға, мемелкеттік қызметтерге (балабақша оқу ақысы дегендей) және неиселер төлеуге ыңғайлы, бұл қызметтердің барлығы жаңағы сізді бағдарламамен қамтамасыз еткен провайдерде болу керек екенін анықтап алыңыз жоғардағы көрсетілгендердің кейбірі болмай қалуы мүмкін. сонымен іске сәт, қалып қойғандары болса пікір ретінде жазарсыздар, келесі посттарда Электронды ақшалар туралы жазатын боламын,
Әрі қарай

Бүгін POS- терминалмен танысамыз

POS- терминал бұл шағын бизнеске таптырмас шешім.
Қызметі ұялы байланыс операторларына IP байланыс, коммуналдық төлем, кабелді теледидар және интернет, т.б. осылар үшін төлемдер қабыладй алады. ешқандай күрделі функциялары жоқ, бағасы кәдімгі терминалдан бірнеше есе арзан, қуат көзі болмаған жағдайда да кемінде 6 сағат жұмыс жасай алады. кез келген ұялы байланыс қолдайтын жерде қолданылады, телефон желісін қосып қажеті жоқ,
бағасы шамамен 60 мың теңгеден басталады, қосымша чек басып шығаратын қағазын да ала салыңыз,
сатып алып орнату үшін жеке кәсіпкерлік куәлігіңіз болса болды егер жеке кәсіпкерлік куәлігіңіз болмаса онда салық органдарына барып тіркеле қойыңыз, тіркелу құны бес мың теңге шамасында, патентпен жұмыс жасайсыз, тапқан табысыңыздың бар болғаны 3 пайызын ғана салық ретінде төлейсіз, мысалы сіз жетпіс мың теңге пайда таптыңыз деп саналық үш пайызы 2100 теңге оған қосымша зейнетақыңыз үшін бір АЕК(айлық есептік көрсеткіш қазігі көлемі 1600 теңге) және тағы бір салығы бар ол 600-700дей сонымен шығыс 2100+1600+700=4400 теңге.
сонымен сізге келетін табыс алпыс мың, айтуға ұмытып барады екенмін ғой сіз төлемдерін қабылдаған компания сізге салған ақшаңызға шамамен 0.2% сыйақы тағайындайды. түсінбей қалдыңыз ба? мысалға белайнға ақша салсаңыз билайын сізге сыйақы тағайындайды. сонымен POS- терминал сатып алуға кеттік…
келесі жазбада WEB нүктелерде төлем қаыблдау туралы айтатын боламыз, жазбаны уақытылы елден бұрын біліп отырамын десеңіз осы блогқа қосылыңыз
Әрі қарай

Мұрат Өнал (видео)



Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өналдың биылғы ойындарынан топтама видео.

Биыл Қазақстанға келгісі келіп, басқа командалардың шақыруларынан бас тартқан Мұрат ұзақ уақыт командасыз қалып қойған еді. Кейін Финляндия 2-лигасындағы бір командаға өтіп, ол команданың 1-лигаға шығуына көмектесті. 12 ойында 7 гол соғып, 15 гол пасы жасаған.

Видеодан байқағаным Мұраттың техникасы және пас мәдениеті жақсы дамыған. Қазақстанға келсе немесе Ұлттық құрамаға алынса жақсы болар еді.
Әрі қарай