Жүзіп(малтып) үйрену

Адам ананың құрсағында суда жатқанымен суға жүзуді үйреніп тумайды екен. Бала кезім Қарасу деп аталатын жайлауда өтті. Түбі көрінбей қарайып жататындықтан солай атаған халық. Дегенмен бастауын бұлақтан алатын басқа бір өзенде бартын маңайда 1 шақырымдай жерде.Суы қыста да қатпайды(бұлақ қой). Жаздың ыстық күнінің өзінде суы салқын болып тұрады. Шөп шауып келген ағаларым сол өзенге түседі кешкілік.Кейде күннің ыстығына шыдамай күндіз де түсіп алады. Түн ішінде барып түссе де менің не шатағым бар. Қайткенмен де ағаларым мені өздерімен өзенге апаруға құмар. Менің жүзе алмайтынымды қызық көре ме, кезек-кезек суға лақтырады.Мен бір батып-бір шығып әлекпін. Ішке біраз суда кетеді.Қолдарынан сытылып шығып киімдерімді сонда қалдырып үйге қашып келген кездерімде болды.Бірақ әлекедей жалаңдаған 4 ағамнан қашып құтылудың сәті бірде түссе тоғызында түспеуші еді.Қанша лақтырсада, иегімнен ұстап тұрып жүзуді үйретсе де үйрене алмай қойдым. Содан өздігімнен жүзіп үйренуге бел будым. Малды сол өзен жаққа жайып, атымды шідерлеп қойып көлемі өзім шамалас ағашты кеудеме басып, аяғымды шалпылдатып жүріп он күннің жобасында жүзуді үйренгендей болдым. алғашқыда шет жақтарында жүздім. Кейін терең жерлеріне жүзіп барып көрдім. Күндердің күнінде ағаларыммен өзенге тағы келдім. Әшейінде шешінбей қоятын мен, машинадан түсе сала шешініп, суға күмп ете қалдым. Анандай жерден бірақ шығып ағаларымды бір таңқалдырып едім.
Әрі қарай

Матеметиканы оқып үйренудің жаңа технологиясы, тек ол ғана емес...

Талғат бауырымыз әлемге танымал технологияны қазақшалапты. Бұл әдістеменің үйренуге, білуге талпынған жастарға берері көппе деймін. Тек, үйренем деушілерге ғана емес үйретем деушілерге де өте тамаша құрал. Интерактивтік әдістемесі мен бейнеролик
Әрі қарай

Кендірқурайдан жасалған көрпе...

ХХ ғасырдың басында жасалған станокта кендірқурайдан тоқылған көрпені Алтай өлкесінің Михайловское өлкелік мұражайынан орын алған. Бірнеше жыл бұрын ол көрпені мұражайға жақын жердегі ауыл тұрғыны өткізіпті.
Әрі қарай

Қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын



Сайттағы офттоп, флудты азайту мақсатында қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын. Әзірше @Ojdan мен @aues Ғибратты әңгімелер қауымдастығына администраторлар болып тағайындалды. Басқа қауымдастықтарға админ немесе модер болғысы келгендер
Әрі қарай

Бұрынғы министрмен жүздесу

Сіздер байқадыңыздар ма, байқамадыңыздар ма білмеймін...Өзім байқадым, мен инет әлемінен екі-үш күнге жоғалып кеттім. © Abilakim
Жеңіс күнінің мерекесін пайдаланып ауылға тартып кеттім. Әй бір ауылдың таза ауасымен рахаттана дем алып, қол
Әрі қарай