Универсиаданың 6 медалі Азиаданың 70 медалынан артық



Сонымен Азиада да бітті. 70 медальмен бірінші орын алдық. Ел-жұрт қуануда. Қуаныштың да бір шкаласы болуы керек сияқты менің ойымша. Азиаданың қуаныш шкаласы Олимпиададан да асып кетті. Әлемдік бір жарысты жеңгендей болып қуандық. Неге? Менің ойымша халық спорттан сауатсыз, сондықтан болды осындай "үлкен" қуаныш. Кімдермен жарыстық, кімдерді ұттық? Корея, Жапония, Қытайлар қысқы ойындар бойынша әлемде бір салмағы бар ма еді? Хоккейден А тобына шыға алмай жүрген жапондарды ұтқанымызға қуануымыз керек пе? НХЛдан кейінгі мықты лига болып саналатын КХЛда ойнайтын Барыс хоккейшілері жапондарды шашып тастауы керек еді, олай болмады. Олимпиадалық спорт түріне жатпайтын допты хоккейден 3 құрама ғана қатысқан жарысты жеңдік, осы ма қуаныш? Биатлоннан оқтар тимей жатса да өздігінен нысаналар жабылыпты, осы ма қуаныш?
Ал сол кезде Түркияның Эрзурум қаласында өтіп жатқан Әлемдік Қысқы Универсиада туралы ешкім көрсетпеді, жазбады. Ал ол жақта біз әлемнің 52 елінен 1593 спортшы қатысқан үлкен жарыста 1 алтын, 5 қоламен 17-ші орын алдық. Хоккейден жартылай финалға жетіп, 3-ші орынға таласта Канададан жеңілдік. Міне бұған қуану керек! Өйткені бұл жас спортшылар болашақта бізге Олимпиада медалын әкелетін спортшылар және Ресейден шақырылығандар емес, өзіміздің қазақстандық спортшылар.

Қазақстан үшін, патриоттық сезім үшін қуандық дейтін шығар көпшілік. Егер шынымен патриот болсаң, елім дейтін болсаң ненің не екенін ажыратып алып, қуану керек. Азиадаға кеткен 1 млрд доллар өзін ақтаса екен деп тілеу керек. Халықаралық Олимпиада Комитеті істелінген еңбекті ескерсе екен деп тілеу керек. Спортшылар осымен қарын тойдыра салмай әлем чемпионаттарында да осындай жетістікке жетсе екен деп тілеу керек.
Бөлісу:

21 пікір

Nurgisa
100 пайыз келісемін. Универсиада туралы мүлдем тіс жармады елдегі спорт қайнаркөздері. Жалғыз ғана бір құрлықтағылармен бәстесуде оларыңның қарым-қабілетін, әлемдік рейтингін әрине бағамдай отыру шарт. Мәселен, орыстың жиырма төрт сағаттық «Вестиі» Мысырдан таратылған суыт хабар сияқты, Эрзурумдағы жайларды да шапшаң, тікелей таратылымда беріп отырды.

Айтпақшы, кешегі жабылу салтанаты басталып жатқандағы комментатордың «Иә, бұл Азиаданы бүкіл әлем асыға күтті...» деп қалғаны біраз еңсемді көтеріп тастады :) :) :)
asaubota
айтпақшы бұл Азиаданың белгілі бір өткізу тәртібі жоқ. кім қашан өткізгісі келсе өткізе береді. біреулер 3 жыл, біреулер, 4, біреулер 7 жылдан кейін өткізеді. келесісі 2017-де өтеді екен Жапонияның Саппоро қаласында 3-ші рет.
Nurgisa
Жабылудағы Ахметжан Есімовтің ағылшыншасын естіп жатып, орыстардың Муткосы есіме түсіп кетті :) Үш тілде оқыды ғой. Қазақша бастап, ағылшынша сабақтап, орысша түйіндеді :) Белиссимо!
Abilakim
Жабылуды көрмедім. Ал жас спортшыларымызға әңгіме жоқ!!!
HaLiL
шындығында Азиядаға 1 млрд емес, 2 млрд-тай ақша кетіпті. 1млрд доллар алғашқы бөлінген ақша, кейін 2010 жылдың бюджетіне тағы 900 миллиондай қосылыпты.
asaubota
биатлон жарысын қараған досымның жазғаны:

салем. если честно я смотрел когда заканчивала свой круг Лебедева, а потом поехала Полторанина. Короче когда она вышла на 1 стрельбу в положении лежа, то камера показывала ее мишень в упор. По правилам:

При стрельбе стоя засчитывается попадание в любую зону кружка, а при стрельбе лёжа — только в чёрный же кружок диаметром 45 мм, центр которого совпадает с центром кружка 115 мм

а она в маленький кружок явно не попадала, только во внешний. Так было раза три-четыре. При этом у нее не было дальше ни одного промаха.
Дальше я смотреть уже не стал…
gunner
Біріншіден, ақша құр шашылып кеткен жоқ, құрлыс объектілеріне кетті, халық демалатын орындар ашылды

Екіншіден, Азиада халық арасында спортты насихаттауға көмектесті

Үшіншіден, Азиаданың деңгейін төмен екенін төрт жыл сайын өтетін Олимпияданы көретіндердің көбі біледі, сондықтан хақлықты сауатсыз деген малімдеме жасаудың керегі жоқ, и вообще сауатсыздық туралы әңгіме айту үшін ең болмаса сауатты жаза алу керек қой.
asaubota
білетіндер көп болса қуаныш өлшемін асырып алғаны ғой байқамай. Азиадаға әзер үлгерген спорт комплекстерінің сапасын алдағы уақытта көретін боламыз :)
saken
Гуннер-дің айтқанымен менде келісемін. Не болса да тым жақсы спорт нысандары салынып, халық игілігіне берілді. Оны ары қарай дұрыс негізде пайдалану билікке сын. Азия құрлығында қысқы спорттың дамымай жатқанына Қазақстан билігі кінәлі емес шығар? Ал Азия елдерінің қысқы спорттағы салмағы қандай екенін соңғы өткен Ванкувердегі олимпиада бағамдап берді деп ойлаймын (Кореяның бесінші орыны мен Қытайдың жетінші орыны, Ресейдің он бірінші орынының қасында).

Ендігі мақсат осы пайдалануға берілген нысандарды Әлемге таныту болуы тиіс деп ойлаймын. Бірден Олимпиада өткіземіз деп шапқылап кетпей, алдымен Әлем кубогінің белгілі бір этаптарын өткізуді қолға алсақ, одан кейін Универсиада өткізсек… сосын барып Олимпиада өткізуге жүгіруге болады.
patick
мен де бірқатар сорақыларды естідім. табағанда қара жаңбырдың астында тоңып қалған халық (ішінде шетелдіктер де бар) кафеге кірсе, бәрін тырқыратып қуып шығыпты. сосын төрелердің біздің пайдаға шешіп жаткан әділетсіз шешімдерінің де талай рет куәсі болдық. керекті рет көт ашу болды, очм.
patick
сорақылық дегім келген
asaubota
менің айтайын дегенім жарыстың жарыс сияқты өтпегені, бәсекелестіктің болмағаны. әлсіздерді жеңіп соған да қуанған дұрыс па?
Nurgisa
Бендиге (допты хоккей) үш команда қатысты. Яғни, қатысқан команданың үшеуі де медальге ілігеді. Қызығы, Моңғолия мен Қазақстан өз ойыншылары есебінен жасақталса, Қырғызстан Азиада алдында дереу арада біздің негізгі құрамаға кірмей қалғандарға паспорт жасап берген ұқсайды. Алтын мен күмісті Қазақстан мен Моңғолия ғана сарапқа салса бір түрлі ғой. Келесің, бірден финал… :)
saken
Азиаданың ережесі бойынша өткізуші мемлекет екі спорт түрін жарысқа енгізуге құқылы екен.
Егер Сіздер ұйымдастырушылар қатарында болсаңыздар қай спорт түрін қосар едіңіздер?
Nurgisa
«Көкпар на льду»
saken
қалжыңсыз айтсақ ше? :)
Nurgisa
Қалжыңсыз айту қиынға соғып тұр…
gunner
Осыны жазайын дегем )), жаздық олимпиядада да қосуға болады деп естідім, Қытайлар кішкентай доппен аяқпен теннис ойнайтын спортты қосыпты.
sammita
жер-көкті дүбірлетіп әйтеуір бітті ме олимпиадаларың:)) Актив орталығына қоңырау соғып ем, 2-3 минут бойы осы азиаданың жарнамасын тыңдауға мәжбүр болдым. Інімнен "Ұлыңның тілі шықты ма?" деп сұрасам, «Жоқ, тек „Алға, Қазақстан“ деп айтады дейді)))
asaubota
мына мақала Азиаданың алдында жазылған екен:

В дни проведения Азиатских игр состоится не менее престижная Всемирная зимняя Универсиада — в турецком Эрзруме, и часть спортсменов с нашего континента отправится туда. Сильнейших казахстанцев это не коснется — они целиком и полностью сосредоточены на соревнованиях, которые примут Астана и Алматы. Плюс в те же дни в американском Дир-Валлее пройдет чемпионат мира по фристайлу, и, скажем, те же японцы и китайцы — наши главные конкуренты в этом виде спорта — могут делегировать лучших своих атлетов не в Казахстан, а в США. Кроме того, Азиада по срокам пришлась аккурат между двумя главными соревнованиями международного календаря конькобежцев — чемпионатом мира по спринтерскому многоборью (в голландском Херенвене) и чемпионатом мира по классическому многоборью (в канадском Калгари). И захочет ли, скажем, олимпийский чемпион кореец Сюн-Хун Ли «рвать жилы» в Астане, если через неделю ему придется ехать на другую сторону земного шара, проходить реакклиматизацию (Южная Корея все-таки гораздо ближе к Канаде, нежели Казахстан)? А еще следует учесть, что, например, сильнейшие японские фигуристы, которые становятся в последнее время законодателями мировой моды в мужском и женском одиночном катании, обычно игнорируют Азиатские игры — для них гораздо важнее «Чемпионат четырех континентов» (начнется 15 февраля в Тайпее), не говоря уже о мировом первенстве. Скажем, в 2007-м на Игры в Чанчунь не поехали ни Дайсуке Такахаши, ни Нобунари Ода, ни Такахико Козука, ни Мао Асада, ни Мики Андо — все они готовились к чемпионату мира, где Андо выиграла «золото», Асада и Такахаши — «серебро». А на Азиаде победили гораздо менее известные спортсмены из второго-третьего эшелонов.


В хоккей же с мячом играют только в Казахстане и немного в Монголии, а в Кыргызстане и Таджикистане, которые вроде бы тоже заявили свои команды для участия в Играх (иначе будет недокомплект) его никогда раньше не было. Значит, нам придется наблюдать за «избиением младенцев».


в программу Азиады впервые включено лыжное ориентирование (еще один неолимпийский вид спорта), причем в нем будут разыгрываться 8 комплектов наград — больше, чем даже в биатлоне, хотя уровень их популярности просто несопоставим. Китайцы и японцы сильно противились этому (говорят, что они предлагали, раз уж на то пошло, провести соревнования по метанию снежков, борьбе на коньках и футболу на снегу — но это уже из области анекдотов), однако наши спортивные функционеры свое нововведение отстояли. В результате НОК Японии (а кроме представителей этой страны и казахстанцев, никто от Азии в двух последних чемпионатах мира не участвовал) решил не отправлять своих ориентировщиков. А наши, чтобы совсем уж перестраховаться, пригласили из России нескольких сильных спортсменов, которые должны принести Казахстану все «золото» Азиады, поскольку соперничать им фактически не с кем.


Проанализировав шансы участников во всех дисциплинах, журналисты нашей редакции пришли к выводу, что Казахстан выиграет со значительным отрывом от других стран, завоевав от <b>29-х до 32-х золотых медалей</b> из 69 разыгрываемых (подробный расклад по видам спорта публикуется на 4-и 5-й страницах сегодняшнего номера газеты). И когда на недавнем совещании, посвященном Азиаде, глава государства говорил: «Мы ставим перед собой амбициозную задачу — войти в тройку лидеров по завоеванным медалям», наши спортивные чиновники наверняка хитро посмеивались. Они-то прекрасно знают реальный расклад и, наверное, уже примеривают на себя награды за перевыполнение задачи, поставленной президентом. Министр туризма и спорта, возможно, получит звание «Халык Кахарманы», председатель Комитета по спорту — орден, тренеры и руководители федераций — медали, спортсмены — премиальные и квартиры (кто-то вполне заслуженно, кто-то не вполне). А болельщики?


ерінбесеңдер толық оқып шығыңдар
sports.kz/news.php?id=0000007949&type=main&st=0000000114
Zere
Ли Сын Хун бәрібір келді ғой ))))