Егін күзету және шапан хикаясы

Жас кезде адамның ақымақтық әрекеттерге де барып тұруы еш сөлекеттік етпеген. Жаз болса жайлауда өтетін уақытымыз. Бала кезде білінбейді екен. Қолтыққа жүн шыққан кезде жайлаудан көрі ауыл жақта қызық көп екені аңғарыла басталды. Ауылдағы өзім теңдес түбіт мұрт бозбалалар күнде дискотекалатып жүргенде мен аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет барушы едім. Мал бағу, егінді қарау секілді шаруалармен қол тимейтін.Содан егін шабатын уақыт келгенде ағайын болып келетін Өткір атты жігіт екеумізді түнде егістік басындағы комбайндарды күзетуге жіберді. Будкада жатуымыз керек. Үш аяқты «Урал» матасекіліне отырып алып жайлаудағы үйден екі-үш шақырымдай жердегі алқапқа келеміз. Қас қарайып күн батты-ау дегенде матасекілді завайттамай(дыбысын естіп қалмас үшін)1-2 км жер итеріп ауылға қарай бет аламыз.Ауыл 10 км шамасындағы жерде. Таудың мүйісінен асқан соң оталдырып алып «ауыл қайдасың?» деп тартып отырамыз. Ауылға барғанда да үйге соғуға болмайды.Тікелей клубқа барамыз.Ол жерде біраз көңіл көтеріп, қыздарды тау жақты көрсетуге алып кетеміз. Жалпы, сол жылдары ауылда шапан кигендердің дәуірі жүріп тұрған.Жан-жақтан келіп жатқан қонақ қыздарды тауға апарып серуендеткен кезде шапан керек болады.Енді, қыздар тоңып қалса иығына жабуға.Содан таң ата түк болмағандай егіс басына қайтып келуші едік…
Әрі қарай

Танымал психолог тойда соққыға жығылды



АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚызАқпарат /Әндірей Сақалов/ — «Кеше Атырау қаласындағы бір тойда белгілі психолог, „Метросексуализм негіздері“, „Сый-құрметке жаңаша көзқарас“, „Менің де құрметім шексіз“ кітаптарының авторы, „Бір қолмен амандасуды үйренейік“ атты курстарымен танымал болған Тамерлан Нуриев соққыға жығылып, сол қолы сынды»,

— деп хабарлайды Қызақпарат, Мақатньюске сілтеме көрсетіп.

Психологтың өзі «Бір түсініспеушіліктер болды. Қазір ешқандай мәселе жоқ» десе де «Аноним Еркектер Қауымдастығы» Facebook желісінде және Асаттық сайтында өз наразылықтарын білдіруде.
Әрі қарай

Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушыларына бөлек квота шығуы мүмкін


Астанада 11-ші сынып ата-аналарына арналған «ЕНТ стресін бірге жеңейік» атты тренинг және форум өтті. Тренинг барысында ата-аналарға үлгерімі нашар балаларын ұрмау, балағаттамау үшін қандай тәсілдермен өздерін ұстау керектігі, баланың оқуға түсе алмай 1 жыл үйде отыруы қоғамда ешқандай күлкілі жәйт емес екендігі, оқу үшін кредитті сәтті алу жолдары түсіндірілді. Жарты күнге созылған тренингтің соңы кішігірім форум-конференциямен аяқталды. Форум барысында ата-аналар балаларының бұрынғы сыныптастарының көпшілігі мектептегі соңғы жылдарын ауылдық жерде бітіруге кеткендерін айтып, бұл құбылысқа өз наразылықтарын білдірді.
Әрі қарай

Месси үшінші мәрте мықты!

«Алтын допты» осымен үшінші рет «Мессилонаның» тойыс «Барселонаның» ойыншысы Леонель Месси жеңіп алды! Бұған дейін Йохан Круифф, Марко Ван БАстен, Мишель Платини ғана мәртебелі сыйлықты үш рет ұтып алған екен! Дауыс беру нәтижесінде Лео 47,88 пайыз дауыс жинады. Құтты болсын, «Барсафандар!»
Әрі қарай

Ең жабайы зымыран

Атауы: "Қассам" (Qassam) (кей ақпарат көздерінде — «Хасан» деп қате айтылып/жазылып жүр)
Ұшу алыстығы: 20 шақырымға дейін.



Бұл — ХАМАС оппозициялық тобының* жөйіт қалаларын атқылап жүрген зымыраны. Жалпы, зымыран деп атауға келсе, шешессті.
Очм, кәдімгі кез-келген қаззақтың ауласының маңайына мәшине өтпесін деп көміп қоятын тот басқан темір құбыр алынады да, көтіне қанатшалар дәнекерленеді. Бұл кезде қайғы алхимик те «зымырыан отынын» дайындап болады. Шешесстің отынының пормуласынан ат шошид нақ: кәдімгі
Әрі қарай

Цецедей циник цензормен цацкание

«Жаңа өзен»- деп бастағам мақаламды.
Үйдің артындағы,
Жардың астындағы
Кісінің қабағы түксиді:
«Болмайд, болмайд — Тақырып бір жаман сөзге ұқсайд...».

Үй артына үшбу хатым дайын еді:
Әрі қарай

WilliamHill Еуро-2012 финалында Испания мен Германия кездеседі дейді



Танымал букмекер кеңсесі WilliamHill Еуро-2012 үшін линия ашқан екен. Берілген линия бойынша болжайтын болсақ Еуро финалында Испания мен Германия кездеседі. Бұл жұптың кездесу ықтималдығына 6 коэффициент беріліп тұр. Одан кейінгі кезекте Голландия — Германия (8), Испания — Голландия (9) жұптары.
Әрі қарай

Алғаш рет онлайн трансляция жасап көрдім


Кеше Астана қалалық әкімдігі ішкі істер басқармасының қолдауымен мектеп оқушылары және студенттер арасында КВН өтті.

Алғаш рет осы 2 ойынды интернет арқылы трансляция жасап көрдім. Өзіме ұнады, қызық екен.
Әрі қарай