"Жауапты хатшылар клубы" 2012 жылдың басты тақырыптарын жариялады

Кеше Алматыда «Жауапты хатшылар клубының» кезекті отырысы өтті. Еліміздің маңдайалды газеттерінің жауапты хатшылары жиналып, 2012 жылы жазылатын басты тақырыптарды анықтады. Клуб төрағасы Эдуард Алдоңғардың мәлімдеуінше өткен жылғы тақырыптармен салыстыратын болсақ, пәлендей өзгеріс жоқ. Тек аз-кем қосымшалар енгізілген. Сонымен қатар күтпеген, аяқасты оқиғаларға да дайын отыратындарын мәлімдеді.

Әрі қарай

Форұм жүйелерінің қайсысын таңдаған дұрыс?

Уақыттың көбісін форум сайттарда өткіземізгой.Сондықтан бір форум сайт құрам ба деген ой болған.Осы жүйелердің қайсысын таңдасам екен? SMF,vBulletin қолданып орнатып,жағаласып дегендей біраз уақыт откізген болатынмын.Бұлардың қай-қайсысы болмасын қазақшасы жоқтың қасы :(
Әрі қарай

Кириллден төтеге, төтеден кириллге

Бүгін мына сайтты көрсетті бір жігіт:

www.kazakhsoft.com/Convert/Default.aspx?ln=kz



Кириллдегі мәтінді төте жазуға конверт жасайды екен. Және керісінше төтеден кириллге. Бұрынғы транслиттерге қарағанда бұл сапалы жасалған, әріп қатесі минимум.

Жаңа өзім қытайлық қазақтардың бір сайтындағы мақалаларды оқып көрдім. Түсінікті
Әрі қарай

Қарақшы Ринат

Өткен жолы бір тақырыпта жаңажылдық киімдер жайлы талқылып едік қой. Атасы мен апасы Ринатқа қарақшының киімін тіккізіпті. Қарақшының күні құрысын төрт жол тақпақтың алғашқысы мен үшінші жолын ғана жаттап алыпты)))
Әрі қарай

Француздар Аяксты қалай лақтырды?



Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің соңғы турында француз Лионға келесі турға шығуы үшін хорватиялық Динамо Загребті ірі есеппен жеңуі қажет еді. Және Аякс өз алаңында Реалдың қосалқы құрамынан жеңілуі керек болды. Былай қарасаң қиын нәрсе. Бірақ солай болды. Лион 7-1 жеңді. Аякс 0-3 жеңілді. Аякстың 2 голын төреші оффсайд деп санамай тастаған.
Әрі қарай

Масқара

«Анау бала, қолын қара — Кір қожалақ, қап–қара!
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты–ау,
Масқара!»
©


Қыздарға не масқара? Қыздарға бәрі масқара. Суретке түсерін түсіп алып, сосын «ищщәкәпір, алыптысташ!» деп, тұяғымды жеп, жалынып отырғаны. Қазір жынД әккі болвалдық нақ: жеке өзім отырыста түсірілген суреттермен, фотоаппаратпен және оның флэшімен ізім-қайым жоғалып кетемін. Қойымды табасың нақ кештен кейін! Әйтпесе, небір тарихи сәттер қайсыбір қатынның шашына бола жойылып кетед.
Очм, біз баяғы сол: қатындарға өз суреті неге ұнамайтынын түсінбейміз. Херқисса, бір күні
Әрі қарай