Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Бөлісу:

21 пікір

patick
ішетін-жейтін бірдеңе ала келіңдер, ақысын береміз ойыбай
KaDuman
Кимнин кенсеси? 19 ма?
qisyq
Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады.
KaDuman
кимге коныр шалуга нактылау сурау ушин
Zilola
Қисықтың ұтқыр сымтетігінің нөмірі менде бар, керек пе?
қандай сұрағың бар еді?
KaDuman
жогалып калсам кеш келсем калай табам кимди деп кой)
Zilola
Думан айналайын, Астана алыңына (ескі алаң, Абылай хан мен Төле бидің қиылысындағы) келсең болды, тап соның жанында, турасын айтсам КБТУ дың артындағы көше Қазыбек би, ал Панфилов деген Абылай ханға параллель жатқан көше.
omarbirat
Қорықпа, адам еш уақытта жоғалмайды, алда-жалда адасып кетпесе :)
KaDuman
фотодагы сен болсан, сенмен фотога тусеин))))
qisyq
aliziyadin@gmail.com — осыған сұрақтарыңызды жазарсыз.
Aikona
ООО сені осында көргеніме қуаныштымын. Хабарлайын деп отырғанмын. )))
KaDuman
Мені ме?). Не туралы хабарлайын деп?
Zilola
барамын әбизөк, Патик Әшөк көршіңді ертіп келщ, айтатын гәпім бар :)))
talgatjez
Блогкэмпке қатысушылар белгілі болды ма, кім біледі?
Malimetter
Қара тізім әлі шықпады.
urimtal
ағайын, өткенде Қазақстан телеарнасынан хабарласып еді. Сенбі күні ТВ келіп қалса, сальто жасаған үйректің кейпін киіп жүрмессіңдер. Бірақ олар келетін болса, бір хабарын береміз деген еді.

айтпақшы, мен торт ала келуім керек екенін ұмытып кетпейін!
patick
мен де жейтін бірдеңе ала келетін шығармын, әйелім жасап үлгерсе :)
Zilola
қап, күйеуім болғанда мен де бірдеңе жасатып әкелер едім :)))
амал жоқ дүкеннің қызметіне жүгінемін :)