Танымал боксшы Дэвид Хэй исламға кіріп шықты


WBA версиясы бойынша әлем чемпионы Дэвид Хэй өткен аптада ислам дінін қабылдағанын жария еткен болатын. Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісімен әлемге жар салған Хэй кеше исламнан шыққанын мәлімдеді. Он мыңдаған ретвит жасалып, бір мезетте миллиондаған фанат жинап үлгерген боксшыға қазір әлемторда лағынеттер жаууда.
Әрі қарай

Жігерлендіру

Мұң мен Шаттық алмасады дегенмен
Бақыт құсы ұшпапты-ау төбеңнен
Мұңды суын ішіп мынау Тағдырдың
Еріндерің… тістей-тістей көгерген

Еріндерің… ащы жастан кезерген
Мұңың ауыр… жанарыңнан сезем мен
Мұң мен Шаттық алмасады деуші еді
Бір өтерсің алмағайып кезеңнен

Суланып ед талай түндер жастығың
Көргеннен соң бұл өмірдің ЛАСТЫҒЫН
Мұң соңынан Шаттық келе жатушы ед
Мен бармын ғой,қабағыңды аш күнім!
Әрі қарай

Проект: «Зымырандар». I бөлім. Кіріспе.

Ичкерия қолбасшысы Джохар Дудаев телефонмен сөйлесіп тұрғанда, сигналды іздеп ұшатын зымыранмен өлтірілді. Бейресми мәліметтер бойынша, бұлайша ажал құшқандар көп көрінеді. Олардың қасында баналды пышақ, тапаншадан не асылып өлген адамдардың өлімі онша қызық емес, бекер туған сияқты болып көрінеді, нақтың.

Қаззақтар ойлайтындай, зымыранды ойлап тапқан немесе жасаған халықтар әулие Петрден бата алып, бірден данышпан болып тумаған. Зымыранға да көптеген қателіктер мен күлкіден бұтқа жіберіп қоятын әрекеттер арқылы келген. Бір мысал.
Мысалы Сізге:«мейлінше алысқа ататын қару жаса» десе, не істейсіз? Сіздің логикаңыз былай болар еді: «ох шешесс, онда оқ дәріні көбірек салайын». Яғни, бұрын оғыңыз қырық метрге ұшса, оқ дәріні екі есе көп салсам – 80 метрге барады деп ойлар едіңіз. Ендеше, шамамен осылай ойлаған немістің «Krupp» әскери зауыты жасаған зеңбіректі қарап, тоқ ішегімізді бір тазартып алсақ:
Әрі қарай

Тбаймайттың қатыны...

Төсектен есіней көтерілген Есенқұл ұйқылы-ояу ауын тыр-тыр қаси есікке беттеді. Жаздың соңғы айы болғандықтан ба түн салқындау екен. «Ауылдық жердің бір жаманы дәретхананың сыртта болғаны, бір жақсысы қалаған жеріңе шор еткізе саласың» деп ойлап тұрған Есенқұлдың ойын есіктің сырт ете қалған дыбысы бұзды. Қажетін өтеп тұрған бойда мойнын бұрып есікке қарады.Жел қатты болмаса да айқара ашып кеткен есігі жабылып қалыпты. Шаруасын тындырып болған соң есікті тоқылдатты. Жылы төсекте жатқан әйелі ұйқысынан оянып келем дегенше Есенқұлдың еті құсеттеніп үлгерді.
-Кім бұл?
-Мен Есенқұл?
-???
-Есікті ашып жіберші, қатып қалдым…
-Кімсің? Жеті түнде не істеп жүрсің? Біздің есікті қаққаныңды Есенқұл білсе мені өлтіріп тастар.Болды, қылжақтай бермей үйіңе қайт.
-Тбаймайттың қатыны, есікті аш дейм. Мен Есенқұлмын, сенің байыңмын.
-Ырбаңныңда жөні бар, Есенқұл ұйықтап жатыр.Енді есік қағып мазалар болсаң есікті өзі ашады-деген келіншек сүйретпесін сүйрете басып жатар бөлмеге беттеді. Көрпені ашып енді кіре беріп, қасында байының жоғын аңғарды. Жанұшыра есікке жүгірді.Есікпен қоса көзі жарқ ете қалды.Шапалақпен жағынан тартып жіберіп:
-Тбаймайттың қатыны!-деп тістене сөйлеген байы төсекке беттеп бара жатты.
Әрі қарай

Жұмысты кім істеватыр?

Жұмыс жайына қалған сияқты сезімдер келіп тұр. Егер алда-жалда бастық/СЕО/староста кіріп келіп, «ау жұмысты кім жасап жатыр?» десе, осы суретті көрсете қойыңдар:

Әрине, менікі сияқты Талғат Лама-Доржының дін туралы
Әрі қарай

@kafarik-ке, Қарағандының "роботшыларына" арналады...

Білә, ұзақ теп с кпессіздер деп ойлаймын. Жәй, қайғыкодерлер мен өздерін акселерат деп есептейтін дегенераттардың қалай көті ашылатынын бұдан артық көрсететін көрнекі құрал жоқ. Сонымен.
Әрі қарай

KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас
Әрі қарай