Дәр ТВ

осы каналды сағындым

«ДәрTV: бүгінгі бағдарлама

3.00 Тауық.
3.05 Дәруішөлген әнұраны (Бұйрық ӘБ-101/3: Аяқтарыңды бүйректеріңе қойып тыңдаңдар, ептібайымайттар!.. Анджела Мейірқұлова).
4.00 «Қайыршы таң, Дәруішөлген!» Сазды-балшықты бағдарлама.
5.00 «Малақов — ». Арамшөп шайымен ішек шаю.
5.55 «Шешеңнің аңы», құбыжық фильм. Досыңның шешесі Кайман аралдарындағы демалыстан қызық мақұлық әкелді. Күндіз шықылықтап көңіліңді көтергенімен, түнде де шықылықтап ұйқы бермей, ақыры досыңның шешесінің аңын өлтіруге бел будың…
7.00 Жаңалықтар.
7.30 «Дәрэнерго АҚ сағаты», тоқ-шоу.»
Әрі қарай

Қазақстан чемпионаты 1-тур

Фото: О.Лебедев
Фото: О.Лебедев

1-тур нәтижелері:

Шахтёр — Қайсар 2-0
Локомотив — Жетісу 0-2
Ордабасы — Тобыл 1-0
Восток — Кайрат 1-0
Ақтөбе — Атырау 2-0
Тараз — Ертіс 0-1

12 командадан тұратын чемпионатымыздың алғашқы туры алаң иелерінің басымдылығымен аяқталды. 4 ойында алаң иелері, 2 ойында қонақтар жеңіске жетті. Жетісу мен Ордабасының жеңістерін сенсация деп қабылдамау керек деп ойлаймын. Тобыл биыл өткен жылғы чемпиондық атағын қорғамайтыны анық, команданың мықты ойыншыларының барлығы маусым ортасында бұл командадан кетіп үлгерді. Ал астаналық Локомотив те құрамын жаңартты, чемпионатқа әлі толық дайын емес. Негізі биылғы чемпионат регламентіндегі өзгеріс осындай командаларға лайықталып істелінгендей, 2 этаптан тұратын турнирдің алғашқы этапынан кейін алтылыққа кірген командалардың ұпайлары 2-ге бөлінетіні белгілі. Яғни алтылықтың соңынан орын алған командалар 2-ші этапта көш басындағы командаларды қуып жетіп алуларына үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан Тобыл мен Локомотив алғашқы ойындағы жеңіліске қайғыра қоймас, бар болғаны 1,5 ұпай ғана жоғалтты.
Әрі қарай

Қазақстан Facebook қолданушылары бойынша 213 елдің ішінде 103-орында

Facebook әзірге mail.ru-ға балама бола алмас деп ойлаймын. Әйткенмен Қазақстандық интернет қолданушылар орыс тілді виртуалды кеңістіктен ағылшын тілді әлеуметтік желіге сіңісе бастады.

Neweurasia.net сайтына жазба әзірлеп отырып, байқап қалдым. Қазақстан Facebook қолданушылары бар 213 елдің ішінде 103-орында тұр. (кестедегі бірінші баған тіркелген қолданушылар санын, екіншісі сандық және пайыздық өсуді, үшіншісі интернеттегі алар үлесін көрсетеді)
Дереккөзі: http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/

Орталық Азия елдері ішінде бірінші орында екенбіз. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін mail.ru акцияларының Лондон Қор Биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алыпты [орыс.т].
Әрі қарай

Нағашыңмен қалайсың?!

Жігіттің үш жұртының бірі осы нағашы жұрты. «Жігіт жақсысы нағашыдан» деп айтып жатамыз. Бірақ үйге келген қонақтар «Балаң нағашысына тартқан ба?» десе намыстанамыз. Баламыздың жаман қылығын көрсек «Нағашысына тартқан жаман неме!»деп сөгеміз. Сіз өз нағашыңызбен қалайсыз, балаңыз ше?
Әрі қарай

Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Әрі қарай

Үнхабар: Блог Құрылтайдың болғанынан боладысы қызық

Өткен жұма күні Dabai Kerekinfo болмай тұрған кезде Мақпалдың жазып алып, әзірлеген үнхабары.

Ескерту: Арнайы еш дайындықсыз жазылды.

Неге тіркелу керек?
Қандай тақырыпта презентация жасаған дұрыс
Құрылтайда ақша жоғалтып алсаң не істейсің
Блог Байқауға қатысыңдар!
т.с.с. тақырыптарды түртіп өтеміз.

Керекшілер қажетіне жаратар.

Скачать с podkazt.kz


Скачать с podkazt.kz
Әрі қарай

Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.

Әрі қарай

Универсиаданың 6 медалі Азиаданың 70 медалынан артық



Сонымен Азиада да бітті. 70 медальмен бірінші орын алдық. Ел-жұрт қуануда. Қуаныштың да бір шкаласы болуы керек сияқты менің ойымша. Азиаданың қуаныш шкаласы Олимпиададан да асып кетті. Әлемдік бір жарысты жеңгендей болып қуандық. Неге? Менің ойымша халық спорттан сауатсыз, сондықтан болды осындай "үлкен" қуаныш. Кімдермен жарыстық, кімдерді ұттық? Корея, Жапония, Қытайлар қысқы ойындар бойынша әлемде бір салмағы бар ма еді? Хоккейден А тобына шыға алмай жүрген жапондарды ұтқанымызға қуануымыз керек пе? НХЛдан кейінгі мықты лига болып саналатын КХЛда ойнайтын Барыс хоккейшілері жапондарды шашып тастауы керек еді, олай болмады. Олимпиадалық спорт түріне жатпайтын допты хоккейден 3 құрама ғана қатысқан жарысты жеңдік, осы ма қуаныш? Биатлоннан оқтар тимей жатса да өздігінен нысаналар жабылыпты, осы ма қуаныш?
Әрі қарай