Тбаймайттың қатыны...

Төсектен есіней көтерілген Есенқұл ұйқылы-ояу ауын тыр-тыр қаси есікке беттеді. Жаздың соңғы айы болғандықтан ба түн салқындау екен. «Ауылдық жердің бір жаманы дәретхананың сыртта болғаны, бір жақсысы қалаған жеріңе шор еткізе саласың» деп ойлап тұрған Есенқұлдың ойын есіктің сырт ете қалған дыбысы бұзды. Қажетін өтеп тұрған бойда мойнын бұрып есікке қарады.Жел қатты болмаса да айқара ашып кеткен есігі жабылып қалыпты. Шаруасын тындырып болған соң есікті тоқылдатты. Жылы төсекте жатқан әйелі ұйқысынан оянып келем дегенше Есенқұлдың еті құсеттеніп үлгерді.
-Кім бұл?
-Мен Есенқұл?
-???
-Есікті ашып жіберші, қатып қалдым…
-Кімсің? Жеті түнде не істеп жүрсің? Біздің есікті қаққаныңды Есенқұл білсе мені өлтіріп тастар.Болды, қылжақтай бермей үйіңе қайт.
-Тбаймайттың қатыны, есікті аш дейм. Мен Есенқұлмын, сенің байыңмын.
-Ырбаңныңда жөні бар, Есенқұл ұйықтап жатыр.Енді есік қағып мазалар болсаң есікті өзі ашады-деген келіншек сүйретпесін сүйрете басып жатар бөлмеге беттеді. Көрпені ашып енді кіре беріп, қасында байының жоғын аңғарды. Жанұшыра есікке жүгірді.Есікпен қоса көзі жарқ ете қалды.Шапалақпен жағынан тартып жіберіп:
-Тбаймайттың қатыны!-деп тістене сөйлеген байы төсекке беттеп бара жатты.
Бөлісу:

25 пікір

VKM
Туууй, мынау нешінші ғасырдағы оқиға? Боқтайды,ұрады(((
patick
ХХІ ғасыр да аса өзгеше емес :)
Abilakim
ол беталды ұрмаған ғой.просты тоңып қалған және шапалақпен ғана шарт еткізді
Nurgisa
Иә, ұйқысырамасын, ұйқысын ашсын дешен игі ой да болуы мүмкін, мисалы.
Abilakim
бұның берер тағылымы түнде ояна қалсаңдар жұбайларың қастарыңда жатқан-жатпағанын бір тексеріп қойыңдар деген ой ғой
Gastarbaiter
Сіз қай планетадансыз?))))
Ауыл тұрмақ, қалада да көргенбіз нешетүрлі жұптарды))
VKM
Мен көрмедім, ал сенің көргенің көп екені казнетте белгілі ғой))))
omarbirat
Ауылдағы үйге не қой қаладағы пәтердің іштен ғана ашылатын есігін салып :))
Nurgisa
Бұрынғы өткен ғасырларда да қазақтар продвинутый болған деген дәме бұл :))
Maya
Ауылда есікті ішінен әдейлеп бекітпесең өздігінен бікітіліп қалатын есіктер сирек кездеседі. Қалалық жерде ғана есікті бекітіп отырамыз ғой, ауылда есігін бекітіп отыратын қазақты көрмедім. Есігіңіздің қисыны келіңкіремей тұрған сияқты, ренжімеңіз, бұл өз ойым ғой…
Abilakim
Ауыл деген көп өзгерді. Сіздің айтып отырған ауылыңыз Қазақстанның картасында емес шығар. Баяғыда мысалы ағаш қоршауда жата беретін қойларымыз. Есігін шпагат жіппен байлай сап. Қазір қос қос құлып салынады қорамызға. Оның жанында үйдің есігі деген не тәйірі
Maya
Менің ауылым картада бар. Қазір бірін бірі жеген заман ғой, сондықтан құлып салады, кім өз несібесін ұрыға бергісі келеді. Біз қораға құлып салып көрмеппіз. Тіпті кейде үйдің есігін ағашпен іліп кете беретінді. Итіміз күзетіп отыратын.
Abilakim
қазір өйтпейтін шығарсыздар?
Maya
Қазір қалада тұрамыз.
Abilakim
өздігінен бікітіліп қалатын есіктер сирек кездеседі

Дегенмен сирек те болса кездесетінін өзіңіз мойындап отырсыз
Maya
Мен тұрған ауылда есігі өздігінен бекітілетін үй жоқ.
Abilakim
Сіздің біздің ауылда тұрмағаныңызға ешкім кінәлі емес.Ауылдарда қазір шыны керек дәретханасы ішінде, тіпті бар жағдайы жасалған,қаладағыдан да артық үйлер бар.Жағдайы жететіндер салып алған
Maya
Қазір біздің ауылда да ондай үйлер баршылық.
sammita
Мая жазбай-ақ қойшы, Тікелей эфирде жаман көрінеді екен дә:))
Maya → Тбаймайттың қатыны…
Әбіләкіммен тоқтат)))
Maya
:)) құп болады sammita ханым!
Aikona
Осындайлардан сақтасын ))
Aya
Бұл әңгімені оқи отырып Есенқұлдың семіз, денелі,қарны деген дәәәу, саусақтары быртық-быртық, ырс-ырс етіп талтаңдап жүретін адам бейнесінде елестетіп отырмын. Маған ұнады. Бірақ шартып жіберуі өрескелдеу сияқты. Дәп қазір кейбір-кейбіреуі болмаса, «Есенқұлдар» сүмеңдеп жүреді ғой көбіне әйелдерінің айтқанынан шыға алмай. Бірақ есігі анадай болса, шапалақпен шартып жібергеніне қарағанда маайлы жіліктің басынан ұстаған қызметте істейтін «дию» болса керек. Не дегенмен де көркем әңгіме ғой бірақ та…
dark_nazgul
Майлы жіліктің басы демейді, жіліктің майлы басын дейді)))
Gastarbaiter
Коментіңіз өртейді екен:)))Позитив)