"Ақ халатты абзал жандар"...

Виталий Опанасенконың коллажы
Жоқ, дәрігерлерге өкпем жоқ. Араларында түрлі «экземплярлар» болғанына қарамастан, адамдар да бар іштерінде.
Бірақ, бүгінгі естігенім…
Г. 23 наурыз күні кесарь тілігі арқылы босануы тиіс еді. Бірақ, толғағы ерте басталып, 19 наурызда босанады. Жүктілік жақсы өткен, бала аман туылды. Бірақ, ертесіне бала шетінеп кетеді. Өз айтуынша, дәрігерлер қолынан түсіріп алған.
Сәбиінен айрылған ананың аузын жаппақ болып, перзентхана басшылығы 40000 теңге береді. Әділдік іздеп сотқа шағымданған әйелге прокурор: «Бәрібір түк өнбейді, арызыңды қайтып ал, олар жоғары жақта бәрін тындырып қойған» деп ашығын айтады. «Берген ақшасын алып, тыныш отырсаңшы» дегенді де қосып қояды. Ол арада минздрав араласып, перзентханаға "істі дереу жабыңдар, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын" деген бұйрық түседі де, дәрігерлер ауызбастырықты елу мың теңгеге дейін көтереді.
Осы оқиғаны барлық телеарналар көрсетті дейді. Бірақ, бүгін ешбірінің архивінен сол сюжетті таба алмадық.
«Орталық Азияның» журналистері қызығушылық танытып, айналдырып көрсек қайтеді деп еді, Г. сөйлескісі келмеді. "Қажыдым" дейді…
"Өмірде әділдік жоқ екен" деп мұңайып отыр… Үлкендер де "өлер бала өлді ғой, өз жүйкеңді, денсаулығыңды ойла" деп, тағы басып тастапты…
Ең қиыны, ол енді бала туа алмайды…
bk
Бөлісу:

105 пікір

dark_nazgul
Алматыдағы №5 перзентханада болған оқиға…
satibaldi
Табанда атып тастаудан басқа шешім көре алатын адамдарға таң қаламын.
dark_nazgul
Көрдәм басқа шешім: найзаға шаншып, сол шаншылған күйінде он бесінші қабаттан "қолдан түсіріп алу".
asaubota
әйеліміз босанарда оның аман сау босануынан гөрі роддом персоналының қызметін қатты уайымдағанымыз рас. неше түрлісін естідік қой. біріншісінде әйеліме жақсы қарасын деп алдын ала бір акушеркамен келісіп, ақшасын беріп қойдық. тек Астанада екіншісін босанарда түк мәселе болмады. Астана болғасын шығар.
Gulzhanat
  киллер болғанымда ғой
satibaldi
киллер болғанымда ғой
Меніңше, әлі де кеш емес. «Ешқашан, ешқашан, ешқашан тапсырыс берушімен тікелей кездеспе» дейді қызылды-жасылды мұқабалы арзанқол детективтер мен кинолар. Басқа принциптерді өзіңіз жұмыс барысында жасақтап аларсыз деп ойлайм.
Gastarbaiter
Біздің қоғам кейде маған айнала бірінің бірін арттан айдап жатқан содомиттерді елестетеді.
Осы бітеу шеңберді үзетін күш бар ма екен.
Marationok
оны үзү үшін адам өзгеру керек…
Dinara
Осындай жағдайларды үндемей қоя салмай дереу жарияға жар салып, интернет, газет, телеарна бәріне жазып, хабарлап тастау керек. Қоғам оянады сонда, халық көтеріледі. Кішігірім бір келеңсіздік болса да қазақылыққа салынып қолды бір сілтей салмай, «арызқой» болып алу керек, интернетке жазып жіберем, үйтем бүйтем деп айта беру керек.
Marationok
сосын, өзімізге қайтып келмесе, типі «сен бүлікшілсін».

қазақ көбееді деп ойласақ…
Dinara
Ақша үшін әбден кесерево жасап үйреніп қалған дәрігерлер, байғұс әйелге ақша ұсынғандарын қарашы
ademi_alem
Ол арада минздрав араласып, перзентханаға "істі дереу жабыңдар, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын" деген бұйрық түседі де, дәрігерлер ауызбастырықты елу мың теңгеге дейін көтереді.
((( Осындай арсыздардың жазасын о дүниеге қалдыру қандай әділетсіздік… Дүниеге аман сау келген нәрестені қолдан түсіріп алу… елу мыңмен құтылу…
«Орталық Азияның» журналистері қызығушылық танытып, айналдырып көрсек қайтеді деп еді, Г. сөйлескісі келмеді. "Қажыдым" дейді…
"Өмірде әділдік жоқ екен" деп мұңайып отыр…
Ең қиыны, ол енді бала туа алмайды...
Енді бала туа алмаса, не жоғалтады, до конца шулатуы керек еді кім не деп кеңес берсе де… (Айту оңай шығар, сонда да...)
Dinara
Соңғы күндері өзі Өзбекстандағы жағдайды оқып шошып отырғанда, біздің де дәрігерлердің әрекеттерінен қорқа бастайды екенсің…
a63a1
непәле болыпты ол жақта?
Dinara
Дәрігерлер босанған әйелдерге жасырын түрде стерилизация жасап тастайды екен. Арнайы тапсырма бар, халық санын өсуді шектеу және ана мен бала өлімін азайту мақсатында депті. Құдай сақтасын!
Ана ме бала мәселесі, босану мәселесі ойыншық емес. Көз жұмып қарауға болмайды
dark_nazgul
Кесаревомен босанған әйелге ғана жасай алады ғой оны
Dinara
Ия солай, олардыкі басқа жағдай негізі, жәй қарап отырып шошиды екенсің… Геноцидке жатады ғой
Бірақ бізде де екінің біріне себепсізден себепсіз кесарево жасай беретін болып алды. Арнайы қысырлап тастамаса да, болашақ үшін қауіпті екенін жақсы біледі ғой. Болашақта тағы баласы болады ма жоқ па алаңдамайды еш. Біздікілер енді қу ақша үшін жасап жатыр, егер алдын ала ақша беріп қойсаң өзіңді босандырады екен давлениең жоғары ма, жағдайың келмей тұр ма қарамайды, өліп кетсең де бәрібір. Арнайы расписка жаздыртып алады да
sammita
ол оқиға 2 жыл бұрын Азаттықта жарияланған.
aikarakoz
«Босанатын әйел өлсе өлсін, тек менің кресломда емес» дейтін гинеколог-акушер бар. Ол өзінің артын тазалап отыру үшін алдын ала толғақ қысып қиналып жатқан әйелдердің бәрінен анау-мынау боп кетсем, ешкімді кінәламаймын деген қолхат алып алады. Ойбайлап жатқан әйел лижбы құтылу үшін қол қоя салады ғо ондай уақта.Өкінішті…
Gastarbaiter
«Анау-мынау болсам ешкімді кінәламаймын» деген қолхатты кез-келген қауіпті операция алдында жаздыртады. Барлық өркениетті елдерде солай.
aikarakoz
Ал мен айтып отырған дәрігер қауіптісіне де, қауіпсізіне де жаздыртып алады екен. Демек, өзіне мүлде сенбейді.
Gastarbaiter
Жалпы нашар кадрлар бүкіл қоғамымыздың дерті.
sigma
Кез келген операцияда риск болады сол үшін жаздырады.
Сау адам столға жатпасы анық
Gastarbaiter
Бірақ сол қағазға қол қойды екен деп өлген адамның арты сұраусыз қалмайды. Әсіресе «аналар өлімі» үшін арттан айдайды медкитерді, қандай жағдай болса да. Ешқандай байланыс-блаты жоқтар, кейінгі әңгімедегі Сапарғайып сияқты көті күнде дірілдейді. Нағыз дәрігер ешқашан өзіне әсіре сенімді болмайды. Әр ауруының тағдырын әбден аяғына тұрып кеткенше уайымдап, тіпті тігісінің ұсқынсыз тыртық болып жазылғаны үшін жерге кіріп ұялады.
dark_nazgul
Нағыз дәрігер
ключевое.
Gastarbaiter
Күніне ондаған мини операция жасайтындар енді конвеер сияқты аттарын ұмытып қалуы да мүмкін.
sigma
Бірақ сол қағазға қол қойды екен деп өлген адамның арты сұраусыз қалмайды.
Негізі менің білуімше еш дәрігер „өлсем сұрауым жоқ„ деген қағазға қол қойдырмайды. Керісінше қандай риск бар екенін түсіндіретін құжатқа қол қойдырады.
Gastarbaiter
"Өлсем құным жоқ" деген қағазға жекпе-жектің алдында батырлар қол қоятын.
dark_nazgul
олай былай боп кетсем дегенді көргем жоқ. Бірақ, босанар алдында: қажет болып бара жатса, кесарево жасауына, эпизиотомия жасауына, қан құюыына, баланың жолдасын кіндігінен тартып қолмен шығарып алуына қарсы емес екенім жазылған қағазға қол қойғанмын.
kokbori
Бәсе, солай болуға тиісті ғой. Мен өліміме ешкім кінәлі емес деген, өзін өзі өлтіретіндер ғана емес пе?
Бірақ, босанар алдында: қажет болып бара жатса, кесарево жасауына, эпизиотомия жасауына, қан құюыына, баланың жолдасын кіндігінен тартып қолмен шығарып алуына қарсы емес екенім жазылған қағазға қол қойғанмын.
Енді ол адамның құқына қол сұғу болғандықтан солай ететін шығар
dark_nazgul
ол үшін ғана емес. Егер босану үстінде әйел есінен танып қалса, оның келісімін алмай ешкім ештеңе істей алмайды, яғни кардинальное вмешательство жасай алмайды. Қасында туыстары болса жақсы, болмаса тағы қиын. Сол үшін толғақ жиілемей, әйелдің шатыры орнында тұрған кезле бәрін түсіндіріп, келісімін алып алады сауатты дәрігерлер.
kokbori
Егер босану үстінде әйел есінен танып қалса, оның келісімін алмай ешкім ештеңе істей алмайды,
Сол ғой айтып отырғаным
Janasil
Аргентина перзентханаларының бірінде болған мына оқиғаны естіген шығарсыздар. Өлі туған бала 12 сағаттан соң тіріліп кетті.

Осындай жағдай бізде де болды деген сыбыс бар. Опшым былай
«Аварияға түскен әйел уақытан ерте баласын түсіріп алады. Дәрігерлер баланы өлі туылды деп тіркейді. Құжаттарының бәрін зың қылып бітіріп тастайды. Кейін дәрігерлердің бірі оралып жатқан баланың тірі екенін байқайды.
Бірақ олар бұған қуанбайды, ата-анасына айтпай баланы тоңазытқышқа салып қатырып тастайды. Мекеменің атына кір келмеуі үшін.»

П.С. Осыған сенгім ақ келмейді негізі, бірақ, бірақ.
asaubota
өткенде 31-каналдан көрсетті. біреулерге балаларың өліп қалды деп, пакетке салып беріп жіберіпті. әкесі баланы бір көрейінші деп қолына алса бала тірі дейді. хай-вай шығарып жатты.
dark_nazgul
аа иә, көргем оны.
sammita
өткенде ТВдан көрсетті, «сәби шетінеп кетті» деп баланы әкесіне беріп жіберіпті дәрігерлер, ол шыға бере қоқыс жәшігіне лақтыра салған көму орнына(((( Кейін ұсталды ол.
satibaldi
Шешесс…
sammita
иә шешесс демекші, сәйкесінше сожительдер екен.
satibaldi
Сожитель адам емес пе не?
sammita
қаламаған бала болған шығар((
omarbirat
Шығады ондайлар бізден.
alashaman
Менің әйелім бала бірінші рет бала көтергенде 3 айлығында «бала дұрыс дамымай қатып қалыпты» деп дәрігерлер алып тастап еді. Сондағы анықтамада шарана 8 апталығында іште жатып, өсуін тоқтатып, семіп қалған деп жазыпты. Ал, біз дәрігерге 13 апта болғанда барғанбыз. Астанадағы ана мен бала орталығында бір апта жатқан соң, 14-аптасында жатырға тазалық жасады. Содан күмәнданып медик таныстардан сұрасам жатырда бала өліп қалса әйел бірнеше күннің ішінде қатты ауырып, қиналады дейді. Өліп кетуі де мүмкін дейді. Менің келіншегімде ондай оқиға болған жоқ. Тек кезекті тексеру кезінде "ұсталып" қалған еді. Кейін ҰҚК құрылымдарының бірінде істейтін сыныптасым «соңғы бір жылда бізде эмбрион саудасы өршігені туралы күдігіміз бар, бірақ әлі қолға ешкім түсе қойған жоқ» деп еді. Мен де сол шарана сондай істің құрбаны болып кетті ме деп күдіктенемін. Ол 2009 жыл болатын. Содан кейін әйелімнің денсаулығына назар аударып, дәрігерге бірге барып жүрдім. Жағадан ала кетуге дайын болу үшін. Журналистік қызметімді пайдаланып ықтырып алу үшін баратынмын. Ақыры өткен жылы әйеліме партнер болып, босанар кезде роддомда қондым. Бірақ, сол жолы дәрігерлер бізге жақсы қызмет көрсетті. Әрине, менің партнер болғанымды біреулер жақтырмады, біреулер қолдады, бірақ сәбиім аман-есен туды. Ешкім қолынан түсіріп алған жоқ, әйеліме ұрысқан жоқ, т, б «жеңілдіктер» болды. Дәрігердің бәрін кінәләмаймын, бірақ біздің денсаулық сақтау ісінде күмәнданатын көптегеееен нәрселер бар екендігі анық.
19852407
Менің апайым «кәртейіп» тұрмыс құрды. 2-3 жыл бала көтере алмай, жас болса кеп қалды… вообщем Ақтөбедегі Қыдыр атаға барып, екі бала көтерді. Қызығы екі баланы да дәрігерлер "іште дұрыс дамымай жатыр, даун синдромымен туылуы мүмкін" деп алдыртып тастамақшы болды. Босанғанша өзіміз босанатындай қатты переживать еттік, әпкемнің өзінің нешік күйде болғанын елестете алмайм да((( Әпкем көнбеді, "өте пысық"  екінші әпкем көндіртпеді. «Сандалмасын, туып ал, құдайдың бергенін көрерміз!» деп бір-ақ кесті. Екі бауырым да сап-сау туылды, тфа-тфа, өсіп жатыр.
Алдырып тастағанда не болар еді, тіпті ойлағым да келмит  
Осындай оқиғаны таныстардан естігем, ауру деп алдырып тастаған баласы сап-сау дамып жатыр екен дит, бетін әрі қылсын(
dark_nazgul
Мен кенжетайда бес айлығында биопсия жасаттым ғой, «балаң ауру, даун, порок сердца» деп қоймай қойған соң.
dark_nazgul
шынымен, бес апта іште өлі бала жатса, сепсистен әйелдің өзі жан тапсыруы мүмкін еді.
Armanjan
Біздің бір таныс жеңгеміздің басынан қиын жағдай өтті. Босанған соң баласы шетінеп кеткен, негізгі себебі сонда бала көп жатып, тұншығып қалыпты. Бір мезетте бірнеше адамның толғағы қатар келгенде (таңғы сағат бесте кезекші дәрігер саны аз болатын сияқты ғой) алдымен ақшасын төлеп қойғандарға дұрыстап қарап, ана адамға аса көңіл бөлмеген, тек қолхат алуды ұмытпаған әрине. Дәрілерлердің бір ерекшелігі адам бір апта ауруханада жатқан кезде емес, дәл толғағы қысқан кезде қолхат алады екен. (қиналған адам қоя салады ғой енді оқымай) Кейін соттасып көріп еді, сол қолхаттан болып ештеңе шығара алмады.
Janasil
Бір мезетте бірнеше адамның толғағы қатар келгенде (таңғы сағат бесте кезекші дәрігер саны аз болатын сияқты ғой)
Мұныңыз дұрыс. Түнде тек кезікші дәрігер болады екен.
omarbirat
Қолхат алу жағын реттеу керек шығар. Қорқайын дедім.
sammita
қазір ҚР-да халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау туралы кодекске сүйеніп, алда-жалда бірдеңе бола қалса тек дәрігерлер ғана емес, ата-ана да жауапты екенін қатаң тапсырады емханада. Яғни есепке тұрған кезден бастап. Тармаққа бөлініп жазылады ананың картасына: «егер басыңыз, ішіңіз ауырса, т.б. дереу 03-ке хабарласыңыз» деп.
Сол құжаттың астына қол қойдырып алады «таныстым» деп. Бұрынғыдай тек дәрігерлер ғана жауапты болып қалмайды осыдан кейін.
19852407
(қиналған адам қоя салады ғой енді оқымай)
әйелдердің бәрі сауатсыз емес қой, тек сол қолың құрғырды қоймайынша, қарамайды да, жаны көзіне көрініп жатқанда «дүние күйіп кетсін, тез босандырыңдаршы» деп қоя салады
dark_nazgul
Негізі, Алматыдағы қалқаман, үшінші, бесінші, екінші, бірінші роддомдар әйел босанатын жер емес, мал төлдейтін қора сияқты…
omarbirat
Алматыда перзентхана қалмады ғой. Бәрін тізіп шықтыңыз
dark_nazgul
шын ғой енді… қалқаманда екі рет босандым. Дәрегрлер былай жақсы, акушеркадан да жолым болды, екі ретінде де бір акушерка босандырды.
Ал енді медсестра, санитарка деген майда-шүйделердің құтыруы бөлек әңгіме…
sammita
наурызда Алматыға бардым, туысым айтады "Қалқаманға қараймыз, ауырып дәрігерге түсіре көрмесін. Бала ауырғанда скорый әрең келіп бензин құйдырды 15 литр" деп. Жағамды ұстадым. Астанада қанша ауруханада болдым, тіпә-тіпә көңілім қалған кез болған емес. Бір дәрі сатып алмаппын.
Қалқаман деген микрорайон ба?
dark_nazgul
Мен екі мың ондағы баламнан айрылып қала жаздаған жағдайдан кейін қасқыр болып алғанмын. Өздерін жеп қоямын. Поликлиникадағы санитаркалардың екі аяғын бір етікке тығатын болдым қазір.
Aldarkose
Дұрыс. Пмедиктерді мамалатып айдап алу керек!
omarbirat
Шынымен сондай. Екі баламды да Қалқаманда босанған, бірақ ақылы бөлімде. Жақсы қарағандай болды, бірақ біраз косяктар болды. Жалпы аман-есенбіз, әйтеуір. Тегін бөлімдерде жатқандарда былықтар көп шығар.
19852407
Құрбым да ақша төлеп босанды екі баласын да 40 мыннан, түк те қарамапты келіскен дәрігері, тіпті біріншісін әлгі дәрігер кемпір үйінен келгенше босаныпты
Алматы құрсын, тұнған коррупция
Aldarkose
Негізі, Алматыдағы қалқаман, үшінші, бесінші, екінші, бірінші роддомдар әйел босанатын жер емес, мал төлдейтін қора сияқты
Сонымен Алматыда адам қалмағаны ма?
dark_nazgul
мал екеш, мал төлдегенде сақманшылар «ана қой ақша берді, мына қой қолхат жазды» демей, бір қозыны шығын қылмай, аман төлдетіп алуға тырысады. Ал дәрігерлер… Өлмесе өмірем қапсын де ме?
Aldeken
Не ғо, өзімнің туған апам акушер-гинеколог, Астанадағы ана мен бала орталығында қызмет атқарады. Сол айтып ед, бір күні бір пациенткам келді, бала көтере алмай жүр екен, оған дейін қаралған дәрігерінің назначениелерін, анализдерін қарасам, бас-аяғы 30-дың шамасында анализдер жасағанда осы пациенттің диагнозы бойынша керекті анализді жасамапты деп… кейде осындай оқиғаларды естігеннен кейін оларға a63a1-дың атын қимайтыным бар…
Makhabbat
Еліміздің бас қаласының бірі Алматы перзентханасында осындай оқиғалар болғанда, басқа жердегі перзентхана жағдайын айтпай-ақ қойсақ болатын шығар
Maya
Мен бірінші баламда патологияда 3 күн жаттым, 5-6 дарігер қарады, дәл босанатын күні бір дарігер келіп қарап бала теріс жатыр дегенді айтқанда қорқып кеттім. 3 күн бойы қарағандар неге айтпады, түсінсем бұйырмасын… Енді не істеймін деп едім өзің босанасың, қиындақ туса ота жасаймыз деді, онымен қоса қазір ота жасатпай өзім босанам деп қол хат жазғызып алды. Анықтап сұрап едім, қорықпа балаға не саған қиын болып жатса дереу ота жасаймын деп көңілімді жұбатып қойды. Сонымен аман есен босандым, баланы жан сақтау бөліміне алып кетті… сол кеткеннен баламды құшағыма ала алмадым . Ал дарігерлер 2 бет диагноз жазыпты баланын ана жері мына жері ауырады деп. Ақыры атам шу шығарып аурухананы басына көтеріп еді, бала өлі туған деп анықтама беріп нүктені бірақ қойыпты. Әкімшілікке шағым түсіріп дарігерлердің бәрінен жауап алдым, бәрі сақау, бәрі мылқау ештеме айтпайды… бастығы ғана шыр-пыр етіп кешірім сұрап, учаскелік дәрігерді жұмыстан босатыпты, ендігі жолы барымызды саламыз деп ағынан жарылды. Енді тіптен сенбеймін оларға. «Ақ халатты абзал жандар» деген атқа дәл біздің дәрігерлер лайық емес шығар.
Баршамызға Алла жар болсын!!!
zhanibek_nurish
osindai okigalardi estip, korip jurgen son uilenuge korkamin, katti! Gastanin tanistirgan jazalarin bir-birlep koldanu turali oi kilan beredi, nemese D.Fin4erdin «Zheti» fil'mindegi jazalardi, adam kuiinip ketedi.
Aldarkose
Мынадай жағдайлар КСРО кезінде де болған. Қазір де болып жатыр. Болашақта болмайтынына сенбеймін. Медиктер мен менттерді құтыртқан да өзіміз. Енді келіп оларды ғана кінәлі қыламыз. Ана мен бала өлімі туралы айқай саламыз, ал мыңдап жасалатын аборт туралы неге шу көтермейміз? Аборттың көптеп жасалуына дәрігерлердің қатысы қанша?
satibaldi
Кейбір тұжырымдарыңа қосылам. Халық екіжүзді. Үйде алты бала бар, күндіз түні менттерді боқтайды, әнек айтады, бірақ біреуі менттің оқуына кетеді. Ментпен амандасты, қол алысты деп, құрдастарын әзіл-шыны аралас кекетіп жүреді, бірақ бірдеңе болса мілитсаға жүгінеді. Өзі өткен бір қылмыста көре тұра тіс жармаса да, өзінің ісіне келгенде қылмыстың тез ашылуын талап етеді.
Aldarkose
Өзі өткен бір қылмыста көре тұра тіс жармаса да, өзінің ісіне келгенде қылмыстың тез ашылуын талап етеді.

Осы тақылеттес жағдайды төменде жазып болғанымша аузыңа сол сөздің түсе қалғанын қарашы.
Aldarkose
Жаңа біреу басқа постта "ұлттық рухы жоқтар қазақтардың басына күн туа қалғанда тайып тұрады" депті. Ұлттық рухтың беретін «жемісі» осы сияқты болса "Ұлттық рухымның шешессс..." дегеннен басқа айта алмаймын.
ademi_alem
Жаңа біреу басқа постта "ұлттық рухы жоқтар қазақтардың басына күн туа қалғанда тайып тұрады" депті. Ұлттық рухтың беретін «жемісі» осы сияқты болса "Ұлттық рухымның шешессс..." дегеннен басқа айта алмаймын.
Ол басқа тақырып, бұл басқа тақырып.
satibaldi
О, әлі жүрСс Па?
ademi_alem
)))))))))) жоқ, солай ғой енді. Бұл жерде әңгіме дәрігерердің өз жұмыстарына салғырт қарауы және баласынан айрылып қалған ананың өз құқығын қорғай алмауы туралы.
"Өмірде әділдік жоқ екен" деп мұңайып отыр… Үлкендер де "өлер бала өлді ғой, өз жүйкеңді, денсаулығыңды ойла" деп, тағы басып тастапты…
Өлер бала өлді деп үнсіз қалса, жазаланбаса, оқиға ешкімге сабақ болмаса әркім өз жұмысына жауапкершіліксіздікпен қарауын жалғастыра береді.
Мынадай жағдайлар КСРО кезінде де болған. Қазір де болып жатыр. Болашақта болмайтынына сенбеймін.
Мұндай сұмдыққа «болған, бола береді» деп қалыпты жағдайдай қабылдап, жайбарақат жүре берудің нәтижесін елестетудің өзі қорқынышты. Дәл осылай бір адам ойласа түк емес шығар, бірақ бүкіл қоғам солай ойласа қоғамның немқұрайлық дертіне шалдыққаны. Одан артық аянышты, одан артық қорқынышты жай жоқ шығар.
satibaldi
«Жайбарақаттықтан артық қылмыс жоқ» деген екен ұлы Марк Твен.
ademi_alem
Бірнеше сөйлеммен жеткізе алмаған ойымды бір сөйлеммен жеткізген екен… эээх…
kokbori
«Менің ақылымның дариядай шалқығаны сонша, кейде солардың арасынан іздеймін деп, айтылған сөзге дәл уақытында жауап бере алмай қалам». Марк Твен
satibaldi
Яғни, сенің ақылыңның?
kokbori
өзіңнің патша көңілің білсін, бірақ мен тез ақ жауап бере салам, бірақ жұрт ұпай қалады, қилызамандығыңдссс
Aldarkose
Аяқтарымыз аспаннан салбырап түсе қалған адамдарша жазып, монитордың арғы жағынан сес көрсеткеннен не пайда, шырақтарым? Түптеп келгенде жазықсыз сәбиді өлтірген адамдар біз сияқты бір бейбақтың сорлы тумасы болып шығады. Егер біз туған-туысымыздың жасаған қылмысы үшін жазаланғанын қаламайтын болсақ, басқалардың өздері жасаған қылмыстары үшін жазалануларын талап етіп әуре болмайық. Өйткені ол адамдардың да жазаланбауын қалайтын жанашырлары бар.
Осындайда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақалды айта кетсем деймін. Бар мәселе осында жатыр.
kokbori
«Орталық Азияның» журналистері қызығушылық танытып, айналдырып көрсек қайтеді деп еді,
Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы
Simona
себепсізден себепсіз кесарево жасай беретін болып алды.
Сондa сұрaмaй мa? Өзiң туғың келе ме, жоқ пa деп?
dark_nazgul
Көбінесе әйелдер өздері толғақтан қорқып, кесарево сұрап жатады. жасыратын несі бар, жаным көзіме көрінген бір сәттерде «кесе салыңдаршы» деп өзім де айғайлағынмын.
Gastarbaiter
"Өзім туам, өзім туам" деп айқалап жатқанын естіп қап едім бірде роддомға жол түскенде.
"Өзім туамы нес?" деп түсінбей қойғанмын сол кезде.
dark_nazgul
Кесарево әрине, оңай. Ұйықтайсың, оянасың, балаң қолыңда. Күшеніп, айқайлап, әуре болмайсың. Бірақ кесареводан кейінгі восстановительный перид қиын. Өзі босанған әйел екі сағаттан кейін тұрып, шауып кетеді. Ал кесілген әйелдер үш күнге дейін баласын көтере алмай, қарнын ұстап, бүкшиіп жүреді.
Gastarbaiter
Туу азаптарынан кейінгі баланы құшақтау сезімі маңызды этап дейді ғой батыстық дәрігерлер. Барынша кесарево жасатпауға тырысатын бопты олар да. Қазір ол жақта табиғи жағдайларға, жануарилыққа қайту тенденциясы күш алып келеді.
Simona
жануарилыққа қайту тенденциясы күш алып келеді.

dark_nazgul
Кезінде совет медицинасындағы көп әдістерден бас тартылып жатыр ғой.
Біздің аналарымыздың буынын сол кездің медицинасы біраз құртып кетті: жатырына мұз қойды, баланы сағат санап емізуге үйретіп, емшектен шығарғанда омырауын таңдырып қойып, мастопатияның алғышарттарын қалыптастырып берді.
Босану физиологиялық процесс, емізу де. Оны тек бақылап отыру керек, бірақ араласудың қажеті жоқ.
dark_nazgul
иә. іштен шыға сала анасының исін сезіп, ана жүрегінің дүрсілін есту бала үшін де маңызды.
Кесаревомен босанған әйел баласын уызға да жарытпайды…
Dinara
Сұрамайды Симона, өзің үшін немесе бала үшін қауіпті өзің туа алмайсың десе қорыққаннан келісе береді ғой, ал дәрігерлер операция жасап көбірек ақша тапқандарына мәз. (Шынымен солай ма білетіндер толықтырып жіберсінші, әр жасаған операциясы үшін дәрігер жалақысына қосымша ақы қосылады ма?)
Жанын қинағысы келмей кесе салыңдар дейтіндер де бар ғой әрине, одан бұрын бірақ өзім туам деп ақша беретіндер де көбейіп жатыр болашағын ойлап.
Түркияда мысалы, қызлар жандарын қинағысы келмейді, екінің бірі кесаревомен туып жатыр. Қазір енді заңмен тыйым салыпты соған, тек мәжбүр жағдайда ғана кесілсін деп. Себебі, бала туу саны онсыз да аз бұл жақта, арнайы бағдарламалар жасалып жатыр бала санын көбейту үшін.
Біздің елде тіптен жақсылап қолға алу керек бұл мәселені. Болашақты ойлап жатқан ешкім жоқ, бәрі тек қазіргі күндерімен, осы шақпен өмір сүреді
kokbori
Демократияға кері әсерін тигізбей ме, олай болса
Dinara
Демографиямыз ақсап жатқанда кімге керек сол жоқ демократия?
Gazizkizi
Астанадағы №2 перзентханада да ақша беріп қоймаса кесіп босандыра салады, олардың әр кесірі(во)сы премия… Алдын-ала келісіп алмасаң қауіптірек
Adiletshu
Жездем үйден құлап қалған болатын. Шудың ауруханасына апарып еді, ренгенге қарап: «Омыртқа сынған, операция 200 мың теңге, 50 мыңын бугін әкеп тастаңдар»-депті. Қой, не де болса Бишкекке барайық деп жездемді сол жаққа алып барады. Сөйтсе омыртқаның сынған түгіде жоқ, әншейін қабырға майысқан, болды.
edige
Анестезиолог танысым ішвотканда айтканы бар еді… Акшасын бермейтін клиенттерге, көбіне бөліспейтін хирургтерге операция болар кезде уйге кетіп калатынмын, дәрі қалдырмай деп…
Abilakim
Көпке топырақ шашуға болмас.Дегенмен, дәрігерлер арасында оңбағандардың да бары рас.солардың кесірінен шешем мүгедек болып қалған. Операция жасаған кезде бүйрекке баратын тамырын ба, әйтеуір бірдеңесін қоса тігіп жіберген екен. Операциядан соң шешеміз кіші дәретке күніне бір рет, екі-үш күнде бір рет баратын болды. Бұны кеш байқадық. Облыс орталығындағы поликлиникада тағы операция жасалды. Бүйрегі іске жарамай қалғандықтан бүйректі алып тастады. Қазір шешеміз бұрыннан ауыратын бүйрегімен ғана жүр. Сөйтіп дәрігірлердің кесірінен бір айда үш операцияға түскентін. Ол кезде біз жастау болдық.Қуа алмадық. Аудан орталығындағы дәрігерлерді үйдің іші сотқа бермеді неге екенін.
Daniar-Alan
жамаааан тиді ше мына әңгіме… майдың ортасында босанатын ед қатын… құдай сақтасын…
zhanibek_nurish
сақтан, сақтайды! Лайым, толғағы жеңіл өтіп, аман-есен босанғай!
Gastarbaiter
Қатының аман босансын інім, екіншімізді күтіп отырмыз май соңында.
zhanibek_nurish
иә, жеңгеміздің де толғағы жеңіл болғай, тілеулеспіз! Барша аяғы ауыр, болашақ аналарға тілеріміз осы. Аман жүріңіздер!
Daniar-Alan
рахмет. сенкы де… осы дим да… кей кезде нормально сөйлеп қаласың ия?
satvaldo
біздікі 1 апта алдың аман-есен босанды. жоғарыдағыларды оқып ҚЗда босанбағанына шүкіршілік етіп отырмын. шшс, естімеген елде көп…
dark_nazgul
Бауы берік болсын!