Мен Гуглмін!



Мен Гуглмін немесе Гуглменмін!

Негізгі жұмысымнан бөлек жұмыста бір оқиғаға байланысты материал, фото тауып берумен айналысамын. ХХІ ғасырда өмір сүреміз, технология бәрі дамыды дейміз, бәрінде интернет бар дейміз. Бірақ, соның бәрі босқа сияқты. Бәрін тастап гуглдетуге мәжбүрмін. Өйткені бұл жұмысты тек Гуглмен істейді, Google тек солар үшін ғана құрылған сияқты.

Жұмыстан бөлек те көп адамдар мазалайды, көбісін наққа емес Гуглге жіберемін. Түсінбеймін адамдар өздері іздеуге ерінеді ме әлде мен бәрін біледі деп ойлайды ма екен?

Қиын емес қой іздеу деген. Кілтсөздерді дұрыс жазсаң болды ғой. Суретті де материалды да оңай табуға болады. Әлде бұл іс әркімнің қолынан келмей ме? Орысша айтқанда «чутье» да керек пе?

Қой жарайды кеттім, Моңғолия президентінің, грек премьерінің, Сингапур президентінің фотоларын іздеп келейін.
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.

Tyulpan

Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай

— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…
Әрі қарай

Діни секталар мен ұйымдарды қатал жазалау (Sayan3-тің мақамымен)

"Қассақша білмейтіндерді автобус аялдамаларында ұрып кету, қолдарын сындыру" ©СаянҮштің Программалық Баяндамасынан үзінді.

Оқып отырсам, либреалды екеніміз соншалық, әуелде мұрнының астынан күңкілдеп жүрген сектанттар енді біздің төбемізге
Әрі қарай

Финн әскерлерінің тесті

Жұма күнгі бояннндар: Финн әскерлерінің тесті
Бұл психологиялық бір тест, финн армиясындағы еркектер де қыздар да өтуге тиіс тесттердің бірі. Тест мақсаты — әскерлердің басында проблема бар ма жоқ па соны анықтау, медиктер және командирлер тест нәтижелеріне жүгіне отырып әр әскермен қалай
Әрі қарай

Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді.
-Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың?
-Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз.
Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады.
-Олай болса маған төсіңді көрсетші…
Әрі қарай

Футболды жалғастырсақ деген ұсыныс бар ма?

Өткен апта жігіттер футболға тоймай қайтып еді… Жалғастырсақ деп армандап кетіп еді… Тіпті жекелей хабарласып ниеттерін білдіріп жатқандар да табылды… Көптің сұрауы бойынша өткен аптадағыдай, яғни жұма күні сағат 19:00 футбол ойнайық…

Барамын дегендер жазылсын… Марко, Алдан, Аршат, Нұрғиса қалмасын, қалғандары қолдасын…

ПыСы: Өткен апта Қуаныш пармағын сындырып алыпты деген әңгіме жүр ел арасында..( Байқап ойнандар жігіттер…
Әрі қарай

"Ақ халатты абзал жандар"...

Виталий Опанасенконың коллажы
Жоқ, дәрігерлерге өкпем жоқ. Араларында түрлі «экземплярлар» болғанына қарамастан, адамдар да бар іштерінде.
Бірақ, бүгінгі естігенім…
Г. 23 наурыз күні кесарь тілігі арқылы босануы тиіс еді. Бірақ, толғағы ерте басталып, 19 наурызда босанады. Жүктілік жақсы өткен, бала аман туылды. Бірақ, ертесіне бала шетінеп кетеді. Өз айтуынша, дәрігерлер қолынан түсіріп алған.
Сәбиінен айрылған ананың аузын жаппақ болып, перзентхана басшылығы 40000 теңге береді. Әділдік іздеп сотқа шағымданған әйелге прокурор: «Бәрібір түк өнбейді, арызыңды қайтып ал, олар жоғары жақта бәрін тындырып қойған» деп ашығын айтады. «Берген ақшасын алып, тыныш отырсаңшы» дегенді де қосып қояды. Ол арада минздрав араласып, перзентханаға "істі дереу жабыңдар, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын" деген бұйрық түседі де, дәрігерлер ауызбастырықты елу мың теңгеге дейін көтереді.
Осы оқиғаны барлық телеарналар көрсетті дейді. Бірақ, бүгін ешбірінің архивінен сол сюжетті таба алмадық.
«Орталық Азияның» журналистері қызығушылық танытып, айналдырып көрсек қайтеді деп еді, Г. сөйлескісі келмеді. "Қажыдым" дейді…
"Өмірде әділдік жоқ екен" деп мұңайып отыр… Үлкендер де "өлер бала өлді ғой, өз жүйкеңді, денсаулығыңды ойла" деп, тағы басып тастапты…
Ең қиыны, ол енді бала туа алмайды…
Әрі қарай

Еркектердің секс статистикасы

Жұма күнгі бояннндар: Еркектердің секс статистикасы

“Men’s Health International” журналы еркектердің секс өмірін зерттеген екен. Нәтижесінде не шыққанын бірге оқып көрейік:

Дені сау бір еркек өмірінде 1 триллион сперма шығарады екен. Бұл шамамен 17 литр.

Үйленген еркек аптасына орташа есеппен 2,4 рет жыныстық қатынасқа түссе, бойдақ еркектікі 2 рет. Үйленген еркектердің 80 пайызы секс өмірін 70 жасқа дейін апара алады.

Сүндетке отырғандардың отырмағандарға қарағанда кайфы 25 пайыз жоғары.

Еркектердің 43 пайызы жалаңаш әйелден гөрі ішкиімді әйелге қозады.
Әрі қарай