Талғат бауырымыз әлемге танымал технологияны қазақшалапты. Бұл әдістеменің үйренуге, білуге талпынған жастарға берері көппе деймін. Тек, үйренем деушілерге ғана емес үйретем деушілерге де өте тамаша құрал. Интерактивтік әдістемесі мен бейнеролик үйроетушісіне көп болып қолдау керек сияқты. Лекторлық талантпен қоса шешендік ерекшеліктері бар небір керемет мұғалімдердің бар екеніне сенімім мол. Сабақтың ұғымды да нәрлі өтуіне көп қосмшада факторлар керек емеспе? Олай болса, көп болып қолдайық ағайын! Толығырақ мына жерде
Білім саласындағы жаңа технологиялар
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
Иә, қазіргі уақытта интерактивті технолгоияларға көп көңіл бөлініп жатыр. Соңғы 3-4 жылда көпетеген мектептерге интерактивті тақталарды орнатып қойыпты. Биыл мұғалімдердің интерактивті тақтамен жұмыс істеу қабілетін тексеру үшін екі рет комиссия келді. Бір, өкініштісі, кей мұғалімдер: Маған электронды тақтадан бұрынғы өзіміздің қара тақтам артық дейтін көрінеді. Шынымен, жасы үлкен мұғалімге ондай технологияны үйрену қиын. Активборд түгіл, антивирус орнатып, екселде дұрыс жұмыс істеудің өзі үлкен мәселе.
Қысқасы, мұғалімдердің арасына комп. технологияларды игерген жастар қосылса игі.
Қысқасы, мұғалімдердің арасына комп. технологияларды игерген жастар қосылса игі.
-келісе тұра, қара тақтаны аңсайтын мұғалімдердің көбісі керітарпалар шығар деген күдігім бар. Себебі тыңдаушыларына бірнәрсе үйретемін деген мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керекқой. Көрнекті материалдар іздеп(жасап) әлек болудың қажеті бомай қалады емеспе жаңа технологияға құштар болса?
Ізденетін мұғалімдерді көрдім семинарлардан. Жасы 55 тен асқан бір апай мұғалім бізбен google дан пайдалы сілтемелер мен бағдарламалармен бөлісіп отырған. Ондай мұғалімдер өте сирек кездеседі. Құштарлықпен қатар адамның физикалық қабілетін де ескерген жөн шығар. Ондай жасқа келген мұғалімге жаңа технолгоияны меңгеру қиын шығар.
әттең орысша екен, Талғат сияқты азаматтарымыз аман болса әлі ақ осындай роликтерде қазақша сайрай бастар.
IT_PORTAL_OBRAZOVANIE
Қысқасы, мұғалімдердің арасына комп. технологияларды игерген жастар қосылса игі.