Француздар Аяксты қалай лақтырды?
Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің соңғы турында француз Лионға келесі турға шығуы үшін хорватиялық Динамо Загребті ірі есеппен жеңуі қажет еді. Және Аякс өз алаңында Реалдың қосалқы құрамынан жеңілуі керек болды. Былай қарасаң қиын нәрсе. Бірақ солай болды. Лион 7-1 жеңді. Аякс 0-3 жеңілді. Аякстың 2 голын төреші оффсайд деп санамай тастаған.
Ертеңіне француз журналистері мына фотоны жариялады.
Динамо Загреб футболшысы Вида букмекер кеңсесінен шығып келе жатыр. Алдын ала өз ойындарына бәс тікті деген ой бар.
Сондай-ақ ойын барысында 5-ші голды жібергеннен кейін Лион шабуылшысы Гомисқа көзін қысып жатқаны көрініп қалған.
Қалай тапқандары белгісіз, ертеңіне Аякс фанаттары өз сайттарында Лионның Динамо есебіне лақтырған 2.1 млн поундтың чегінің көшірмесін шығарған.
Қазір бұл іспен УЕФА айналысуда. Нәтижесін жақында көреміз.
15 пікір