Цецедей циник цензормен цацкание
«Жаңа өзен»- деп бастағам мақаламды.
Үйдің артындағы,
Жардың астындағы
Кісінің қабағы түксиді:
«Болмайд, болмайд — Тақырып бір жаман сөзге ұқсайд...».
Үй артына үшбу хатым дайын еді:
«Ағасы, руым — танымдық,
Бөлімім — жағырапия,
Сөзіңе бағындық:
Мәселенки бірақ та:
Сіз айтқан жаман сөз —
қосылып жазылмай ма?»
Жіберген соң — ізе-шала хабар келді:
«Бөлек жазылғанмен,
Қосарлана айтылад.
Мұны жұрт оқид,
Сосын бекер толқид».
Өлеңімнің сықпытына күлгеніңмен — Тиісті кісілерден тиісті бағасын алған:
4 жыл жазамның
6 айы қалған.
Үйдің артындағы,
Жардың астындағы
Кісінің қабағы түксиді:
«Болмайд, болмайд — Тақырып бір жаман сөзге ұқсайд...».
Үй артына үшбу хатым дайын еді:
«Ағасы, руым — танымдық,
Бөлімім — жағырапия,
Сөзіңе бағындық:
Мәселенки бірақ та:
Сіз айтқан жаман сөз —
қосылып жазылмай ма?»
Жіберген соң — ізе-шала хабар келді:
«Бөлек жазылғанмен,
Қосарлана айтылад.
Мұны жұрт оқид,
Сосын бекер толқид».
Өлеңімнің сықпытына күлгеніңмен — Тиісті кісілерден тиісті бағасын алған:
4 жыл жазамның
6 айы қалған.
— жаңа өзен бойында жүр еді, келген шығар. қораның шетін қара.
— қай шетінде? ана шет пе? мына шет пе?
— ой, міне жүр ғой маң-маң, қыстау жақта.
джем емесКөрінбей кетті бір ақын…
Достарым да таяғымды жеп тұрад.
Ештеңе етпес оларға да сабақ қо,
Анда-санда ондай-ондай боп тұрад.
Қолым қышып, көрінгенге ұрынам,
Өзге адамдар тайғақтайды сұрымнан.
Ауған болып жүрсем деймін соғысып,
Қазақ болып жүргеніме қорынам.
Армандаймын Шыңғысханды, Темірді,
Қан ішсем деп, көңіл қатты елірді.
Соңғы кезде Ер Шыңғысты даттаған,
Мақтағаннан, пай-пай, күйрей жеңілді.
Тағы арманым ОМОН болсам арынды,
Қырып өтем тобыр халық, қалыңды.
Тоқтата алмас, ех шіркін-ай, Өзенде
Салсам егер шүріппеге барымды.
Ата анам ойбай салар: «Қағынғыр,
Құдай ұрып, сынбайды-ау сағың бір».
Мен оларды балағаттап беремін:
«Кәрі қақпас, қарыспайды-ау жағың бір»
Албастының Албастысы