Тағамдар шеруі
Сәлем бердік, керекші жамағат!
«Аспаздық» қауымдастығын тағы бір жазбамен толықтырмақ ниеттемін. Көп адамдар керекинфодағы ас мәзірлерді оқып, пайдаланып тұрады екен. Қуанышты жағдай, әрине!
Осыдан біраз уақыт бұрын да жекеде мәзір сұрағандар да болды. Қажеттілік барда неге жазбасқа?! Бірақ, байқауымша, көбісі күнделікті мәзірлердің құрамы, дайындалуы, кейбір артықшылықтары туралы сұрайды. Соған сәйкес, ендігіде жеңіл, тез әзірленетін және қолжетімді заттардан дайындалатын мәзірлерді назарларыңызға ұсынбақпын. Сонымен бастайық…
Әрі қарай

«Тезірек өсіп, осындай дипломаттар ұстасақ қой» деген арман әрқайсымыздың ішімізде жатушы еді. Қолдарына дипломат ұстап жүрді демесек олар да бала екен-ау ойлап отырсам. Кей-кейде әлгі бізге жігіт секілді көрінетін 77-лер де балалалыққа салынып қолындағы дипломаттарымен қыздардың арқасынан «ыңқ» еткізетін.

Бүгін «Отызгазетонжурнал» холдингінің Президенті Сыпатай Ульрих ерекше көтеріңкі көңіл-күйде. Үйде жалғыз жүрсе де бөлмелердің есіктерін пафоспен ашып, салтанатпен жауып, маңғаздан-кербездене алшаңдап жүр. Тіпті атылас халатының ілгектерін ағытып тастады. Императорлардай желкілдетіп-желбіретіп жүру үшін. Үйді әрі бері кезген соң, өзінің обрызы өзіне ұнай бастады. Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.