Жүзіп(малтып) үйрену

Адам ананың құрсағында суда жатқанымен суға жүзуді үйреніп тумайды екен. Бала кезім Қарасу деп аталатын жайлауда өтті. Түбі көрінбей қарайып жататындықтан солай атаған халық. Дегенмен бастауын бұлақтан алатын басқа бір өзенде бартын маңайда 1 шақырымдай жерде.Суы қыста да қатпайды(бұлақ қой). Жаздың ыстық күнінің өзінде суы салқын болып тұрады. Шөп шауып келген ағаларым сол өзенге түседі кешкілік.Кейде күннің ыстығына шыдамай күндіз де түсіп алады. Түн ішінде барып түссе де менің не шатағым бар. Қайткенмен де ағаларым мені өздерімен өзенге апаруға құмар. Менің жүзе алмайтынымды қызық көре ме, кезек-кезек суға лақтырады.Мен бір батып-бір шығып әлекпін. Ішке біраз суда кетеді.Қолдарынан сытылып шығып киімдерімді сонда қалдырып үйге қашып келген кездерімде болды.Бірақ әлекедей жалаңдаған 4 ағамнан қашып құтылудың сәті бірде түссе тоғызында түспеуші еді.Қанша лақтырсада, иегімнен ұстап тұрып жүзуді үйретсе де үйрене алмай қойдым. Содан өздігімнен жүзіп үйренуге бел будым. Малды сол өзен жаққа жайып, атымды шідерлеп қойып көлемі өзім шамалас ағашты кеудеме басып, аяғымды шалпылдатып жүріп он күннің жобасында жүзуді үйренгендей болдым. алғашқыда шет жақтарында жүздім. Кейін терең жерлеріне жүзіп барып көрдім. Күндердің күнінде ағаларыммен өзенге тағы келдім. Әшейінде шешінбей қоятын мен, машинадан түсе сала шешініп, суға күмп ете қалдым. Анандай жерден бірақ шығып ағаларымды бір таңқалдырып едім.
Бөлісу:

25 пікір

balzaminka
menin sumen mhbtm tusiniksz
Mamandygym sumen bailanysty, Syrdaryanyn jagasnda tuyp oskenmin, 1 kisige demeu, dalel kerek bola kalsa da auyzga alatynm su, kasterleitinim de su. Degenmen, juzuge kelgende korkaktygm ustap kalady. Uiretken kisi kanwama, uirenemin degenim we, ali sol kalpm
meirzhan
Mamandygym sumen bailanysty
Сірә суда шомылу аймағындағы құтқарушысыз.
Пікір түзетілген: 29 шілде 2011, 22:16
AKA
құқарушысыз
… МейірЖан , жөндей салыңызшы енді, ыңғайсыз боп тұрдаЧы
balzaminka
 AKA kaida bolsa meirjan sonda, MeirJan kaida bolsa AKA sonda
AKA
 ...ұялдым
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 19:21
balzaminka
olyaaaaaaaa, uyaltu oimda jok edi, sorryus
AKA
Кешірім сұрамай-ақ қойыңыз , ойнаватрм ғо  бізді кеЧірші Әбіләкім аға
meirzhan
Мына постқа дауыс бергендерді қарасаңшы
meirzhan
Кідааай… Байқап қойдыңыз даЧі
balzaminka
auyl waruawylygyn, sondai-ak halykty auyz sumen kamtamasz etu
boztorgai
қуаңдарияның арғы бетіне жету — біз үшін балалық шақтың суда жүзу нормативі болатын
қазіргі өлшеммен президенттік сынақ деуге тұрады
asaubota
жүзудің теориясын түсініп тұрмын, бірақ, соны іс жүзінде істей алмай-ақ қойдым.
meirzhan
Біз көп екенбіз ғой.
Zilola
мен ванна түгіл душта тұрсам да тұншығып қаламын деп қатты қорқамын.
Аквафобия менде, енді Теңізде қарап жүргенше үйренемін деп жүрмін.
Karakyz
Менде де аквафобия (душтан қорықпаймын енді, бірақ). Бала күнімде өзенге суға кетіп қалғам, содан бері суға түссем паника болам да қалам, бррр. Инструктормен үйрену деген ой бар, құнттамай жүрмін.
meirzhan
Жеке сабақтар қымбаттырақ болатын шығар. Жалпы бассейнге кірудің өзі ірі қалаларда қымбат.
dark_nazgul
Суда жүзу деген велосипед айдау емес екен. Ұмытылып қалады екен.
Gastarbaiter
Мен түсіне алмаймын, ересек адам суға қалай жүзе алмайды? Неге үйренбейд? Ұят қой.
Сонда терең жерге түссеңдер, тырбаң-тырбаң етіп өле қаласыңдар ма? Обидно ғой.
Малекеш мал да, ит екеш ит те жүзу біледі. Түсінбеймін.
Gastarbaiter
Мен кішкентай кезде бір көлге бармақшы болдым балалармен, жүзу білетін үлкен братандар күмп күмп етіп, таза каналдан арғы бетке жүзіп өтіп жатты.
Мен айналы-ы-ып шақырымдап баруға еріндім де, «кішкентай канал ғұә( ені 5 метр), батам дегенше браттар құтқарып үлгереді» деп сүңгіп кетіп, судың астымен жүріп отырдым, шөптерден ұстап, көзімді ашып, су түбін мұқият зерттеп, судың астында біраз уақыт жүруге болатынын білген соң, қолымды еркін оңға солға серпи бастадым, аяғыммен тырбаң тырбаң етіп, дем таусылам дегенше арғы беттен бірақ шықтым.
Содан кейін, емін еркін жүзем, браспен де, баттерфляймен де, артпен де, айналып та, қоянша да, итше де, китше де, астында да, үстінде де.
Gamk
Сырдарияның серілеріне суда жүзу деген түк емес! Ағысы қатты дарияның арғы бетіне фыр етіп барып, фыр етіп қайтуың бір-ақ сәт.
Мен бірінші рет 5-інші сыныпта үйренгем. Алғашқыда деміңді терең жұтып алып, басыңды көтермей бұғып жүзген жақсы. Кейін келе жәймендеп шығарып үйренесің. "Қазақша" жүзу білсең батырфәй-қатырфләйларың құйна. 4 күнде үйрендім.
AKY
Жүзуді ешкім үйреткен жоқ, өзім үйрендім. Суды қатты жақсы көретінмін. Үй-ішімізбен өзенге түсуге барғанда, елден бұрын, жыра-мырасына қарамай суға періп кететінмін. Әкем ұрсатын: «осы қыздың ажалы судан болады-ау» деп.
Суға деген махаббатымды окультизммен түсіндіретін болсақ, жұлдызнамам — Балықтар.
з.ы. Үлкейгесін қорқыныш пайда болды. Жағадан көп алыстай қоймаймын. Иірімі қатты суға түспеймін.
Abilakim
Алладан бұйрық келсе кеседегі суға да тұншығып өлесің. Сен қорықпай түсе бер
AKY
«Сақтансаң, сақтармын» деген бар ғұә. Пірәм, әкем айтты екен деп қорқып жүргенім жоқ
neoman
өзім шамалас ағашты кеудеме басып, аяғымды шалпылдатып жүріп он күннің жобасында жүзуді үйренгендей болдым
Осылай үйрену керек. Ең тиімді тәсіл сияқты.
Інілерімізді қанша суға лақтырсақ та үйрене алмай қойған, ал пенопласт немесе бір тақтайшаны ұстап үйренгендер тез жүзіп кетті. Алғашқыда тақтаймен әбден машықтанасын, сосын біртіндеп оның көмегінсіз